Атадан бес ұл, үш қыз ана туған! Әрбірі орны толар дара тұрған



бет2/5
Дата26.06.2018
өлшемі121,74 Kb.
#44496
түріСабақ
1   2   3   4   5

І топқа «Семантикалық карта» Асты сызылған сөзге берілген кесте бойынша талдау жаса. 


1. Жүйелі сөз жүйесін табар, 
Жүйесіз сөз иесін табар. 
2. Жақсыдан үйрен, 
Жаманнан жирен. 
3. Ақылды ұл білім іздер.

ІІ топқа. Төмендегі сөйлемдерде қарамен жазылған сөздердің қайсысы сын есім мағынасында қолданылғанын тап. 


1. Сыз жерге отырма, сызықты түзу сыз. 2. Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей? Қақпаңды аш, хабарыңды айт, білдір маған. 3. Жалға жүр, жат жерге кет, мал тауып кел. Сонда шал Әзімге арқан, қанжар берді, - Маяның ішіне еніп, сен жат! – деді. 
ІІІ топқа. «Ішке-сыртқа» стратегиясы. 
Берілген сөздерден негізгі, туынды, дара, күрделі сын есімдерді тауып «ішке» бөліміне жаз , қатыссызын «сыртқа» бөліміне жазыңдар. 
Қалың, тұп-тұнық, сары ала, бозаң, әдемі, жіңішке, қоңырқай, малшы, ән, адам, биік-биік, сүйкімді, қонымды, аққу, белбеу, өткір көзді, аққұба, ақылды, әдепті, ақ сақалды, жирен қасқа

Жеке оқушымен жұмыс. 


Тақтада сөйлем талдау. 
1. Сыпайы сырын сақтар, әдепті арын сақтар. 
2. Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар. 
3. Жақсыдан қашпа, жаманға баспа. 
4. Көгілдір аспанда бозторғай ән салады. 
5. Ол домбырада шебер ойнады. 

4-тапсырма. 


Мәтіндер беріп, кімнің шығармасынан алынған үзінді екенін анықтау. Сын есімдерді табу. 

5-тапсырма. 3 топқа да ортақ. 


Тірек сөздерді пайдаланып, бір-біріңнің портреттеріңді жазыңдар. 

6-тапсырма. «Тірек белгілер» оқыта үйрену ойыны. 


1 – топ. Туынды с.е. табу 
2 – топ. Күрделі с.е. табу. 
3 – топ. Негізгі с.е. табу.

Ү. Сабақты қорытындылау. Таблица бойынша қорытындылау.

ҮІ. Үйге тапсырма: 136- жаттығу.

Сабақ тақырыбы

М.Жұмабаев. «Мен кім?», «Қазақ тілі» өлеңдері


19.01.16. 5 Г

Мұғалімі: Сыздықова Жанна

Жалпы мақсаты

Өлеңдегі алаш ұлының сөзбен сомдалған портреті, жыр жолдарындағы метафоралық қолданыстар. Ақынның тіл тағдырының ел тағдырымен біртұтас бірлікте екендігін меңзеуі. Қазақ әдебиетіндегі шығармаларды әлем әдебиетіндегі шығармалармен салыстырады,.шығармашылығына, оның өмірлік ұстанымына, азаматық тұлғасына көңіл аударту;азаматтық тұлғасын ашу

Сабақтың міндеті

Ақынның өмірі мен шығармашылығы. «Мен кім?» лирикасының тақырыбы мен идеясы. Өлеңдегі алаш ұланының сөзбен сомдалған портреті.Ақын поэзиясының тілдік, көркемдік ерекшелігін таныту, өлеңді әдеби-теориялық талдай білуге дағдыландыру. Ақын шығармалары арқылы оқушылардың әдебиетке деген таным - біліктерін шыңдау.Отанға, халыққа деген шексіз сүйіспеншіліктің көрінісімен таныстыру.

Оқыту нәтижесі

Тақырып бойынша ойларын айқын тұжырымдайдыТуған тілге деген құрмет, болашаққа деген сенімі артады. Әдеби-теориялық білімдері кеңейеді, ақын шығармашылығы туралы білімдері артады, өзіндік ой-пікір, тұжырым айтуға дағдыланады. Сыни ойлауы қалыптасады. Отаншылдық сезімі артады. . Адам баласын бауырым деу - жүрек ісі. Адам баласына адам баласының бәрі – дос, жолдас, бауыр.

Қолданылатын әдістер

Салыстыру, пайымдау,бірлесіп жазу,зерделеу, түсіндіру, суреттеу,сұрақ-жауап, сөздікпен жүмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

АКТ-ны қолдану

Блум таксономиясы; СТО; диалог, жеке жұмыс,топпен жұмыс;

Ассоциация әдісі; топтас-тыру;өзара оқыту;ББҮ;Блум өлшемдеріне сай сұрақтар қою,

Өзара бағалау;өзін-өзі бағалау; сұрақ-жауап;зерттеушілік әңгіме; топтық әңгіме;


Жетістік критерийі

1. Екі өлеңді сыни тұрғыдан салыстырмалы анализ жасай алады.

2. Шығарма мазмұнын түсінеді, негізгі идеясын ажыратады, көркемдік ерекшелігін, кейіпкерлер бейнесін талдай алады ,өз ойларын көркем тілмен дәлеледей алуы.

3.Тірек сөздерге сүйеніп,мәтін жаза алса;

4.Оқушылардың кейбірі сюжет желісін сақтап мәтін жазса.




Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс әрекеттер

Ресурстар

Ұйымдастыру

Басы


Үй тапсырмасын сұрау

Ортасы


Жаңа сабақ

Оқылым


Жазылым

Соңы

Топтар бірін бірі бағалайды.


Рефлексия

3минут
Үйге тапсырма




Амандасу, түгендеу, сабаққа назарларын аудару.Сынып 4 топқа бөлініп отырады.

1.Ахмет Байтұрсынов өмірі мен шығармашылығы туралы оқу ,іздену. 2.«Анама хат» өлеңіндегі ұлының анаға деген сағынышын ұғады. «Оқ тиіп, он үшінде ой түсірген жүрегіндегі жара» сырын ақын өмірімен байланыстырады. Ақынның өмірбаянын, еңбектерін, ғылыми зерттеулері -мен шығармашылығын әңгімелеймін. Мағжан Жұмабаев -тың өмірі,шығармашылығы, «Қазақ тілі», «Мен кім?» өлеңдері жайлы сұрақ- жауап әдісі арқылы қысқаша мәлімет беріледі. Қаршадайынан зерек, Шығыс, Батыс әдебиетін еркін игерген Мағжан қазақ поэзиясына балғын шағында-ақ ерекше, аса талантты болмысымен келді. Қазақ ауыз әдебиетінің тұнығына қана отырып, жарқ етіп шыққан Абай поэзиясын өзіне мектеп етті. Мағжан - ұлтын тереңнен сүйген ақын. «Адам,- дейді ол, - шын адам боламын десе, халық ісі, халық пайдасы жолында құрбан бола білсін». Ақынның өзі де осы ізгі мақсаттың құрбаны болды. «Қазақ тілі», «Мен кім?», «Мен жастарға сенемін» сияқты азаматтық лирикаға жататын куатты жырларды мол жазды.




ҚАЗАҚ

Оқушыларға мәтін таратылады. Жеке жұмыс. Өлеңнің мәтінімен танысады. жұппен; топпен өлеңге сыни талдау жүргізеді. Қазақ тілі

Күш кеміді, айбынды ту құлады,

Кеше батыр - бүгін қорқақ, бұғады.

Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде,

Қан суынған, жүрек солғын соғады.



Мен кім?

Арыстанмын,айбатыма кім шыдар? Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар? Көкте - бұлт, жерде - желмін гулеген, Жер еркесі - желдің жөнін кім сұрар?



1.Оқушыларға мәнерлеп оқыту үшін өлең құрылысына қарай талдау жасатамын. Талдау үшін әр оқушыға жеке шумақтар беріледі,оқушылар талдау барысын да өздері бағалайды.

2.Бұдан соң оқушыларға әдеби-теориялық мәлімет беру жұмысы жүргізіледі, метафора туралы баяндап, өлең жолдарына мысал келтіру арқылы ақынның көркем тіліне талдау жасатамын.

Кубизм стратегиясы бойынша талдау

1.Суретте (Қазақ халқының асыл қасиеттерін суреттеп жаз ).

2.Салыстыр

3.Байланыстыр (бүгінгі күнмен байланыстыр).

4.Талда (Өлең құрылысына талдау)

5.Қолдан (өлеңді әрі қарай өз ойынмен жалғастыр ).

