Атамекен балалар ұйымы



Дата31.03.2022
өлшемі18,39 Kb.
#137485
Байланысты:
атамекен


Атамекен балалар ұйымы
Қазақстандағы пионер ұйымының орнына ұлттық балалар ұйымын құру жөнінде 1969 жылы Павлодарда Арман Қанидың жетекшілігімен «Жас ұлан» және 1985 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Қарақол орта мектебінде «Атамекен» балалар ұйымының бастауыш топтары құрыла бастады. «Атамекен» ұйымының алғашқы мүшелері болып Г.Ордабаева, Г.Хасенова, С.Р.Ағманова, Р.Қыдырбайқызы, М.Мәлгаждарұлы, Г.Оспанқызы, Т.Қыржыбаев, А.Қамақова, С.Ережепұлы, О.Жұмағұлұлы, Қ.Тырнақбаев, Г.Бағдатұлы, С.Исабаева, М.Бөлегенов, Г.Қабышқызы болып қабылданды. Ұйымның басты іс-шараларының бірі қазақ халқының салт-дәстүрлерін насихаттар, ұлттық ойындар ұйымдастыру, мақал-мәтелдер һәм халық өнері мен музыкалық мұраларын жаңғырту болды. Олар малшы ауылдағы шопандарға арнайы жорық ұйымдастырып, түрлі мәдени-шығармашылық шаралар өткізіп, Бүкілодақтық «Пионерлік ферма» операциясының жүзеге асырылуының нағыз жанашырлары болды. Оқушылардың «Атамекен» тобы ауылдан шалғай орналасқан шапандар қыстауларына мәдени-шығармашылық жорықтар ұйымдастырды, қой төлдету науқанына ат салысты, шопандарға арнап концерттік бағдарламалар ұйымдастырды. Аталмыш жұмыс жоспарын ұйымдастыру мен жүзеге асыру барысында бір топқа біріккен оқушылар мен ұстаз-тәлімгерлер ендігі арада нақты идеяларын жинақтап, мазмұнды да, мәнді іс-шараларды жоспарға ендірді. Бұл жерде балалар тарапынан бастама ретінде туындаған түрлі бағыттағы іс-шараларға: тай жарыс, асыз ойнау, бес тас, мақал-мәтелдер сайысы, ән-күй сайысы, ұлттық ойындар ойнау сияқты ұсыныстарға мән берілді. Аталған істер жалпы Қазақстан пионер ұйымындағы ауқымды істің біріне жататын «Пионерлік ферма» операциясының мақсаттарымен үндесе отырып, нәтижесінде облыстық комсомол конференциясында аталып өтті. Аталмыш топ белсенділерінің қоғамға пайдалы еңбектерін ескерген Шығыс Қазақстан (бұрынғы - Семей) облыстық комсомол комитетінің хатшысы М.Д.Әлсейітованың қолдауымен «Атамекен» тобының мүшелері Халықаралық «Артек» балалар орталығына тәлімгерлік қызметке жіберілді.
«Атамекен» бағдарламасында оқушылардың ақыл-ойын, еріктік-сезімдік ұлттық адами қасиеттерін өркениеттік және ұлттық адами қасиеттерін өркениеттік және халықтық тәрбие түрлерінің кіріктірілген 11 Бағыты бойынша жас ұрпақтың бойына сіңірілу көзделеді.
Ұлттық тәрбиенiң ұрпақ тағдырын шешетiн ұлы қазынамыздың бiрi екенiн айтуға, талап етуге және дәлелдеуге тырысқан ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың ұсыныс-пікірлері мен әдістемелік бағдарламалары мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудің құралына айнала алмай келді Айтылған мәселенің шешімін табуда республика көлемінде бірқатар жұмыстар атқарылды.
Аталмыш жиынның Қазақстан балалар ұйымдарының тарихында тарихи маңызы өте зор болды. Құрылтай-Слетте төмендегідей маңызды шешімдерге қол жеткізілді:
- Республикадағы 250-ден астам балалар ұйымдарының бастарын қосып бір Одаққа біріктіру;
- «Атамекен» бағдарламасын Одақ бағдарламасы ретінде қабылдау және жүзеге асыру;
- ҚР Президентінің «Қазақстандағы балалар ұйымдарына мемлекеттік қолдау көрсету» жөніндегі Жарлығының жобасын талқылау;
- Қазақстан балалар ұйымдары Одағын, оның Үйлестіру Кеңесін құру; ҚБҰО Жарғысын бекіту;
- БҰҰ қабылдаған «Бала құқын қорғау Конвенциясы» негізінде Қазақстан балаларының әлеуметтік құқықтарын қорғау шараларын мемлекеттік тұрғыда қолға алу; балалар тарапынан қолдау тапқан әлеуметтік бастамалардың игіліктенуіне мүмкіндік туғызу;
- Оқушы балалардың өзін-өзі басқару жүйесін одан ары дамыту; жас ұрпақтың танымдық, интеллектуальдік, техникалық, өнер және басқа мүмкіндіктерінің еркін дамуы мен қоғам игілігіне айналуына жағдай туғызу;
- Одақ құрамына ұжымды түрде мүше болып кірген кез келген өңірлік, облыстық және республикалық балалар мен жасөспірімдер ұйымының басқару жүйесіне нұқсан келтірмеу;
- Қазақ халқы һәм Қазақстанда мекен ететін көпұлтты халықтардың тілі мен мәдениетінің дамуы мен игіліктенуіне мүмкіндік жасау; жас ұрпақтың санасында қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру; (Қараңыз: Қосымша білім және тәрбие, РҚБОӘО, А,№3, 2006)
Республикалық «Ұлан» газетінде жарияланған «Атамекен» бағдарламасы (18.03.1990) Қазақстанда Республикалық «Атамекен» балалар мен жастар қоғамдық бірлестігінің құрылуына себепші болды. 1991 жылдың 7 желтоқсан айында Алматыда «Атамекен» балалар ұйымының І Құрылтайы өтті.
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі ұсынысы бойынша дайындалған «Балалар мен жастар ұйымдары туралы жинақ» атты құжаттағы статистикалық мәліметтерге сүйенсек Қазақстандағы 300-ден астам балалар ұйымдарының 142 жуығы «Атамекен» бағдарламасымен жұмыс істейтіні белгілі болып отыр.
Сондықтан, оқушылар ұйымдарының мәртебесiн көтеруде, ондағы ұжым мүшелерiнiң танымдық-шығармашылық қабiлеттерiнiң дамуы мен игiлiктенуiне, балалардың техникалық, интеллектуалдық, өнер қасиеттерiнiң ашылуына мүмкiндiк туғызатын арнайы ғылыми-педагогикалық бағдарлама моделiн бiз “Атамекен” деп алдық.

Бағдарламаның мектептегі оқу-тәрбие үрдісіне ендірілуі бірнеше кезеңдерді қамтыды. Оларға мыналар жатады:


- оқушыларға жан-жақты тәрбие беру ісіне арналған педагогикалық оқулықтар мен әдістемелік нұсқаулармен танысу барысында “Атамекен” бағдарламасының 5 Бағыттан тұратын жобасы жасалды;
- мектеп оқушыларының республикалық Слеті мен мұғалім-тәрбиешілердің педагогикалық конференцияларында, семинар жұмыстарына Бағдарламаның негізгі Бағыттары ұсынылды;
- бағдарламаны тарату торабын құру мақсатында республикалық “Ұлан” газетінің жанынан “Алау” оқушылар әдістемелік-шығармашылық штабы құрылды;
- бағдарламаның негізгі Бағыттары (оқушылар мен ұстаз-тәлімгерлердің ұсынысы бойынша) 27 Бағытпен толықтырылды;
- жоғарғы және арнаулы педагогикалық оқу орындарында “Атамекен” бағдарламасы бойынша дәріс және арнайы курстар оқылды;
- бағдарламаның негізгі Бағыттары бүкіләлемдік Интернет жүйесіне енгізілді (http // www.Atameken. narod.ru);
Осы уақытқа дейін Бағдарламаның 41 Бағыты оқушылардың жас ерекшелiктерiне байланысты мынадай ретпен құрылған болатын. Енді Бағдарлама бағыттарын интеграциялау негізінде оның моделі мынадай жүйе бойынша сипатталды:

  1. Мәдениеттану Бағыты (Ою-өрнек, Салт-дәстүр, Шаһар, Асыл мұра, Дін тарихы, Қасиет);

  2. Сөнбес жұлдыздар Бағыты (Ардагер, Ғұмыр мен ғалам, Зерде, Тұран-Түркістан);

  3. Руханият Бағыты (Әлем діндері тарихы, Шариғат-Құран, Толғау, Бабалар өсиеті);

  4. Ұлттық өнер Бағыты (Көкпар, Бейнелер сыры, Ас, Зергер, Дулыға, Құсбегі);

  5. Ата кәсіп Бағыты (Төрт түлік, Сауда, Асыл мұра);

  6. Ұлттық ойындар Бағыты (Көкпар, Жас қыран);

  7. Этномәдениет Бағыты (Қыз бен жігіт, Достық,Ана тілі, Ата-ана);

  8. Имандылық-Ізгілік Бағыты (Наурыз, Алыстағы бауырлар, Тәңір-нама, Қайырымдылық);

  9. Ұлттық дүниетаным Бағыты (Жақсылық пен Жамандық, Қасиет);

  10. Табиғат тылсымы Бағыты (Заман-ай, Тұран күнтізбегі, Жібек жолы);

  11. Сыр мен сымбат Бағыты (Қыз бен жігіт, Сәби, Домбыра-Дастан);

Ұлттық тәлім-тәрбие негіздеріне сүйеніп құрылған, интеграцияланған «Атамекен» бағдарламасы ғылыми педагогикада марапатталатын тәрбиенің 9 түрін (еңбек, дене, ақыл-ой, адамгершілік, азаматтық-патриоттық, эстетикалық, экономикалық, экологиялық және құқықтық тәрбие) түгелдей қамту көзделді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет