Ата-аналармен жұмыс


Ата-ананың балаға деген қарым-қатынасының



бет12/16
Дата07.02.2022
өлшемі146 Kb.
#93881
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
5 ата-анамен жұмыс

Ата-ананың балаға деген қарым-қатынасының
тест-сауалнамасы. (А.Я. Варга, В.В.Столин)
Ата –аналар қарым-қатынасы жөнiнде тест-сауалнамасы балаларды тәрбиелеу және олармен тiл табысу мәселелерi бойынша психологиялық көмекке жүгiнетiн, ата-аналар қарым-қатынасын анықтауға төселдендiрiлген психодиагностикалық құралы болып табылады.
Ата-аналар қарым-қатынасы балаға қатысты әр түрлi сезiмдердiң жүйесi олармен қарым-қатынасты жүзеге асыратын тәртiп стеориотипi баланың жеке тұлғалық және мiнез-құлқын түйсiну және түсiнiнуiнiң ерекшелiктерi ретiнде ұғынылады

  1. Мен әр кезде баланың iшкi мұң-қайғысына ортақтаспын.

  2. Баламның ойындағысының барлығын бiлу - өзiмнiң борышым деп есептеймiн.

  3. Мен өз баламды сыйлаймын.

  4. Маған баламның тәртiбi /нормалардан/ тиiстi ережелерден бiршама ауытқитын сияқты боп көрiнедi.

  5. Егер де шынайы өмiрлiк мәселелер балаға зақым келтiретiн болса, оны бұлардан көбiрек аулақ ұстау қажет

  6. Мен баланы өзiме жақын тарта алатынымды сеземiн.

  7. Жақсы ата-аналар балаларды өмiр қиындығынан қоршаулап, аулақ ұқстайды.

  8. Менiң балам маған жиi жағымсыз болып көрiнедi.

  9. Мен өз балама көмектесiп отыруға тырысамын.

  10. Баланы қорлайтындай қарым-қатынас оған үлкен пайда әкелетiн де жағдайлар болып тұрады.

  11. Мен балама деген қарым-қатынаста өкiнiш сезiмдерiн бастан кешiремiн.

  12. Менiң балам өмiрде ешбiр жетiстiктерге жетпейдi.

  13. Менiң балам барлық жаман әдеттердi өзiне сiңiрiп алады.

  14. Менiң баламды жақсы әдет қылықтарға үйрету қиын.

  15. Баланы қатаң тәртiпте ұстаған жөн, сонда ғана инабатты адам болып өседi.

  16. Басқа балалар менiң баламды жәбiрлейтiн секiлдi.

  17. Менiң балам тек жек көрушiлiк сезiм тудыратын қылықтарды жиi iстейдi.

  18. Менiң балам өз жасына қарағанда аздап жетiлмеген.

  19. Балам менiң ашуымды тудыру үшiн өз-өзiн әдейi жаман ұстайды.

  20. Мен баламның жолдастарының үйге келiп тұрғанын ұнатамын.

  21. Мен өз баламның өмiрiне қатысып отырамын.

  22. Менiң балама барлық жаман әдет-қылықтар жабысады да жүредi.

  23. Менiң балам өмiрде сәттiлiктерге қолы жетпейдi.

  24. Таныстарымның арасында балалар жөнiнде әңгiме қозғалса, мен баламның сондай ақылды және бейiмдi еместiгiне аздап ұяламын.

  25. Мен өз баламды аяймын.

  26. Мен баламды өзiмен жасты балалармен салыстырғанда, олар маған ойлы және өз-өздерiн ұстай бiлу жағынан ересектеу көрiнедi.

  27. Мен шынайы ықыласпен барлық бос уақытымды өз баламен өткiземiн.

  28. Мен баламның өсiп, ер жетiп келе жатқандығына өкiнемiн, оның бала кезiндегiсiн аса нәзiктiкпен еске аламын.

  29. Мен балаға дұшпандық көзқараста болатындығымды жиi байқаймын.

  30. Өмiрде мен жете алмаған барлық жетiстiктерге балам жетсе екен деп армандаймын.

  31. Ата-аналар баладан тек өзiне бейiмделуiн талап етпей, өздерi де балаға қарай бейiмделуi қажет.

  32. Мен баламның барлық өтiнiштерiн орындауға тырысамын.

  33. Отбасы шешiмдерiн қабылдар кезде, баланың да ойын есепке алу қажет.

  34. Баламның өмiрi менi қызықтырады.

  35. Баламен керiсiп қалғанда, көп жағдайда оныкi жиi дұрыс болып шығатынын мойындаймын.

  36. Балалар ата-аналарының да қателесетiндiгiн ерте бiледi.

  37. Мен ылғи да баламен есептесемiн.

  38. Мен балаға достық сезiммен қараймын.

  39. Менiң баламның ерке-қыңырлығының негiзгi себебi-менмендiк, қиқарлық және жалқаулық.

  40. Демалыс уақыттарында баламен дұрыстап дем алу мүмкiн емес.

  41. Бастысы, балада бейқам, тыныш балалық шақ болсын, қалғаны /кейiн бола жатады/, қосалқы.

  42. Маған кей кезде менiң баламның еш жақсы iстерге ыңғайы келмейтiн сияқты боп көрiнедi.

  43. Мен баламның құштарын, құмарлықтарын бөлiсемiн.

  44. Менiң балам кез келген адамның ызасын келтiредi.

  45. Мен баламның кейiп, ренжуiн түсiнемiн.

  46. Менiң балам менi жиi шамырқандырады /ашуландырады/

  47. Баланы тәрбиелеу – жүйкеге тиедi /нервотрепка/

  48. Балалық шақтағы қатаң тәртiп қайратты/мықты/ мiнездi дамытады.

  49. Мен өз балама сенiңкiремеймiн.

  50. Балалар қатаң тәрбиеде өскенiне кейiн /сосын/, алғыс айтады.

  51. Мен кей кезде өз баламды жек көретiн сияқтымын.

  52. Менiң баламның артықшылықтарынан гөрi, кемшiлiктерi басым.

  53. Мен өз баламның қызығушылықтарын бөлiсемiн.

  54. Менiң балам бiр нәрсенi өз бетiмен iстей алмайды, ал егер орындаса да ол мiндеттi түрде дұрыс болмай шығады.

  55. Менiң балам өмiрге бейiмделмеген болып өседi.

  56. Менiң балам маған қандай болса да ұнайды.

  57. Мен баламның денсаулығын мұқият қадағалаймын.

  58. Мен өз балама жиiрек таң қалып, мақтан етемiн.

  59. Баламның ата-анасынан жасырған сырлары болмауы керек.

  60. Мен баламның қабiлеттерi жоғары деп санамаймын және оны өзiнен жасырмаймын.

  61. Мүмкiндiгiнше, бала өз ата-аналарына ұнаған балалармен достасуы керек.

КIЛТI:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет