Наурыздың жетісі Айжан Қаратаева “Абай және Мұхтар”
Қартаева Айжан Маратбекқызы (1975 ж.) - филология ғылымдарының докторы, абайтанушы-ғалым, профессор. Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Шілікті ауылында дүниеге
келген. 1992 жылы Өскемен қаласындағы Жамбыл атындағы мектеп-
интернатын алтын медальмен бітірген. 1992-1996 жылы Шығыс Қазақстан
мемлекеттік университетінің филология факультетін қызыл дипломмен тәмамдаған. 1996-1998 жылдары ШҚМУ-да «Әдебиеттану» мамандығы бойынша магистратураны үздік аяқтады.
1998 жылдан бері С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы; аға оқытушысы; доценті, кафедраның профессоры. 2017-2019 ж.ж. Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының меңгеушісі міндетін атқарды. 2019 ж. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің қауымдастырылған профессоры, 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап С.Аманжолов атындағы ШҚМУ «Абайтану» ғылыми-зерттеу институтының директоры.
2002 ж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде «Абай мұрасы Әуезов шығармашылығында» (“Абай жолы” роман-эпопеясы негізінде) деген тақырыпта кандидаттық диссертация, 2010 ж. Алматы қаласындағы М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында «Абай мен М.Әуезов әлеміндегі рухани сабақтастық» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.
Әдебиеттану, абайтану, әуезовтану, Шығыс Қазақтан өңірінің әдеби мұралары саласында 250-ден аса ғылыми-әдістемелік, әдеби-танымдық мақалалардың, соның ішінде 4 монография, 12 оқу құралы, 2 электронды оқу құралы, 4 оқу-әдістемелік құралдың авторы.