6.Дәлелде («ия», «жоқ» деп оған дәлел келтіру)

«Жыр жазамын жүрегімнен...» ұйқасқа өлең құрау немесе ой толғау жазу

INSERT

Бұрын білемін

Жаңа білдім

Білгім келеді










Рефлексия. Ойды толықтыру

Топта жұмыс істеген оңай ма?

Сабақта не қызық болды?

Бірлескен жұмыстан не алдың?

Сабақта не қиын болды?











М.Жұмабаев. «Мен кім?», «Қазақ тілі» өлеңдерін жаттау.

Қосымша мәліметтер

М.Жұмабаевтың зайыбы – Зылиха Жұмабаева.




АКТ

АКТ




Мұғалімнің кіріспе сөзі.

- Біздің ғылыми-конференция сабағына Мағжан ақынның көзін көрген замандастары, қаламдас достары келіп отыр. Конференцияға келген қонақтармен (11-сынып оқушыларымен) таныстырады.

Олар:


  1. М.Жұмабаев бейнесіндегі оқушы.

  2. Жүргізуші.

  3. Әдебиетші, ғалым – М.Әуезов бейнесіндегі оқушы.

  4. М.Горький – орыстың классик жазушысы.

  5. С.Қожанов – қоғам қайраткері.

  6. М.Жұмабаевтың зайыбы – Зылиха Жұмабаева.

  7. Башқұртстанның халық ақыны – Сәйфи Құдаш.

  8. Ж.Шанин атындағы театрдан келген халық әртісі.

ә) Сабақтың өтілуі.

Алдын ала оқушыларға М.Жұмабаевтың өмір жолы мен шығармашылық қызметі, оның замандастары мен қаламдас достары жайлы деректерді жинау секілді тапсырмалар беріледі.



  1. М.Жұмабаев кім, ол қандай ақын?

  2. М.Жұмабаевтың өмірі мен балалық, жастық шағы.

  3. Творчествосының басталуы.

  4. Ақындық жолы.

  5. Қоғамдық қызметі.

Жауаптар:

1. Ақын өзінің кім екенін, ақындық қуатын, қайраткерлік қарымын «Мен кім?» атты өлеңінде аңғартып өтеді.

Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?

Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?

Көкте – бұлт, жерде – желмен гулеген,

Жер еркесі – желдің жөнін кім сұрар?
Мен өлмеймін, менікі де өлмейді,

Надан адам өлім жоғын білмейді.

Өзім – патша, өзім – қазы, өзім – би,

Қандай ессіз не қылдың деп тергейді?

Бұл романтикалық асқақ шумақтардан ақынның өз күшіне, өз талантына өмір тағдырына кәміл сенгенін байқаймыз.

2. Мағжан Бекенұлы Жұмабаев 1893 жылдың 25 маусымында бұрынғы Ақмола губерниясы Ақмола уезіндегі Полуден болысында (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы Мағжан атындағы ауылда) белгілі, текті, ауқатты отба-сында дүниеге келген. Төрт жасында ауыл мұғалімінен сауат ашып, хат таниды, ал 1905 жылы Қызылжардағы медресеге оқуға түседі. Бұл медреседе араб, парсы, түрік тілдерін еркін игеріп, медресені 1910 жылы жақсы үлгеріммен бітіреді.

Бұдан кейін Уфадағы «Ғалия» медресесінде, Омбыдағы мұғалімдер семина-риясында оқиды.

3. Мағжан 1916 жылы Омбының семинариясын ойдағыдай бітіріп, туған өлкесіне оралады. Қазақ даласында «Алаш» партиясын құруға қатысады, Ақмоладағы «Бостандық туы» газетінде редактор болып қызмет атқарады. 1922 жылы Ташкентке келіп, шығармашылық жұмыспен айналысады. Онда «Шолпан», «Сана» журналдарында, «Ақжол» газетінде қызмет атқара жүріп, бірнеше шығар-маларын жарыққа шығарады.

4. 1923-27 жылдары Мағжан Мәскеудегі жоғары әдебиет – көркемөнер институтында оқиды. Осы жылдары ол орыс, батыс Еуропа әдебиетін терең зерт-теп оқиды.

1929 жылы «Алқа» деген жасырын ұйым құрды деген айыптаумен 10 жылға сотталды.

