Сабақ тақырыбы
|
Шешендік сөздер
|
17.11.15. 5 д
|
Мұғалімі: Сыздықова Жанна
|
Жалпы мақсаты
|
Қазақ ауыз әдебиетінің бір саласы - қазақтың шешендік сөздері және жанрлық түрлері туралы мағлұмат беру.Сөйлей білудің шеберлік екендігін ұғындыру. Шешен сөйлеудің мәнерін игеруге ынталандыру. Ой белсенділігін дамыту, шығармашылық ізденіске бағыттау, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, ой бөлісе отырып, ой – пікір, сөз еркіндігіне баулу;
Жас ұрпақты халықтық педагогикамен, ғасырлар бойы қалыптасқан асыл қазынамен сусындатып, тарихи тұлғаларды үлгі тұта отырып тәрбиелеу.
|
Сабақтың міндеті
|
Оқушыларға жаңа тақырыпты меңгерту;
Танымдық, тұлғалық қабілеттерін дамыту;
Жүйелі ойлап, шешен сөйлеуге, ойын жеткізе білуге, тапқырлыққа дағдыландыру.
Елін, жерін сүюге баулу. Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
|
Оқыту нәтижесі
|
Жаңа сабақ материалын толық меңгереді .Сыни ойлауы қалыптасады. Тірек сөздерге сүйеніп,эссе жаза алады.Оқушылардың кейбірі сюжет желісін сақтап, грамматикалық нормаға сай эссе жазады.Деңгейлік тапсырманы орындай алады.
|
Қолданылатын әдістер
|
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының әдістері (түсіндіру, талдау, дәлелдеу,семантикалық карта, шығармашылық тапсырмалар, эссе); деңгейлік тапсырмалар. баяндау, әңгімелеу, сұрақ - жауап, СТО элементтері
|
АКТ-ны қолдану
|
Схема, кеспеқағаз, семантикалық карта,интерактивті тақта, сызба, кеспе қағаз, сөзжұмбақ.
|
Сабақ кезеңдері
|
Жоспарланған іс әрекеттер
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру
Басы
Үй тапсырмасы
Ортасы
Жаңа сабақ
Қорытынды
Соңы
Рефлексия
Бағалау
Үйге тапсырма
|
Амандасу, түгендеу, сабаққа назарларын аудару.Сынып 4 топқа бөлініп отырады.
Оқушылар білім кемесіне мініп, сөзстанға шешендер еліне саяхат жасайық.
Алдымызда көрінген аралға тоқталайық.
– Бұл қай арал?
– Сұрау аралы..
1. Жиреншенің ерекше үш қасиетін ата.
2. Аңыз әңгімелерінің үш белгісін ата.
3. Қарашаштың ақылдылығын немен дәлелдейсің?
Ал енді кемеге қайта отырып су ішіндегі кедергілерден өтейік.
1 – кедергі.
Тест
1. Қаңбақ қайда барады?
А) Сайға В) Тауға С) Далаға Д) Қалаға
2. Шаңғытып келе жатқан Жиренше немен келеді?
А) ешек пен ит
В) ит пен ешкі
С) ат пен ешек
Д) Сиыр мен ешек
3. Жиренше сиырларды қайда суарды?
А) Сорқұдық В) Ащы құдық С) Тұщы құдық Д) Терең құдық
4. Жиренше кедейдің қасына неге қонды?
А) Жолға жақын болған соң
В) Қызы бар үй болған соң
С) Жолда келген кісіден бөлек болу үшін
Д) Өз үйі тәрізді болған соң
2 – кедергі.
Салыстырмалы тест
1. Аңыздың тарихқа қатысы бар ма жоқ па?
Ия Жоқ
2. Ертегі өлең түрінде жазыла ма?
Ия Жоқ
3. Кендебай «алтын құйрықты» ханға берді ме?
Ия Жоқ
4. Қаратаудың ойы мен Қарасудың бойында Қазанғаптың әйелі қыз босанды ма?
Ия Жоқ
5. Жаманның алғаны Зәрліханның қызы ма?
Ия Жоқ
– Ал, балалар, алдымыздағы қай арал?
– Білім аралы.
Шешендік сөздер не?
Елге белгілі адамдардың қайсыбір оқиғаға байланысты айтқан сөзі.
Кімдер айтады?
Шешендер, билер айтады.
Не үшін айтады?
Ел намысын, бірлігін қорғау үшін.
Не жайлы айтады?
Өсиет – нақылы, арман – тілегі, ақыл – ойы мен тіл байлығы айтылады.
Қызметі не?
Екі жақты дауға төрелік айту, бірлікке, татулыққа, үлкен-кішіні сыйлауға шақырады.
Нені үйретеді?
Ой-сананы оятып, жақсы мінезге, зерек болуға, ұтқыр да ойлы сөйлеуге баулиды.
Бекіту:
– Балалар, алдымыздағы биік шыңдар қай аралда екен, кәнеки жақындап көрейік...
– Ия, Зерттеу аралы екен,
ал шыңдар:
1. Асан қайғы
2. Бөлтірік шешен
3. Тоқсаба шешен
4. Қазыбек би
5. Төле би
6. Сырым батыр
7. Абай аталарымыз екен...
Солармен тілдесіп келген құрбыларыңды тыңдайық...
– Ал, балалар, әңгімемен отырып тағы бір аралға кез болдық.
Бұл – Сараптау аралы.
– Шешен мен сөзшеңнің айырмасы неде?
«Қарама-қарсы элементтер» стратегиясы.
Шешен
Сөзшең
Жүйелі
Аз, мағыналы
Тапқыр
Бірлікке шақырады
Өсиет
Жүйесіз
Көп-көпірме
Бәдік
Берекесін алады
өсек
«Іздестіру аралы»
Мақалдың жоғалған сөзін тап
1. Сөз өтер, таяқ өтер.
2. Аңдамай ауырмай өледі.
3. Көп сөз , аз сөз .
4. – жарым ырыс.
«Шешен сөз» аралына шешен сөйлеушілерді ғана жібереді.. Ендеше, шешендердің өсиеттеріне сүйеніп толғау жазайық.
Не жақын?
Оқушыға кітап жақын,
Қасапшыға жақын.
Ойыншыға доп жақын,
Мергенге жақын.
Бағбанға бақша жақын,
Саудагерге жақын.
Арбакешке қамыт жақын,
Батырға жақын.
Асабаға той жақын,
Қойшыға жақын.
Тігіншіге бөз жақын,
Шешенге жақын.
Кім жетім?
Халқы болмаса әкім жетім,
Ұстазы болмаса жетім.
Базары болмаса сатушы жетім,
Кітабы болмаса жетім.
Жауабы болмаса сұрақ жетім,
Бәдік сөз тыңдаса жетім.
Иманы болмаса намаз жетім,
Қадірсіз сызылған жетім.
Ал, ендіОзып шыққан оқушыларды Ойшылдар аралына шақырамыз.
1. Ханды ақылмен жеңген кім? Ж И Р Е Н Ш Е
2. Шешеннің өнегелі сөзін ата. Ө С И Е Т
3. Жиреншені босандырған кім? Қ А Р А Ш А Ш
4. Асан қайғының шын аты кім? Х А С Е Н
5. Жиреншені сынаған хан кім? Ж Ә Н І Б Е К
- Балалар біз бүгін қандай тақырып өттік?
- Біз бүгін сабақта қандай жұмыстар жасадық?
- Сабақтың қай кезеңі сіздерге ұнады?
-Алақанымыздың жылуы арқылы бір-бірімізге жылы сөз айтайық.
-Оқушыларды берген жауаптарына қарай, сабақта белсенділік танытқанына қарай бағалау
1. Үш бидің сөзін жаттау;
2. Ізденіп, шешен сөз үлгісін оқып келу.
|
кесте
Тірек сызба
кесте
семантикалық карта
|
|
|
|
I Сабақтың тақырыбы: Қазыбек би мен Бұқар жырау.
II Сабақтың мақсаты:
Білімділік – шешендік сөздерді тереңірек түсіндіре түсу, Қазыбек би мен Бұқар жырау туралы білімдерін кеңейту.
Тәрбиелік – ой - саналарын оятып, жақсы мінезге, байқағыштыққа, сергек те зерек болуға үйрету.
Дамытушылық – сөйлеу тілдерін байытып, ұтқыр да ойлы сөйлеуге баулу.
III Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгеру сабағы.
IY Сабақтың әдіс - тәсілдері: СТО стратегиялары.
Y Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі.
Қызығушылықты ояту бөлімі.
«Иә», «Жоқ» стратегиясы
1. Шешендік сөздер қазақ ауыз әдебиеті саласына жата ма?
2. Шешендік сөздердің елге белгілі адамдарға қатысы бар ма?
3. Шешендер мен билердің сөздері жазылып сақталған ба?
4. Шешендік сөздер тек дауларға байланысты ғана туған ба?
5. Шешендік сөзде халықтың тіл байлығы байқала ма?
6. Айтушылары ұмыт болған шешендік сөздер кездесе ме?
7. Шешендік сөздерді аталы сөз деуге бола ма?
Мағынаны тану бөлімі.
Қаз дауысты Қазыбек Келдібекұлы (1667, Сыр бойы – 1764, қазіргі Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Теректі бұлағындағы қыстау, бұрынғы деректерде 1665 - 1765) – қазақ халқының XYII - XYIII ғасырлардағы үш ұлы биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болған. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің бас биі еткен. Би Тәуке хан, кейін Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай ел билеген кезеңдерде де мемлекет басқару ісіне жиі араласып, ішкі - сыртқы саясатта хандарға ақыл - кеңестер беріп отырған. Хандықтың бірлігін сақтау мақсатында Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңдар жинағын жасауға атсалысқан.
Бұқар жырау Қалқаманұлы (1693, бұрынғы Баянауыл, Далба тауы бойында – 1787, сонда) - әйгілі жырау. Абылай ханның ақылшы - биі, абыз. Жұрт оны «Көмекей әулие» деп атаған. Сөйлегенде үнемі қара сөзбен емес, көмекейі бүлкілдеп, түйдек - түйдек жырмен сөйлейтін болған. Көбіне Абылай ханның «сәуе айтшы» деген өтініш, тілегімен түсін болжап, онысы дәлме - дәл келіп отырған. Әкесі Қалқаман батыр болған. Бұқар жыраудың өзінен Ақдербіс, Жарылғап, Жанта есімді үш ұл тараған. Ол өзінің ұзақ ғұмырында талай - талай тарихи оқиғаларды басынан өткізген. «Ақтабан шұбырынды» заманында тәуелсіздік пен ел бірлігін сақтауда айрықша күш жұмсаған. Ол Абылай ханға үлкен үміт артып, оның ел басқарудағы саясаты мен жорықтарын қолдаған.
Сөздікпен жұмыс.
Жырау - өз жанынан жыр шығарып айтатын және эпикалық дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі. Сәуегейшілік, батагөйшілдік, түс көру, ырым айту, табиғат құбылыстарына болжамдар жасау (абыздың бір міндеттерін атқару) – көне дәуір жырауларына тән қасиет.
Абыз – ғұлама, әулие, көріпкел адам. Тайпа, ұлыс өміріне, ел басқару ісіне, жорық жасау мәселесіне араласып отырған саяси тұлға. Жортуыл сәуегейі болған.
• «Қазыбек би мен Бұқар жырауды» жатқа оқып беремін.
• 3 - 4 оқушыға мәнерлеп, нақышына келтіре оқыттырамын.
• Есте сақтау қабілеттерін арттыру үшін қайталап электронды оқулықтан тыңдатамын.
Толғаныс бөлімі.
1. Бұқар жырау «бірден онға дейінгі санның мағынасын» Қазыбектен неге сұрады?
2. Оның мағынасы қалай еді?
3. Қазыбек би шешен тілмен қайтіп жауап қатты?
- Балалар, қалай ойлайсыңдар? Осы шешендік сөздің балалар әдебиетімен ұқсастығы бар ма? (- Бар. Санамаққа ұқсас.)
- Дұрыс - ақ. Ал, санамақ дегеніміз не? Қандай санамақтарды білесіңдер?
Қосымша жадығат:
Санамақ – қазақ балалар фольклорындағы жанрлық түр. Сәбилерге сан үйрету, санаудың ретін танытуды көздейтін ойын өлеңі. Ол кейде ұйқасқа, кейде тек қана ырғаққа негізделе береді. Сандар жай ғана санамаланып келіп, соңғы, түйіндеуші жолдар ғана ұйқасады.
Он бір - қара жұмбақ
Бір дегенің – білеу,
Екі дегенің – егеу,
Үш дегенің – үскі,
Төрт дегенің – төсек,
Бес дегенің – бесік,
Алты дегенің – асық,
Жеті дегенің – желке,
Сегіз дегенің – серке,
Тоғыз дегенің – торқа,
Он дегенің – оймақ,
Он бір – қара жұмбақ.
Сөздікпен жұмыс:
Білеу – қамшы.
Үскі – тесетін, бұрғылайтын біз секілді құрал.
Торқа – бағалы жібек мата.
Үйге тапсырма: шешендік сөзді жаттау. Қазыбек бидің жауабын өз ойларыңша таратып, ойтолғау түрінде жазып келу. Сөздікте берілген ұғымдарды жаттау.

Сабақтың мақсаты:1.Білімділік:Қазақ халқының шешендік сөз өнері туралы баяндау.Қазыбек би мен Бұқар жыраудың шешендік қасиетін таныту.Сандар қасиеті туралы айту,оқушылардың киелі сандар туралы ұғымдарын кеңейту.
2.Дамытушылық:Қазақ әдет-ғұрпындағы киелі сандардың адам өміріне қатыстылығын ұғындыру.Оқушылар санасында сандар философиясы деген ұғымды қалыптастыру,есте сақтау,ойлау қабілеттерін дамыту,шығармашылық ізденіске баулу
3.Шешендік өнерді қадірлеуге,ұлттық құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу,ой ұшқырлығына,тапқырлыққа баулу.
Сабақтың типі:Жаңа тақырыпты меңгеру сабағы
Сабақтың түрі:Зерттеу сабағы
Пәнаралық байланыс:қазақ тілі,тарих,саз
Әдісі: сұрақ-жауап,әңгімелеу,сто стратегиялары
Көрнекілігі:Суреттер,интерактивті тақта,слайдтар,т.б.
Сабақ кезеңі:І.Ұйымдастыру.
Оқушылардың сабаққа қатысын,дайындығын тексеру
Оқушыларды үш топқа бөлу
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.(Топтарға сұрақтар бөлініп беріледі.) (Күй жіберіледі.)
Шоқан кім?Шоқанның әжесі кім? Шоқанның атасы қайтыс болғанда Байдалы би неге келіп,көңіл айтпаған?Айғаным ханым Байдалы биді неге қарсы алмайды?Сонда шешен не
дейді?Айғаным жоқтау айта ма?Әдетте қадірлі адам келгенде ханым не істейтін еді?Шешен тоқтау айтқан соң ханым қандай жағдайда болады?Ханым өзінің өкпе-назын қалай жеткізеді?Байдалы би не деп жауап береді?Шешендік сөздің идеясы не?
Үй тапсырмасын бекіту.
ІІІ.Жаңа сабақ:Қазыбек би мен Бұқар жырау
Ой қозғау.Балалар,Қазыбек кім?Бұқар жырау кім?Олар туралы не білесіздер?(Суреттері
көрсетіледі,күй жіберіледі)
Бұқар жырау Қалқаманұлы Қазыбек би Келдібекұлы
(1667-1781) (1667-1764)
«Топтастыру»стратегиясы
1.Қазыбек би мен Бұқар жырау туралы мағлұмат беру.
Достарыңызбен бөлісу: |