Келдібекұлы Қазыбек би – Орта жүздің Арғын тайпасынан Қаракесек руынан шыққан.
Қазақтың Тәуке,Болат,Сәмеке,Әбілмәмбет,Абылай хандары тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан мемлекет және қоғам қайраткері.Әз Тәуке хан құрған «Билер кеңесінің «мүшесі,атақты шешен,Орта жүздің төбе биі, «Жеті жарғы»деп аталатын заңдар кодексін шығарушылардың бірі.
Бұқар жырау – қазақтың ұлы жырауы,ХVІІІ ғасырда жоңғар басқыншыларына қарсы қазақтың азаттық соғысын бастаушысы әрі ұйымдастырушысы Абылай ханның ақылшысы.Заманындағы сыншылар оны «көмекей әулие»деген.Сөйлегенде көмекейі бүлкілдеп,аузынан тек өлең сөз төгіледі екен.Әкесі –аты аңызға айналған Қалқаман батыр.Жырау қазақ халқының жоңғар басқыншылығы тұсында ,елдің болашағы қыл үстінде тұрған кезде өмір сүріп,сол алмағайып замандағы күрделі мәселелерге өз жырларымен жауап бере білді.Осындай ауыр сәттерде Абылай ханға дұрыс кеңес беріп,ел-жұртты басқыншы жауға қарсы күресте біріктіруге,бір тудың астына топтастыруға күш салды.Өзінің саяси-әлеуметтік мәнді жыр-толғауларымен сол жалынды күрестің
жыршысына айналды.Осы мақсатта ол Абылай ханды бірден-бір қажетті басшы санап,оған халық бірлігін сақтап қалатын көсем тұрғысында үлкен сенім артты.
2.Қазыбек би мен Бұқар жыраудың шешендік сөзін мәнерлеп оқу.
3.Жоспар құрғызу.
1.Қазыбек бидің Бұқар жырауға келуі
2.Бұқар жыраудың жұмбағы
3.Қазыбектің сандар сырын шешуі
Миға шабуыл.Ал,балалар,қалай ойлайсыңдар?Жырау неге 1-ден 10-ға дейінгі сандарды
жұмбақ қылып айтқан? (Оқушылардың жауаптары тыңдалады.)
3.Сандар туралы түсінік беру.
Сандар белгілі бір ұғымды,заттың бастауын білдіреді.Сандар қасиетті,киелі деп саналады.Тіпті ежелгі Қытай жерінде сандар философиясы деген ағым болыпты.(1167-1230)Сандар мен заттар өзара жұптасып,бүтін бірлік құрайды екен.Ал грек оқымыстылары сандар табиғат құбылыстарының алғашқы негізін көрсетеді деген.Қоғамдық өзгерістерді сол арқылы түсіндіруге тырысқан.
1-аспан,2-жер,3-адам деген.Сондықтан асқан ойшыл әрі математик Пифагор «Сандар әлемді билейді»деген.Ал шығыстың ақыны Омар Хайям «Билейді бар әлемді төрт пен жеті,Сиқырлы қасиет бар бұл санда екі»деп жырлапты.
1-бүтіндік,даралық,жалқылық 3- нәседен сақтану,әділетсіз басшы
2 – жұптасу,бірін-бірі толықтыру 4- дүниенің төрт бұрышы
Ендеше,оқушылар,біздің қазақ халқы да сандарды киелі деп санаған.Тіпті сандарға байланысты мақал-мәтелдер,нақыл сөздер де бар екен.
ІV.Шығармашылық жұмыс.
1-топ. 1. 1,2,3,4 сандарының шешуін түсіндіріңдер.
2.Осы сандарға қатысты қандай мақал -мәтелдер,нақыл сөздер ырымдарды бар?
3. Бір санға дыбыстық талдау жасаңдар.
4. Жеті санының қасиеті туралы ойтолғау жазыңдар.
2-топ. 1. 5,6,7 сандарының шешуін түсіндіріңдер.
2. Осы сандарға қатысты қандай әдет- ғұрып,ырымдар,мақал-мәтелдер,
қанатты сөздер бар?
3. «Би»сөзіне бес жол өлең құрастырыңдар.
4.Бірлік туралы ой толғаңдар.
3 –топ. 1. 8,9,10 сандарының шешуін түсіндіріңдер.
2.Осы сандарға қатысты қандай мақал-мәтелдер,ырымдар,тыйым
сөздер бар?
3.Бір киелі санға бейнесөз не сөзжұмбақ құрастырыңдар.
4.Би сөзінің омониміне мысалдар келтіріңдер.
V.Бекіту. Қазыбек би кім? Бұқар жырау туралы не білесіздер?Жырау неге сандарды
жұмбақтап айтты?Киелі сандар туралы не білеміз?Шешендік сөздің идеясы не?
«БҮҮ»стратегиясы бойынша берілген парақшаларға жауаптарын жазады.
VІ.Үйге тапсырма.Шешендік сөзді жаттау.
Киелі сандар туралы эссе жазу.
VІІ.Оқушы білімін бағалау. (Қызыл,көк,сары түсті қағаздармен бағалау.)
Сабақтың тақырыбы: Қазыбек би мен Бұқар жырау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды Қазыбек би мен Бұқар жыраудың шешендік сөздері туралы түсінік беру, оқушылардың білім көзқарасын жинақтап қорыту.
Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу, ұлттық сананы қалыптастыру.
Дамытушылық: мәтінмен жұмыс істей отырып, баланың ойына қозғау салу, өз бетінше салыстыру, қорытынды жасай білуге үйрету.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.
Сабақтың көрнекілігі: « Шешендік сөздер» кітабы
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Байдалы бидің көңіл айтуы туралы мазмұндау.
ІІІ. Білім тексеру: Сұрақ жауап
1.Қаз дауысты Қазыбек би дегеніміз кім?
2.Қазыбек би қай ханның тұсында өмір сүрді?
3.Қаз дауысты Қазыбек би деп аталуының себебі неде?
4.«Ұят пен ар қымбат» тақырыбында ойтолғау жазу.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
Жаңа тақырыпты түсіндіру:
«Қазбек пен Бұқар» мәтінінің мазмұнымен таныстыру.
Сонымен Қазыбек би қалай жауап берген екен?
Бір дегеніміз – бірлігі кеткен ел жаман
Екі дененіміз – егесіп өткен ер жаман.
Үш дегеніміз — үш бұтақты шедірден шошынған ат жаман.
Төрт дегеніміз – төскейге шыға алмаған кәрілік жаман.
Бес дегеніміз – белсеніп шапқан жау жаман.
Алты дегеніміз – аймағын билете алмаған адам жаман.
Жеті дегеніміз – жетем деген мақсатына жете алмаған жаман.
Сегіз дегшеніміз – серкесіз бастаған қой жаман.
Тоғыз дегеніміз – тойғаның.
Он дегеніміз – өткеніңіз, о дүниеге жеткеніңіз.
Қарт жырау бас бидің жауабына риза болыпты.
2.Сөздік жұмысын жүргізу.
Үш бұтақты шедір – аттың алдыңғы екі аяғымен артқы бір аяғын қосып салынатын тұсау. Шедір үш аяққа бірдей салынады.
Төскей – таудың қия беткейі, биіктеу баурайы.
3.«Бірлігі кеткен ел жаман» мәтінінің мазмұнымен оқушылардың өздері танысып шығады.
VІ. Түсінік тексеру: Сұрақ жауап
Бұқар жырау «бірден онға дейін санның мағынасын» Қазыбектен неге сұрады? Оның мағынасы қалай екен?
Ішіне :
«Қазбек пен Бұқар жырау»
|
Сыртына:
«Бірлігі кеткен ел жаман»
|
Төрт дегеніміз –төскеәге шыға алмаған кәрілік жаман.
|
Төрт дегеніміз- төсектен безген жас жаман.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қазыбек би шешен тілімен қалай жауап берді?
Мәтінмен жұмыс.
«Ішіне – сыртына» әдісін пайдаланып, екі мәтінді салыстырыңдар.
VІІІ.Сабақты қорыту:
1.Бағалау
2.Үй тапсырмасын беру.
Қазыбек би мен Бұқар жыраудың шешендік сөздері туралы түсінік.
Сабақ тақырыбы
|
М.Жұмабаев. «Қысқы жолда», «Балалық шақ» өлеңдері
|
19.01.16. 5 Г
|
Мұғалімі: Абылаева Лаура
|
Жалпы мақсаты
|
Өлең жолдарын талдай отырып, өлеңнің мазмұнын ,идеясын ашу.
Өлеңнің көркемдік қуатын оқушы санасына жеткізу.
|
Сабақтың міндеті
|
Табғат лирикасының , балалық шақтың тақырыбы мен идеясын тереңдей меңгеруіп, басқа өлеңдермен салыстырады. Өлеңдегі әдеби-теориялық талдай білуге дағдыландыру. Ақын шығармалары арқылы оқушылардың әдебиетке деген таным - біліктерін шыңдау.
|
Оқыту нәтижесі
|
Тақырып бойынша ойларын айқын тұжырымдайды.Табиғатты аялауға, балалық шақтың қадірін білуге дағдыланады. Әдеби-теориялық білімдері кеңейеді, ақын шығармашылығы туралы білімдері артады, өзіндік ой-пікір, тұжырым айтуға дағдыланады. Сыни ойлауы қалыптасады.
|
Қолданылатын әдістер
|
Салыстыру, пайымдау,бірлесіп жазу,зерделеу, түсіндіру, суреттеу,сұрақ-жауап, сөздікпен жүмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
|
АКТ-ны қолдану
|
Электрондық оқулық, бейнекөріністі тамашалау. Жеке жұмыс, топпен жұмыс;
Ассоциация әдісі; топтастыру; өзара оқыту;
|
Жетістік критерийі
|
1. Екі өлеңді сыни тұрғыдан салыстырмалы анализ жасай алады.
2. Шығарма мазмұнын түсінеді, негізгі идеясын ажыратады, көркемдік ерекшелігін, кейіпкерлер бейнесін талдай алады ,өз ойларын көркем тілмен дәлеледей алуы.
3.Тірек сөздерге сүйеніп,мәтін жаза алса;
|
Сабақ кезеңдері
|
Жоспарланған іс әрекеттер
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру
Басы
Үй тапсырмасын сұрау
Жаңа сабақ
Оқылым
Жазылым
Ортасы
Соңы
Рефлексия
3минут
Үйге тапсырма
|
Амандасу, түгендеу, сабаққа назарларын аудару.Сынып 3 топқа бөлініп отырады.
1.Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы . 2. «Сағыныш» өлеңіне диафильм қорғау.
3. Эссе жазу.
Тізбектелген сұрақтар
1.М. Жұмабаев кім?
2.Ақын қай жылы,қай жерде дүниеге келген?
3.Мағжан неше жасында сауат ашты?
4.Қандай тілдерді меңгерген?
Мағжан туралы бейнекөріністі тамшалау.
Ой қозғау
Жыл мезгілдерінен қай мезгіл ұнайды?
Қыс мезгілі туралы қандай шығармалар бар?
Электрондық оқулықтан «Қысқы жолда» өлеңі оқылады.
І топ
Абайдың «Қыс» өлеңіндегі кейіптеу сөздер
|
Мағжанның «Қысқы жолда» өлеңіндегі кейіптеу сөздер
|
|
|
|
АКТ
АКТ
|
ІІ топ
«Қысқы жолда»өлеңін сурет арқылы постер қорғайды.
ІІІ топ
Перамида әдісі бойынша өлең жолдарын талдау.
Сөздікпен жұмыс
Сорап-ескі жолдың сүрлеуі
Құлағын қайшыландырып-ерсілі қарсылы қозғалу
Борт- борт желеді-аттың жайсыз желуі
Қаракөк –аттың аты
Аңдай- аң сияқты,аңға ұқсап
Құр-бекер, бос, жай, әншейін
Сергіту сәті
Қысы жазы өзгермес,
Көрсең де күні- түнімен.
Қанш аяз болса да, Айырылмайды гүлінен. (Шырша)
Ақ қойым тұрып кетті,
Қара қойым жатып қалды. (Қар мен жер )
Аяз қысып,өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Сырғанап жастар ойнайды. (Қыс мезгілі)
Балалық шаққа саяхат жасау.
« Балалық шақ» өлеңін мәнерлеп оқу..
Ітоп
«Менің балалық шағым» тақырыбында эссе жазу.
ІІ топ
«Балалық шақ» өлеңін оқи отырып, өлең шығару.
ІІІ топ
Адам бойындағы мейірімділік, өжеттік, жақсылық пен жамандық туралы мақал - мәтел жазу.
Таным ағашына оқушылар сабақтан алған әсерін жазып, ағашқа іледі.
Үйге тапсырма: «Қысқы жолда», «Балалық шақ» өлеңін жатқа айту. Өлең құрылысына талдау.
.
|
|
|
|
|
|
|
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
- Біздің ғылыми-конференция сабағына Мағжан ақынның көзін көрген замандастары, қаламдас достары келіп отыр. Конференцияға келген қонақтармен (11-сынып оқушыларымен) таныстырады.
Олар:
М.Жұмабаев бейнесіндегі оқушы.
Жүргізуші.
Әдебиетші, ғалым – М.Әуезов бейнесіндегі оқушы.
М.Горький – орыстың классик жазушысы.
С.Қожанов – қоғам қайраткері.
М.Жұмабаевтың зайыбы – Зылиха Жұмабаева.
Башқұртстанның халық ақыны – Сәйфи Құдаш.
Ж.Шанин атындағы театрдан келген халық әртісі.
ә) Сабақтың өтілуі.
Алдын ала оқушыларға М.Жұмабаевтың өмір жолы мен шығармашылық қызметі, оның замандастары мен қаламдас достары жайлы деректерді жинау секілді тапсырмалар беріледі.
М.Жұмабаев кім, ол қандай ақын?
М.Жұмабаевтың өмірі мен балалық, жастық шағы.
Творчествосының басталуы.
Ақындық жолы.
Қоғамдық қызметі.
Жауаптар:
1. Ақын өзінің кім екенін, ақындық қуатын, қайраткерлік қарымын «Мен кім?» атты өлеңінде аңғартып өтеді.
Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?
Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?
Көкте – бұлт, жерде – желмен гулеген,
Жер еркесі – желдің жөнін кім сұрар?
Мен өлмеймін, менікі де өлмейді,
Надан адам өлім жоғын білмейді.
Өзім – патша, өзім – қазы, өзім – би,
Қандай ессіз не қылдың деп тергейді?
Бұл романтикалық асқақ шумақтардан ақынның өз күшіне, өз талантына өмір тағдырына кәміл сенгенін байқаймыз.
2. Мағжан Бекенұлы Жұмабаев 1893 жылдың 25 маусымында бұрынғы Ақмола губерниясы Ақмола уезіндегі Полуден болысында (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы Мағжан атындағы ауылда) белгілі, текті, ауқатты отба-сында дүниеге келген. Төрт жасында ауыл мұғалімінен сауат ашып, хат таниды, ал 1905 жылы Қызылжардағы медресеге оқуға түседі. Бұл медреседе араб, парсы, түрік тілдерін еркін игеріп, медресені 1910 жылы жақсы үлгеріммен бітіреді.
Бұдан кейін Уфадағы «Ғалия» медресесінде, Омбыдағы мұғалімдер семина-риясында оқиды.
3. Мағжан 1916 жылы Омбының семинариясын ойдағыдай бітіріп, туған өлкесіне оралады. Қазақ даласында «Алаш» партиясын құруға қатысады, Ақмоладағы «Бостандық туы» газетінде редактор болып қызмет атқарады. 1922 жылы Ташкентке келіп, шығармашылық жұмыспен айналысады. Онда «Шолпан», «Сана» журналдарында, «Ақжол» газетінде қызмет атқара жүріп, бірнеше шығар-маларын жарыққа шығарады.
4. 1923-27 жылдары Мағжан Мәскеудегі жоғары әдебиет – көркемөнер институтында оқиды. Осы жылдары ол орыс, батыс Еуропа әдебиетін терең зерт-теп оқиды.
1929 жылы «Алқа» деген жасырын ұйым құрды деген айыптаумен 10 жылға сотталды.
1936 жылы орыс жазушысы М.Горький және Е.Пешкованың араласуымен аз ғана уақытқа бостандық алады, бірақ 1937 жылы қайта қамауға алынып, 1938 жылы ақын ғұмыры мәңгілікке үзіледі.
5. Мағжан өлгенмен, оның жазған еңбектері бізге өшпес мұра боп қалды. Ол – көптеген өлеңдер, поэмалар, әңгімелер мен аудармалар жазған бірегей тұлға.
Біз оның «Мен жастарға сенемін», «Мен кім?», «Анама», «Қазақ тілі», «Түркістан», т.б. өлеңдері мен «Қорқыт», «Ертегі», «Тоқсанның тобы», «Батыр Баян», «Қойлыбайдың қобызы» т.б. поэмаларын білеміз.
Ірі талант иесі өзі жайлы былай деген еді:
(үнтаспадан ақын өлеңі тыңдалады, жарық М.Жұмабаевтың портретіне қарай бағытталады).
Мен өлмеймін, менікі де өлмейді,
Надан адам өлім жоғын білмейді.
Өзім – патша, өзім – қазы, өзім – би,
Қандай ессіз не қылдың деп тергейді?
Өзім – тәңірі, табынамын өзіме,
Сөзім – құран, бағынамын сөзіме!
Бұзушы да, түзеуші де өзіммін,
Енді, ескілік, келдің өлең кезіне! – деп ақын өзі айтқандай Мағжан Жұмабаев біз үшін мәңгі тірі күйінде.
Зылиха апай, енді Мағжан аға туралы өз аузыңыздан бір үзік сыр естісек.
- Мағжан екеуміз 1922 жылы (бұрынғы Қызылжар) Петропавл қаласында үйлендік. Сол жылы Мағжан достарының ақыл-кеңесімен Ташкентке көшіп келдік, 2 жылдай сонда тәп-тәуір тұрдық. 1924 жылы бізді Сұлтанбек Қожанов Мәскеуге шағарып салды. Мағжан онда жоғары әдеби-көркем институтына түсіп оқыды. Күн-түн демей кітапқа үңілумен болатын. 1927 жылы үй-ішімізбен елге оралдық.
Бұдан кейінгі өміріміз қуғын-сүргенде болды. 1929 жылы ұсталып Мәскеудің Бутырка түрмесіне қамалды (көзіне жас алады). Осы жылы 10 жылға кесіліп, Карелияға айдауға жіберілді. Мен Мағжанды іздеп жүріп 1931 жылы Майкоп стансасына таяу Карелия орманына 14 рет келдім. Сол кездесуде Мағжан маған Горькийдің атына хат жазып жіберді. Мың болғыр,орыстың адал перзенттері көп қой. Сол кісінің көмегімен Мағжан 1936 жылы 10 жыл орнына 7 жылға қысқартылып, елге оралды.
1937 жылы С.Сейфуллиннің шақыруымен Алматыға барады, бірақ көп ұзамай қайта тұтқынға алынады. (ауыр күрсінеді).
|
|
|
|
|
|
|
|
Өздеріне критеу
|
Дарынды оқушылау
|
Түсіндірме сөздс
|
Кубизм әді
|
Достарыңызбен бөлісу: |