1936 жылы орыс жазушысы М.Горький және Е.Пешкованың араласуымен аз ғана уақытқа бостандық алады, бірақ 1937 жылы қайта қамауға алынып, 1938 жылы ақын ғұмыры мәңгілікке үзіледі.

5. Мағжан өлгенмен, оның жазған еңбектері бізге өшпес мұра боп қалды. Ол – көптеген өлеңдер, поэмалар, әңгімелер мен аудармалар жазған бірегей тұлға.

Біз оның «Мен жастарға сенемін», «Мен кім?», «Анама», «Қазақ тілі», «Түркістан», т.б. өлеңдері мен «Қорқыт», «Ертегі», «Тоқсанның тобы», «Батыр Баян», «Қойлыбайдың қобызы» т.б. поэмаларын білеміз.

Ірі талант иесі өзі жайлы былай деген еді:

(үнтаспадан ақын өлеңі тыңдалады, жарық М.Жұмабаевтың портретіне қарай бағытталады).

Мен өлмеймін, менікі де өлмейді,

Надан адам өлім жоғын білмейді.

Өзім – патша, өзім – қазы, өзім – би,

Қандай ессіз не қылдың деп тергейді?
Өзім – тәңірі, табынамын өзіме,

Сөзім – құран, бағынамын сөзіме!

Бұзушы да, түзеуші де өзіммін,

Енді, ескілік, келдің өлең кезіне! – деп ақын өзі айтқандай Мағжан Жұмабаев біз үшін мәңгі тірі күйінде.



Зылиха апай, енді Мағжан аға туралы өз аузыңыздан бір үзік сыр естісек.

- Мағжан екеуміз 1922 жылы (бұрынғы Қызылжар) Петропавл қаласында үйлендік. Сол жылы Мағжан достарының ақыл-кеңесімен Ташкентке көшіп келдік, 2 жылдай сонда тәп-тәуір тұрдық. 1924 жылы бізді Сұлтанбек Қожанов Мәскеуге шағарып салды. Мағжан онда жоғары әдеби-көркем институтына түсіп оқыды. Күн-түн демей кітапқа үңілумен болатын. 1927 жылы үй-ішімізбен елге оралдық.

Бұдан кейінгі өміріміз қуғын-сүргенде болды. 1929 жылы ұсталып Мәскеудің Бутырка түрмесіне қамалды (көзіне жас алады). Осы жылы 10 жылға кесіліп, Карелияға айдауға жіберілді. Мен Мағжанды іздеп жүріп 1931 жылы Майкоп стансасына таяу Карелия орманына 14 рет келдім. Сол кездесуде Мағжан маған Горькийдің атына хат жазып жіберді. Мың болғыр,орыстың адал перзенттері көп қой. Сол кісінің көмегімен Мағжан 1936 жылы 10 жыл орнына 7 жылға қысқартылып, елге оралды.

1937 жылы С.Сейфуллиннің шақыруымен Алматыға барады, бірақ көп ұзамай қайта тұтқынға алынады. (ауыр күрсінеді).























Өздеріне критеу

Дарынды оқушылау

Түсіндірме сөздс

Кубизм әді



Сабақ тақырыбы

Шешендік сөздер

17.11.15. 5 д

Мұғалімі: Сыздықова Жанна

Жалпы мақсаты

Қазақ ауыз әдебиетінің бір саласы - қазақтың шешендік сөздері және жанрлық түрлері туралы мағлұмат беру.Сөйлей білудің шеберлік екендігін ұғындыру. Шешен сөйлеудің мәнерін игеруге ынталандыру. Ой белсенділігін дамыту, шығармашылық ізденіске бағыттау, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, ой бөлісе отырып, ой – пікір, сөз еркіндігіне баулу;
Жас ұрпақты халықтық педагогикамен, ғасырлар бойы қалыптасқан асыл қазынамен сусындатып, тарихи тұлғаларды үлгі тұта отырып тәрбиелеу.


Сабақтың міндеті

Оқушыларға жаңа тақырыпты меңгерту;
Танымдық, тұлғалық қабілеттерін дамыту;
Жүйелі ойлап, шешен сөйлеуге, ойын жеткізе білуге, тапқырлыққа дағдыландыру.
Елін, жерін сүюге баулу. Отансүйгіштікке тәрбиелеу.



