АқТӚбе мемлекеттік педагогикалық институты физика –математика және жаратылыстану факультеті Химия кафедрасы «Бекітемін»



Pdf көрінісі
бет100/177
Дата24.07.2020
өлшемі1,62 Mb.
#75562
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   177
Байланысты:
him0902201613 (1)
him0902201613 (1), him0902201613 (1), him0902201613 (1), him0902201613 (1), him0902201613 (1)
ЖӘНЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Тәжірибе бойынша оқушылар қорытынды жасайды: 1) жеке күйіндегі қатты (қант, 
тұз, қышқыл, сілті) және сұйық заттар электр тогын ӛткізбейді; 2) органикалық заттардың 
(қант)  ерітінділері  электр  тогын  ӛткізбейді;  3)  ас  тұзының,  натрий  сілтісінің  және  тұз 
қышқылының ерітінділері электр тогын ӛткізеді; 4) ерітінділері немесе балқыған күйінде 
электр  тогын  ӛткізетін  заттар  –  электролиттер,  ӛткізбейтін  заттар  бейэлектролиттер  деп 
аталады; 5) тұздардың, негіздердің және қышқылдардың ерітінділері электролиттерге  
19-кесте. Заттардың электрӛткізгіштігін сынау 
 
Алынған 
заттар 
мен 
ерітінділер 
Ток ӛткізуі  
Жіктелуі 
1.  Ас тұзы (қатты) 
2.  Таза су 
3.  Ас 
тұзының 
ерітіндісі 
4.  Қант (қатты) 
5.  Қант ерітіндісі 
6.  NaОН қатты 
7.  NaОН ерітіндісі 
8.  НCl ерітіндісі 
ӛткізбейді 
ӛткізбейді 
ӛткізеді 
 
ӛткізбейді 
ӛткізбейді 
ӛткізбейді 
ӛткізеді 
ӛткізеді 
 
 
 
Электролит 
 
 
Бейэлектролит 
 
Электролит 
Электролит  
 
жатады.  Иондық  немесе  полюсті  ковалентті  байланысы  бар  бұл  заттардың  электр  тогын 
ӛткізу себебін түсіндіру үшін иондарға ыдырау механизмі түсіндіріледі. 
         Оқушылардың болжамын дәлелдеу үшін бірнеше тәжірибелер жасалады. 
 
1-тәжірибе.  Сынауықта 3  – 4 мл концентрлі күкірт қышқылына мырыштың 2  – 3 
түйірін салады. Реакция жүргені байқалмайды. Қышқылды суда ерітіп, 2 – 3 түйір мырыш 
салады. Газ кӛпіршіктері бӛлінеді, реакция қуатты жүреді. 
 
2-тәжірибе.  Концентрлі  сірке  қышқылын  ацетонда  ерітіп,  метилоранж  қосады. 
Ештеңе  байқалмайды.  Сірке  қышқылын  суда  ерітіп,  метилоранж  ерітіндісін  тамызады. 
Ерітінді қызыл түске боялады. 


 
3-тәжірибе. 
Қатты 
күйіндегі 
кальций 
гидроксидімен 
фенолфталеинді 
араластырады.  Ӛзгеріс  байқалмайды.  Кальций  гидроксидін  суда  ерітіп,  үстіндегі  мӛлдір 
ерітіндісін бӛліп алып, фенолфталеин тамызады. Ерітіндіде малина түс пайда болады. 
 
4-тәжірибе. Қатты күйіндегі натрий сульфаты мен барий хлоридін араластырады, 
ештеңе  байқалмайды.  Тұздарды  суда  ерітеді  және  ерітінділерін  араластырады,  ақ  тұнба 
түзіледі. 
ЭЛЕКТРОЛИТТІК ДИССОЦИАЦИЯЛАНУ ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҦҒЫМДАРЫН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
         Электролиттердің 
иондарға  ыдырауын  қарастырудан  оқушылар  жасайтын 
қорытынды:  1)  ерігенде  немесе  балқыған  күйінде  электролиттердің  иондарға  ыдырауы 
электролиттік  диссоциация  деп  аталады;  2)  иондарға  ыдырау  су  молекуласының 
қатысуымен  жүзеге  асады;  3)  иондар  су  молекуласымен  гидраттану  реакциясына  түседі, 
соның нәтижесінде гидраттар түзіледі. Мәселен, күкірт қышқылы сумен моногидрат және 
дигидрат түзеді; 4) диссоциациялану кезінде еритін зат бӛлшектерінің арасындағы иондық 
және  полюсті  ковалентті  байланыстар  үзіледі,  иондар  мен  су  молекуласының  арасында 
химиялық байланыс түзіледі.  
 
Айтылғандардың  негізінде  электролиттік  диссоциациялану  теориясының  негізгі 
қағидалары түсіндіріледі.  
1.  Электролиттер  ерігенде  оң  және  теріс  зарядталған  иондарға  ыдырайды,  оң 
иондар зарядтарының қосындысы теріс иондар зарядтарының қосындысына тең болады. 
2.  «Ион» гректің «кезеген» деген мағынаны білдіретін сӛзінен шыққан. Иондар – 
заряды  бар  атомдар  немесе  атомдар  тобы.  Иондар  ерітіндіде  ретсіз  қозғалып  жүреді. 
Тұрақты  электр  тогын  ерітінді  арқылы  ӛткізгенде  оң  зарядталған  иондар  катодқа 
тартылады  да  катиондар  теріс  зарядты  иондар  анодқа  тартылатындықтан  аниондар 
делінеді. 
3.  Катодта  және  анодта  электр  тогының  әсерінен  тотығу  және  тотықсыздану 
процестері жүзеге асады.  
4.  Электролиттік 
диссоциациялану  –  қайтымды  процесс.  Иондардың 
концентрациясы  артқанда  иондануға  кері  процесс  –  мольдену  жүзеге  асады.  Электролит 
ерітінділеріне массалар әсер заңын қолдануға болады. 
ТҦЗДАРДЫҢ ИОН АЛМАСУ РЕАКЦИЯЛАРЫН ТҤСІНДІРУ 
         Тұздардың жалпы қасиеттері ион алмасу реакциялары бойынша түсіндіріледі: 
           2+                         0         0           2+ 
1.  Pb(NO
3
)
2
 +Zn= Pb + Zn(NO
3
)
2
  
Pb
2+
 + 2NO
3
-
 + Znº = Pbº + Zn
2+
 + 2NO
3
-
  
Pb
2+
 + Znº = Pb  + Zn
2+
  
Реакция  қорғасын  катионы  мен  мырыш  атомының  арасында  жүреді,  нитрат  ионы 
реакцияға қатыспайды. 
2.  Күшті 
және  тұрақты  қышқылдар  әлсіз  қышқылдарды  тұздарынан 
ығыстырады: 
Na
2
SO
3
 + 2 HCl = 2NaCl + H
2
O + SO
2
 
2Na
+
 + SO
3
2-
 + 2H
+
 + 2Cl
-
 = 2Na
+
+ 2Cl
-
 + H
2
O + SO
2
 
SO
3
2-
 + 2H
+
 = H
2
O + SO
2
 
Реакция  нәтижесінде  түзілген  күкіртті  қышқыл  айрылып,  газ  түзілетіндіктен  алмасу 
реакциясы  жүреді.  Реакцияның  мәні  –  сульфит  анион  мен  сутек  ионының 
(гидроксонийдің) әрекеттесуі. 
 
3. Тұздар сілтілермен әрекеттеседі: 
Fe
2
(SO
4
)
3
+ 6 KOH = 2Fe (OH)
 3
 + K
2
SO
4
 
2Fe
3+
 + 3SO
4
2-
 + 6K
+
 + 6OH
-
 = 2Fe(OH)
3
+6K
+
 +3SO
4
2-
  
2Fe
3+
  + 6OH
-
 = 2Fe(OH)
3
 
Реакция металл катионы мен гидроксид аниондарының арасында жүреді. 
3.  Тұздар ӛзара әрекеттесіп жаңа тұздар түзіледі: 


KCl + AgNO
3
 = AgCl + KNO
3
 
K
+
 + Cl
-
 +Ag
+
 +NO
3
-
 = AgCl + K
+
 +NO
3
-
 
Cl
-
 +Ag
+
 = AgCl  
Реакция  тұнбаға  түсетін  затты  түзетін  иондар  арасында  жүреді.  Тұздардың  иондарға 
ыдырауы талданған соң бұрынғы анықтамасына елеулі ӛзгеріс енгізіледі. Тҧздар дегеніміз 
–  суда  ерігенде  металл  катиондарын  және  қышқыл  қалдығы  аниондарын  тҥзетін 
электролиттер. 
         ЭЛЕКТРОЛИТТІК 
ДИССОЦИАЦИЯЛАНУ 
ТУРАЛЫ 
БІЛІМНІҢ 
ДАМУЫ. 
Оқушылардың  жеке  сабақтарда  алған  білімі  тақырыпты  тұтасынан  қорытқанда  дамиды. 
Ең  алдымен  теорияның  ашылу  тарихына,  жетістігі  мен  кемшілігіне,  даму  кезеңдеріне 
назар  аударылады.  Электролиттік  диссоциациялану  теориясын  1887  жылы  швед  ғалымы 
С.А. Аррениус (1859-1927ж) ұсынды. Бірақ, оны ғалымдар бірден мойындамады. Ол кезде 
заттардың  құрылысы  туралы  мәліметтер  белгісіз  болуынан  атом  мен  ионның 
айырмашылығын  білу  қиынға  түсті.  Теория  электролит  ерітінділерінің  айрықша 
қасиеттерін  – электр ӛткізгіштігін, ауытқуларын дұрыс түсіндірді. Дегенмен С.Аррениус 
электролиттердің  еру  құбылысын  бір  жақты  физикалық  жағынан  ғана  су  еритін 
бӛлшектерін бір-бірінен ажыратады деп түсінді. Д.И. Менделеев ерудің гидрат теориясын 
ұсынды.  Еріген  зат  бӛлшектері  еріткіш  молекулаларымен  химиялық  әрекеттесіп, 
гидраттану  әрекетінің  жүретінің  дәлелдеді.  1889-91ж.  орыс  ғалымы  И.А.Каблуков 
иондардың 
гидраттанатыны 
туралы 
кӛзқарасты 
енгізді. 
В.А.Кистяковский 
Д.И.Менделеевтің  гидрат  теориясы  мен  С.Аррениустың  электролиттік  диссоциациялану 
ілімінің басын қосу идеясын ұсынды. 
 
№ 15 дәріс.  Химияның жҥйелік курсында элементтер және олардың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   177




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет