ҚР-ның тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен қызметі жайлы білімдерін одан әрі толықтыру. Оқушылардың бойында ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату. Болашақта отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді, білікті адамдар керек екенін аңғарту.
Сабақ мақсаты:
"Мектептегі бір мезет"
сайысы
Бұл кезеңде оқушылар Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың –өмірбаяны, қызметінің көлемі, ерекше тұлғалық болмысын сипаттау бойынша сайысады.
Бұл кезеңде оқушылар Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың –өмірбаяны, қызметінің көлемі, ерекше тұлғалық болмысын сипаттау бойынша сайысады.
I кезең: ( Үй тапсырмасы)
Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаяны
Балалық шағы
1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды
Жасөспірім шағы
Жасөспірім шағы Нұрсұлтан мектептегі ең үздік оқушының бірі болды. Ол өзінің аса құштарлығын білетін ағайын-туыстары әкеп берген кітаптардың бәрін оқып шығуға жан-тәнімен кірісті. Жас кезінде Іле Алатауының баурайында жазғы демалыс күндерінде әкесіне көмектесіп жүргенде тұңғиық жұлдызды аспан астында жанған алау маңына түнеген романтикалық сәттері де болды. Әке-шешесі осы өлкеде ежелгі заманда өмір сүрген бабалардың берік түп-тамырынан сыр шертетін салиқалы әңгімелер айтып, жан-дүниені тербейтін әндер шырқайтын
Жастық шағы
Теміртауға оралғаннан кейін Нұрсұлтан Назарбаев өмірбаянының «жалынды» кезеңі басталды. 1960 жылы 3 шілдеде сол кезде Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы және бірден бір домна пеші іске қосылды. Бұл Қазақстан Магниткасы – Қарағанды металлургия зауытының өмірге келген күні болып саналады. Қазақстанның алғашқы шойынын қорытуға тәжірибелі шеберлермен бірге жас металлург Назарбаев та қатысты.
1972 жылы өзіне етене жақын Қарағанды металлургия комбинатында партия комитетінің хатшысы лауазымына тағайындалуы болды. Металлургтер-
мен бірге ол қайнаған ыстықта жүрді, шахтерлермен бірге штольняларға түсті. Сонымен бірге, оның бойында көрегендік, барлық мүмкіндікке және жаңа атаулыға деген зор ынта-ықылас сезіліп тұрды.
Отбасы
Сара Алпысқызы Назарбаева (Қонақаева) (12 ақпан, 1941 жыл, Қызылжар ауылы, Бұқар жырау ауданы, Қарағанды облысы) — Қазақстанның қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының тұнғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың зайыбы
Бақыт – бағасын білгеннің ғана басында тұрады
Балалары мен немерелерінің ортасында
Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева — қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің Төрайымы.
Динара (1967)- экономист, педагогика ғылымдарының докторы (2007) Қазақстандық миллиардер Тимур Асқарұлы Құлыбаевтың зайыбы. Тимур Құлыбаев екеуі "АЛМЭКС" Холдинг тобының құрылтайшылары. Аталған компания арқылы Қазақстан Халық Банкі Акционерлік қоғамының иесі болып табылады.
Назарбаева Әлия Нұрсұлтанқызы (1980 ж.т.),Н.Ә.Назарбаевтың кіші қызы. «Элитстрой» құрылыс компаниясының басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда тұратын барлық этностардың мәдениетін, тілін және дәстүрін дамытуға ұдайы зор көңіл бөліп келеді. Мемлекет басшысының мұндай саясаты Қазақстандық қоғамның тұрақтылығының іргетасы болып табылады.
«Нұр Отан» ХДП Төрағасы
Қазақстанның ең ірі, жетекші саяси партиясы - «Нұр Отан» ХДП . Оның Төрағасы – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. 1999 жылы негізі қаланған партия өз қатарына миллиондаған қазақстандықты жинады. Партия еліміздің негізгі саяси күші болып саналады. 2012 жылдың 15 қаңтарында болып өткен ҚР Парламенті Мәжілісін сайлау барысында «Нұр Отан» партиясы сайлаушылардың 80 пайыздан астам дауысына ие болды.
Президенттік биліктің рәміздері мен белгілері
Қазақстан Республикасының президенті мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғасы ретінде дербес рәміздер мен айырым белгілерін иеленеді.
Қазақстан тарихында тұңғыш рет Мемлекет басшысының байрағы 1995 жылдан қолданыла бастады. Республика Президентінің төсбелгісі сияқты, ол да мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғасының ресми айырым белгісі болып саналады. ҚР Президентінің 2012жылғы 31 қазандағы Жарлығында Президент байрағының сипаттамасы берілген.
«Алтын Қыран» ордені
1995 жылғы 12 желтоқсандағы №2676 «ҚР-ның мемлекеттік наградалары туралы» ҚР Заңына сәйкес, «Алтын Қыран» ордені жоғары дәрежелі айырым белгісі болып саналады. Онымен мемлекетке айрықша еңбек сіңірген азаматтар марапатталады. «Алтын Қыран» орденін бұрын ҚР-ның немесе КСРО-ның ордендерінің бірімен марапатталғандар иеленуі мүмкін. ҚР-ның президенті лауазымы бойынша айрықша үлгідегі «Алтын Қыран» орденінің иесі болады.
Назарбаевтың ерекше тұлғалық болмысы
Демалыс сәтінде
Мемлекеттік жоғары лауазымдағы қызмет бос уақыт қалдыра бермейді. Алайда жұмыс арасындағы сирек үзілістерді Нұрсұлтан Назарбаев өзі үшін әрі демалыс, әрі көңіл сергіту саналатын сүйікті істеріне арнауға тырысады. Ол – табиғат аясында болу, спортпен шұғылдану, музыка тыңдау және кітап оқу. Спортпен айналысу немесе үздіксіз оқу адамды кейде едәуір күш пен бар зейінін жұмсауға мәжбүр етсе де, біз, соған қарамастан, оларды да әуестік пен демалыс айдарына қостық. Әлдебір ойшыл айтқандай: толыққанды тұлға үшін демалыс – өзі айналысатын істің түрін өзгерту ғана..
Табиғат аясында
Нұрсұлтан Назарбаев Іле Алатауының жаз жайлауында дүниеге келді. Алуан-алуан гүл тұнған таулар арасында, жусан иісі мұрын жарған далада, әкесімен бірге баптаған жеміс бағында ол аунап-қунап өсті, балалық шағы мен жасөспірімдік кезеңін өткерді. Туған жерге, жануарлар мен өсімдіктер әлеміне деген махаббат, аз уақыт болса да сүйікті Қазақстанның әсем жерлерінде болуға тырысу, тірі табиғатпен етене араласу – оның болмысының бір бөлшегіне айналды.
Спорт
Мемлекет басшысы жеке үлгісімен саламатты өмір салтын және спортпен шұғылдануды белсене насихаттайды.
Спорт
Ол үшін сүйікті спорт түрінің бірі – теннис. Нұрсұлтан Назарбаев ракетканы еркін меңгерген және кортқа жүйелі түрде шығып тұрады. Айта кетерлігі, теннисті көптеген саясаткерлер мен түрлі елдердің көшбасшылары ойнайды. Өз кезінде Мемлекет басшысының лайықты әріптесінің бірі Ресейдің тұңғыш президенті Борис Ельцин болды. Бүгінде Нұрсұлтан Назарбаев матчтарға жиі қатысып, өзінің тамаша бабында екенін көрсетіп қана қоймай, жаңа бастаған теннисшілерге шеберлік дәрісін де өткізіп тұрады. Оған қоса, Қазақстанда жыл сайын ел Президентінің кубогы үшін теннис турнирі өтеді.
Спорт
Президенттің тағы бір әуес ісі – гольф. Мемлекет басшысы өзге де белгілі әлемдік саясаткерлер және бизнесмендердің қатарында түрлі халықаралық турнирлерге де жиі қатысады. Өзінің айтуынша, Мемлекет басшысы алғаш тау шаңғысын аяғына 55 жасында байлапты. Содан бері Нұрсұлтан Назарбаевты Шымбұлақ шатқалында және басқа да таулы курорттарда жиі көруге болады.
Музыка
Президент өмірінде музыка маңызды орын алады. Мемлекет басшысының отбасында ата-анасы әрдайым ән-күй тыңдауды ұнататын және өздері де ән сала білетін. Әсіресе анасы Әлжан Назарбаева әнді жақсы айтатын. Оның сол қабілет-дарыны ұлына берілгені сөзсіз. Жас Нұрсұлтан бала кезінен «есте жоқ ескі кездердегі» де, өз заманындағы да түрлі әндер мен әуендерді тыңдап, құлағына және зердесіне сіңіріп өсті. Нұрсұлтан Назарбаев бос уақытында өзі де домбыраны шебер тартып, ән салады. Президенттің үш ән шығарғаны, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Әнұраны мәтінінің телавторы екені де баршаға белгілі.
Кітап оқу
Спортпен айналысу, музыка тыңдау және табиғат аясында сейілдеумен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев көп уақытын кітап оқуға арнайды. Кітапқұмарлық оның бойында алғаш оқып үйренген балғын шағынан қалыптасты. Талай ондаған жылдар өтсе де, кітапқа деген сол сүйіспеншілік әлі суыған емес. Бұрынғыша оның жаны сүйетін ісінің бірі – оңашада кітап оқу. Сүйікті кітаптары қатарында Абай, Мұхтар Әуезов сияқты белгілі қазақ жазушылары мен ақындарының, орыс және әлем әдебиетінің көптеген классиктерінің туындылары бар
II кезең:
II кезең:
Н.Ә.Назарбаевтың мейлінше ең маңызды дәйексөздерін жатқа айту
III кезең
IV кезең:
IV кезең:
«Мен елбасы болсам Қазақстанның көркеюі үшін не істер едім?»