Оқыту нәтижесі

Жаңа сабақ материалын толық меңгереді .Сыни ойлауы қалыптасады. Тірек сөздерге сүйеніп,эссе жаза алады.Оқушылардың кейбірі сюжет желісін сақтап, грамматикалық нормаға сай эссе жазады.Деңгейлік тапсырманы орындай алады.

Қолданылатын әдістер

Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының әдістері (түсіндіру, талдау, дәлелдеу,семантикалық карта, шығармашылық тапсырмалар, эссе); деңгейлік тапсырмалар. баяндау, әңгімелеу, сұрақ - жауап, СТО элементтері


АКТ-ны қолдану

Схема, кеспеқағаз, семантикалық карта,интерактивті тақта, сызба, кеспе қағаз, сөзжұмбақ.

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс әрекеттер

Ресурстар




Амандасу, түгендеу, сабаққа назарларын аудару.Сынып 4 топқа бөлініп отырады. Үй тапсырмасы аңыз әңгімелерді қайталау мақсатында «ББҮ» кестесі толтырылады.

Білемін

Білдім

Білгім келеді











Шешендік дегеніміз – белгілі бір оқиғаға байланысты тапқырлықпен, көркем тілмен айтылған және елге таралған үлгілі ойлар. Дүние жүзіне әйгілі Афина шешені Демосфен, Рим шешені Цицерон, қазақтың тұңғыш шешені аталатын Майқы би, Сырым, Үргеніш, үш жүзді билеген атақты билер Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би аталарымыздан шешендік сөз өнері мол тараған.
Қазақтың шешендік сөздері - би, шешен секілді сөз шеберлерінің дауда, жиында, терең ойға, көркем сөзге байланысты айтқан тапқыр сөздері. Көбіне авторы белгілі болып келеді және ол ежелгі ауыз әдебиетінің соңы мен жазба әдебиетінің бастау болып табылады. Құрылымы шынайы оқиғалар, өмірде болған адамдар, олардың арасындағы қарым - қатынас, әрі көркем образды түрде болып келеді. Қазыбек бидің шешендігі.
Осыдан соң Қазыбектің атағы елге жайылып, өсе келе би болған екен.
- Ал, балалар би болу үшін адамда қандай ерекшелік болуы керек екен? Бала Қазыбектің бойынан қандай қасиет көрдіңдер?
Би - шешен, әділ, елші, батыр, тәрбиеші, ақылды, заңгер.
Тәуке ханның тұсында «Жеті жарғы» деген заң шыққан. Осы заңның жобасын үш би жасаған. Ел ішіндегі дауларды әділ шешіп отырған.
Интерактивті тақтадан кесте көрсетіледі.
Ғасыр Би - шешендер
XII - XIII Майқы би, Аяз би
XIV - XV Асан қайғы, Жиренше шешен
XV - XVIII Шалкиіз, Бұқар жырау
XVIII Төле, Қазыбек, Әйтеке, Шортанбай, Дулат, Мұрат т. б.
XVIII - XIX Байдалы би, Тіленші би, Тарақты тұяқ, Шалқар шешен, Сырым Датұлы, Досбол шешен.
Шешендік сөздердің жанрлық түрлері: шешендік дау, шешендік арнау, шешендік толғау.
«Ассоциация» әдісі
Шешендік сөздер
Қынаптан суырылғандай қылыштай өткір.
Соқырға таяқ ұстатқандай анық.
Көңілге медет болатындай мағыналы.
Тапсырмалар:
Берілген шешендік сөздерді құрамына қарай талда.
Білімді адам ашпай көріп, айтпай сезеді,
Білімсіз надан нені көріп, нені сезеді?
(антоним)
Әйел – үйдегі ырысың,
Ұл – айбарлы қылышың,
Қыз – түздегі өрісің,
Келін – кеңейген тынысың.
(метафора)
«Атаның сөзі – ақылдың кені» атты ойыны
– Ал, балалар, би - шешендеріміздің өнегелі сөздерін жадымызға жаттап, қаншалықты санамызға сақтағанымызды байқау үшін
«Атаның сөзі – ақылдың кені» атты интеллектуалды ойынын жүргізбекпіз.
Ойын талабы – ұяшықтарда берілген би - шешендердің сөздерін жалғастыру.
- Қазақта батырлар көп болған. Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Қаракерей Қабанбай т. б Солардың ішінде Сырым Датұлы деген атақты батыр өте шешен адам болған. Ол кісі жөнінде аңыздар өте көп. Ендеше «Сырым мен Үргеніш шешеннің арасындағы» шешендік сынды тыңдап көрейік.
Үргеніш пен Сырым.
- Ал, осыдан не байқадыңдар? Сырым батыр бізге қандай өсиет айтты екен?
Азаматпен дос бол, жан жарыңмен, білімдімін дос бол деді. Яғни досты таңдай біл, кез - келген адаммен дос болуға болмайды дейді. Ал осы достық туралы қандай мақал - мәтел білесіңдер? Сырым батыр туралы тағы қандай аңыз, шешендік сөздер білесіңдер?
Рауан «Атаға қарап ұл сөйлегеннен без, анаға қарап қыз сөйлегеннен без.
Осы екі мақал төңірегінде сөз таластырып көрейік.
Әйгерім - Айдана.
Екі мақал да орынды жерінде айтылса өзінің дұрыс шешімін табады. Екеуінікі де дұрыс. Пайғамбардан: ең бірінші кімді сыйлау керек?- дегенде, «Анаңды»- деп жауап берген екен. Демек ата - аналарыңды сыйлау, ең әуелі өз - өзіңді, бір - біріңді сыйлауларың керек. Бір үйде нешеусің? Бір біріңе қонақсың - деген. Адам мәңгілік өмір сүрмейді. Осы қысқа өмірде бар адаммен сыйласқанға ештеңе де жетпейді
- Енді тақтаға тегіс назар аударайық.
1. Мынау - ағаштың түбірі. Шешендіктің тамыры тереңде жатыр, Сонымен қандай шешендерді білесіңдер? ( Қазбек, Әйтеке, Майкы би, Төле би, Абай)
Абайдың шешендігін қалай дәлелдер едің? 45 қарасөзі арқылы.
2. Мынау - ағаштың діңі. Шешендіктің діңі мықты болу үшін:
* Адам сөйлемес бұрын тыңдаушысын біліп алу керек.
*Ортаға не үшін шыққаныңды білу керек.
*Сөйлейтін сөзіңнің тақырыбын білуің керек.
3. Шешен болу үшін адамда қандай қасиет болуы керек?
1. тапқыр 2. тәрбиелі 3. өжет 4. ақылды 5. ақын т. б
4. а) Ақылды болу үшін не істеу керек?
Сабақты жақсы оқу.
ә) Қандай адам өжет болады?
Шыншыл
б) Тапқырлық көзі - іздену, әдеби кітаптарды көп оқу, үлкендермен көп әңгімелесу, көп тыңдау.
в) Тәрбиелі болу үшін не қажет? Ата - ана, ұстаздарды сыйлау, тәрбиесін алу. Тек жақсылық жасау, жақсылық ойлау.
г) Ақын болу үшін? Ақын боп адам тууы мүмкін. Мұны тума талант дейді. Бірақ ұйқасын тауып талаптануға болады.
Міне, көз алдымыздағы кішкене қарағаш гүлденіп өсіп, үлкен бәйтерекке айналды. Сендер де осы асыл қасиеттерді бойларыңа сіңірсеңдер, өскенде үлкен азамат, ең бастысы нағыз адам боласыңдар.
- Я құдайым бала берсең дана бер деген екен бір данышпан. Сол сияқты ақылды, дана болып өсіңдер.
Шешендіктің тағы бір тармағы - мақал - мәтелдер.
Менің сұрағыма кім мақалмен жауап береді екен?
1. Сиырдың сүті қай жерінде?(Сиырдың сүті тілінде) Не сипағанды білмейді? ( Сиыр сипағанды білмейді) Қандай бала сүйкімді? (Күлшелі бала сүйкімді)
«Барлық қазына бабалардың даналық сөздерінде, әр халық өздерінің асыл мұраларын бағаламай, әлемдік мәдениетке жете алмайды»- деген екен ғұлама жазушы М. Әуезов. Сөз құдіретінің мәнін түсініп, әдемі де әдепті сөйлеу - бүгінгі күннің талабы. «Өнер алды – қызыл тіл» деп ұққан ата бабамыз «От ауыз, орақ тілді» нелер ділмәр шешендердің өсиет сөздерін, табан астында тақпақтап айтқан ақыл - нақылға толы толғау, термелерін әлденеше ғасырлар бойы жадында сақтап, кейінгі ұрпағына мирас еткен.




кесте

кесте

семантикалық карта












Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет