АқТӚбе мемлекеттік педагогикалық институты физика –математика және жаратылыстану факультеті Химия кафедрасы «Бекітемін»


атомдар қҧрылысын оқыту әдістемесі



Pdf көрінісі
бет97/177
Дата24.07.2020
өлшемі1,62 Mb.
#75562
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   177
Байланысты:
him0902201613 (1)

атомдар қҧрылысын оқыту әдістемесі 
 
Жоспар: 
1.  Периодтық  заңның  оқушыларға  білім  мен  тәрбие  беру  және  оларды  дамытудағы 
маңызы. 
2. Периодтық заң мен атом құрылысын оқытудың әдістемелік тәсілдері. 
3. Оқушылар периодтық заңды қабылдауға әзірленуі. 
4.  Периодты  заңдылықты  түсінуге  қажетті  атом  құрылысы  жӛніндегі  мәліметтердің 
мазмұны мен кӛлемі туралы мәліметтер. 
5. Периодтық заңның Д.И. Менделеев берген және қазіргі анықтамасы. 
     Металл 
  Металл оксиді 
       Негіз  
   Бейметалл 
   Бейметалл  
      оксиді 
     Қышқыл  
 
Тұз  


 
         ПЕРИОДТЫҚ  ЗАҢ  ЖӘНЕ  АТОМ  ҚҦРЫЛЫСЫ  –  МЕКТЕП  ХИМИЯ  КУРСЫНЫҢ 
НЕГІЗІ.  Д.И.Менделеев  ашқан  периодтық  заң  –  табиғат  дамуының  жалпы  заңдарының 
бірі. 
         Периодтық заң және периодтық жүйе – орта мектептегі химия курсының теориялық 
негізі. 
         Периодтық заң және атом құрылысы ӛтілген соң химия курсының теориялық деңгейі 
артады.  Оқушылардың  түсінуінше  химия  суреттеме  ғылымынан  теориялық  ғылымға 
айналады. 
         Периодтық  заң  және  атом  құрылысы  туралы  оқу  материалы  элементтер  және 
олардың  қосылыстарының  қасиеттері  периодты  түрде  ӛзгеретіні  және  оның  себептері 
жӛнінде  ұғым  қалыптастырады.  Химиялық  әрекеттердің  жүру  заңдылықтарын  терең 
түсінуге  жәрдемдеседі,  бейорганикалық  және  органикалық  химияның  негіздерін  саналы 
меңгеруге кӛмектеседі. 
         Периодтық  жүйеден  химиялық  элементтер  атомдарының  біртіндеп  күрделіленуі, 
санның  сапаға  ауысуы  айқын  кӛрінеді.  Реттік  нӛмір  бірге  артқанда  атомның  заряды, 
электрон саны артады, соған орай химиялық сапасы ӛзгереді. Біртіндеп металдық қасиет 
жойылып, бейметалдық қасиет күшейеді, содан соң инертті элементтер пайда болады. 
         ТАҚЫРЫПТЫ  ОҚЫП-ҤЙРЕНУДІҢ  ӘДІСТЕМЕЛІК  ТӘСІЛДЕРІ.  Қазіргі  кезде 
периодтық  заң  және  атом  құрылысы  туралы  оқу  материалын  қарастырудың  үш  тәсілі 
қалыптасты. 
Бірінші тәсіл химия ғылымының даму жолына негізделеді. Ғылымда алдымен периодтық 
заң  ашылып,  периодтық  жүйе  жасалды,  соңынан  периодтық  жүйедегі  заңдылықтарды 
түсіндіретін атом құрылысы туралы мәліметтер анықталды. 
         Екінші  тәсіл  –  біріншіге  керісінше  жүзеге  асырылды.  Алдымен  атом  құрылысы 
туралы  оқу  материалы  ӛтіледі.  Соның  тұрғысынан  периодтық  заңдылықтар  қорытылып 
шығарылады. 
Үшінші  тәсіл  бойынша  периодтық  заң  мен  атом  құрылысы  бір  мезгілде  ӛтіледі. 
Жаңа  бағдарлама  бойынша  оқыту  осы  тәсілге  негізделген.  Период-тық  заң  және  атом 
құрылысы туралы негізгі мәліметтер 8-сыныпта қарасты-рылады да 11-сыныптағы жалпы 
химия курсында кеңейтіледі. 
Оқушылар  периодтық  заңға  дейін  химияның  алғашқы  ұғымдарымен  танысады.  Екі 
химиялық элементті (оттегін және сутегін), олар түзетін жай және күрделі заттарды оқып 
үйренеді. 
Сонымен,  периодтық  заң  және  периодтық  жүйе  туралы  материалды  ойдағыдай 
игеру шарттарына мыналар жатады: 
1.  Атом, элемент, салыстырмалы атомдық масса, жай және күрделі зат, заттардың 
физикалық және химиялық қасиеттері, амфотерлік ұғымдарын жетік білу. 
2.  Бейорганикалық  қосылыстардың  маңызды  кластары  жӛніндегі  бі-лімді  тиімді 
пайдалану. 
3.  Тарихи негізді орынды жүзеге асыру. 
4.  Оқытудың  диалектикалық  сипатын  қамтамасыз  ету,  қайшылық-тарға,  оларды 
шешу жолдарына кӛңіл аудару. 
5.  Түйінді  мәселелерді  оқытуды  жүзеге  асыру.  Периодтық  заңның  қалай 
ашылғанына, оны пайдалана білу жақтарына назар аудару. 
6.  Оқушылардың  ӛздігінен  істейтін  жұмыстарын  жиі  және  тиімді  ұйымдастыру: 
қосымша  әдебиеттерді  оқуға  ұсыну;  элементтерге  карточкалар  әзірлеу  және  олармен 
жұмыс; кестелер және сызбанұсқалар сызу; тәжірибелер жасау, т.б. 
7.  Зерттеу  әдістерін  жиі  қолдану;  периодтық  заңдылықты  қорытып  шығару; 
оқылмаған элементтер мен қосылыстардың қасиеттерін болжау. 
Тақырыпты  оқып  үйренудің  жиі  қолданылатын  жоспары:  1.  Химиялық 
элементтерді  жіктеудегі  алғашқы  әрекеттер.  2.  Асыл  газдардың,  сілтілік  металдардың 


және  галогендердің  табиғи  топтары.  3.  Д.И.Менделеевтің  периодтық  заңы,  элементтің 
реттік нӛмірі және ядро заряды. 4. Атом ядроларының құрамы. Изотоптар. 5. Атомдардың 
электрондық  конфигу-рациясы.  6.  Химиялық  элементтердің  Д.И.Менделеев  жасаған 
периодтық  жүйесі  және  оның  құрылымы.  7.  Периодтық  заңның  маңызы. 
Д.И.Менделеевтің ӛмірі мен еңбектері. 8. Қайталау және қорыту. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   177




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет