Программаның белгілі бір бөлігінің орындалуын бірнеше рет қайталау үшін қолданылатын командаларды қайталану командалары деп атайды. Көптеген есептеулерде айнымалылардың әртүрлі мәндері үшін кейбір операторлар бірнеше рет қайталанып орындауды қажет етеді. Бұл операторларды , қайталап орындалуы үшін , программаға қайта – қайта жаза берсек, онда программа құру үшін көп уақыт кетеді, әрі программалық текст өте ұзақ және оқуға ынғайсыз болып жазылады [14]. Сондықтан программалық текстер қысқа әрі оқуға жеңіл болу үшін қайталану процесін циклдық операторлар қолданып ұйымдастырады. Циклдік процесс ұйымдастыру үшін келесі операторлар қолданылады:
- FOR… DO параметрлі қайталау операторы;
- REPEAT… UNTIL шартқа дейін қайталау операторы;
- WHILE… DO әзіргі шартқа байланысты қайталау;
Циклдік операторлар структуралық операторлар тобына жатады, өйткені құрамына бірнеше операторлар кіреді [15]. Программада алдымен циклдің тақырыбы жазылады, онан кейін қайталанатын операторлар бөлімі – цикл денесі жазылады. Цикл денесі бір немесе бірнеше операторлардан тұруы мүмкін. Барлық циклдық операторлардың келесі ерекшелігі бар:
а) Қайталанатын операторлар ( циклдің денесі ) бір – ақ рет жазылады;
ә) Циклге тек қана басынан ( тақырыбы ) ғана кіруге болады;
в) Цикл денесінде көшу операторын ( Goto ) қолданып программаның басқа бөліктеріне шығуға болады.
д) Цикл ұйымдастырғанда, міндетті түрде циклден шығу шарты орындалатынын қарастыру керек, әйтпесе программа орындалуы циклге келгенде тоқтап тұрып қалады ( программа «мәңгі циклденіп» қалады ).
Цикл денесінің әр қайталауында цикл айнымалыларының мәндері де өзгеріп, жаңа мән қабылдап отырады. Қайталану саны циклдің тақырыбында және цикл денесінде берілетін айнымалылардың мәндеріне байланысты болады. Қайталану командаларының ішінен n рет қайталану командасының үлкен мәні бар. Ол біріншіден, қайталану командаларының ішіндегі қарапайымы, екіншіден адам бір қимылды немесе әрекетті қайталағанда осы команда бойынша қайталайды. Мысалы, ертеңгілік дене қимылдары жаттығуларын жасағанда жүргізушінің радиодан « енді 10 рет отырып тұрыңыз » деген жарлығын немесе әлде біреудің « мен бұл кітапты 3 рет оқып шықтым » деген т.с.с.сияқты сөздерді күнделікті тұрмыста жиі естуге болады.