«Атадан мұра –амал мерекесі» Мақсаты


-ші сынып оқушыларын «Қазағымның дәстүрлері-ай » әнімен қарсы алайық



бет3/3
Дата13.09.2024
өлшемі45,2 Kb.
#204283
1   2   3
Байланысты:
амал мерекесі

5-ші сынып оқушыларын «Қазағымның дәстүрлері-ай » әнімен қарсы алайық
Жүргізуші: Музыка — жүрек тілі, ол — сезімдер мен көңіл — күй әлемі. Ол дыбыстар арқылы бейнеленген жан сарайы. Егер сен музыканы түсініп сүйгің келсе — оны ыждағаттықпен тыңдай біл!
Жүргізуші: Бабамыздың мұңысың сен домбыра,
Анамыздың сырысың сен домбыра.
Қазағымның жүрегінен жаралған,
Даламыздың үнісің сен домбыра.
Сахнада Бауыржан Ақтаевтың күйі «Алаш аманаты»
Орындайтындар

Жүргізуші: Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен Күн – Ана,
Алып келдің жер бетіне гүл көктем.


Жүргізуші::
Туған жер, кіндік қаным, тамған жерім,
Шыр етіп, жарық дүние келген жерім.
Бөленгем, ақ бесікке сонда алғаш,
Айналдым, мен өзіңнен туған жерім.
Сахнада 4 -ші сынып оқушысы Мақсет Айяру
Ән : « Туған жер» қабыл алыңыздар


Жүргізуші: Әр күніміз жақсы болсын,
Достығымыз берік болсын.
Білім – өнер серік болсын,
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын.


Жүргізуші: Ана деген адамға Атамекен,
Әр адам анаменен адам екен
Бір өзіңе көрсеткен жақсылығым,
Бір күнгі тәтті ұйқыдан садаға екен,- дей келе келесі кезекті әсем әнге береміз.
Ән: «Әке,ана» Орындайтын: 3-ші сынып оқушысы Бақыт Айзере
Жүргізуші:
Жыр сыйлайық, нұр сыйлайық тірлікке,
Қастерледік қадіріңді білдік де.
Құтты болсын ұлыс күн ,
Бәрімізді жұмылдырған ынтымақ пен бірлікке.
Жүргізуші:
Сүйем сені туған ел - атамекен,
Абзал анам сенсің ғой құшағың кең.
Жер мен көктің жаннаты бір өзіңсің,
Сенен артық не табам, қайда кетем.
Сахнада Шөмішбай Сариевтің әні « Атамекен»
Орындайтындар: Парахатова Жұлдыз, Бахыт Эльмира


Жүргізуші:
Күлім қағып жетті көктем
Күн сәулесін төкті көктем
Наурыз айы берекелі
Алып келді мерекем
Жүргізуші:
Ауылым – ырысы мол құт мекенім,
Мәңгіге ақ бесігін тербетемін.
Саяңда ойнап, өсіп білім алып,
Алаңсыз асыр салып ер жетемін.
Ән: «Туған жер» орындайтын мектебіміздің бітіруші түлегі Бекболат Медет. Қарсы алыңыздар.
Жүргізуші:
Ән-жырдан көңілдерді қуантыңдар
Барымен шат-жадыман болыңыздар
Қоштасайық келесі кездескенше,
Әрдайым сау саламат болыңыздар!
Жүргізуші: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рақмет. Жаңа жыл үйлеріңізге құт-береке әкелсін, дендеріңізге саулық, бастарыңызға амандық тілейміз. Келесі кездескенше сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет