Зат ұғымы бұл сабақта оқушыларға физика курсынан таныс физикалық дене ұғымы
арқылы беріледі. Ол үшін бір заттан жасалған бірнеше физикалық денелер, әр түрлі
заттардан істелген бір физикалық дене кӛрсетіледі. Мысал ретінде шыныдан, кәрденнен,
темірден, алюминийден және басқа металдардан жасалған оқушыларға белгілі, немесе
таяудағы сабақтарда танысатын химия кабинетінің құрал-жабдықтары кӛрсетіліп,
аталады.Соның нәтижесінде оқушылар физикалық денелер неден тұрса, соны зат деп
атайды деген қорытындыға келеді.
Үлестіріліп берілген заттардың қасиеттерін салыстыру арқылы олардың бір-біріне
ұқсастығы немесе айырмашылығы кӛрсетіледі. Осыдан кейін заттар және олардың бір-
біріне айналуын зерттейтін ғылымға химия деген анықтама беріледі.
Ары қарай, заттардың қасиеттерін зерттеу таза зат және қоспа ұғымдарына әкеледі.
Қатты заттардың қатты заттардағы, қатты заттардың сұйық затардағы ерімейтін және
еритін, сұйықтың сұйықтағы еритін және ерімейтін қоспалары кӛрсетіледі. Соның
нәтижесінде оқушылар әр қоспа ең кемі екі заттан тұратынын оның біреуі негізгі зат,
екіншісі қосымша деп аталатынын біледі.
Қоспаның қасиеттерімен танысу үшін темір мен күкірттің қоспасын зерттейтін
зертханалық жұмыс ӛткізіледі. Оқушылар алдымен күкірттің, содан-соң темірдің,
ақырында екеуінен тұратынын байқайды. Зертханалық жұмыстан шығатын қорытынды
қоспада оның құрамына кіретін әр заттың қасиеттері сақталады. Сондай-ақ зертханалық
және кӛрнекі кӛрсетілетін тәжірбиелер кезінде оқушылар химиялық стаканмен,
сынауықтармен, колбалармен, жай және бӛлгіш воронкамен, сүзгі қағаздармен т.б, жұмыс
істеуге үйренеді. Тұндыру, сүзу, буландыру, құрғату, айдау тәсілдерімен, қыздыру
аспаптарымен танысады.
Заттың негізгі қасиеті таза затқа тән екені белгілі. Осыдан таза зат бірдей
молекулалардан құралады деген пікір қалыптасады. Осыған орай химияның бір міндеті –
оларды қоспадан бӛліп алу, онда болатын бӛгде заттардан тазарту.
Элементтер жӛніндегі білім жүйесі: элементтердің таңбалары, периодтық жүйедегі
орны элементтердің изотоптары, атомдық құрылысы, қосылыстардың формасы, пішіні
т.б. Сондай-ақ, заттардың құрамын білуге мына ұғымдар кӛмектеседі: грамм-атом, грамм-
молекула, атомдық масса, молекулалық масса, валенттілік, ион, протон, нейтрон,
электрон, ядро т.б.
Заттардың кез-келген ӛзгерістері құбылыс туралы түсінік беріледі. Заттардың кез-
келген ӛзгерістері құбылыс деп аталады, ол екі түрлі: физикалық құбылыстар және
химиялық құбылыстар.
Бір заттардан екінші жаңа заттар түзілетін ӛзгерістер химиялық құбылыстар делінеді,
оларды химиялық реакциялар деп атайды. Химиялық құбылыс, химиялық айналу және
химиялық реакция бірінен-бірін ажыратуға болмайтын тең мағыналы ұғымдар.
Химиялық теңдеу зат массасының сақталу заңына сүйеніп жазылады, химиялық
реакцияны сандық және сапалық жағынан сипаттайды. Тақырыптың соңында химиялық
реакциялардың типтері ӛтіледі. Жіктеудің негізіне бастапқы және реакциядан шыққан
заттардың саны мен құрамы алынады. Жалпы түрде алғанда ұғымдардың анықтамасы n
заттан 1 зат (қосылу реакциясы), 1 заттан n зат (айрылу реакциясы), 2 заттан 2 зат (орын
басу реакциясы) сызбанұсқаларына сәйкес келеді. Қосылу реакциясы туралы ұғым
қалыптастыру үшін күкірт пен темірдің әрекеттесуі кӛрсетіліп талқыланады. Айрылу
реакциясымен таныстыру үшін судың электролизі еске түсіріледі, малахиттің айрылу
реакциясының зертханалық тәжірибесі жасалады. Орынбасу реакциясын нақтылау үшін
темір мен тотияйынның арасындағы реакция кӛрсетіледі.
Ұғымдардың қалыптасуы әдістемелік кӛзқарастар тұрғысынан тұрады: бірінші, әзірлік
кезеңі, ол қалыптастыратын ұғымның тірегі, екінші кезеңі ұғымның алғашқы қалыптасуы
іске асырылады, ал үшінші кезеңде ұғымды кейінгі таным үрдісінде қолдану әдісі және
кӛлемі мен мазмұны бойынша дамытылады.
Тақырыпты оқытудағы негізгі міндеттері: заттар және олардың құрамы жӛнінде түсінік
қалыптастыру; заттардың кӛптігінің себептерінің бірі-олардың сапалық (элементтік) және
сандық құрамының әртүрлілігінде екенін түсіндіру; химиялық ӛзгерістің мәнін ашып,
сыртқы белгілерін кӛрсету, реакцияның кӛп түрлілігі және оның алғашқы топтауымен
таныстыру, табиғаттағы құбылыстың ӛзара байланыстылығын (химиялық, физикалық,
биологиялық) атап, химиялық зат және реакциялар туралы оқушыларда химиялық білім
қалыптастыру (атом молекулалық дәрежеде) адам ӛмірінде ол заңдылықтардың зат әлемін
түсінуге маңызын кӛрсете отырып оқушылардың кейбір химиялық әдістермен (бақылау,
химиялық эксперимент) химиялық тілмен, ойлау тәсілдерімен (салыстыру, жіктеу,
анықтау, нақтылау) таныстыру.
Пайдаланылған әдебиеттер :
1. Нұғыманов И. Химияны оқыту әдістемесі. Оқу құралы. Алматы: «Рауан» баспасы 1993
ж. 320 – бет.
2. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі ұсынған «Химия» пәні
бағдарламасы. 2002 ж.
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты.
«Химия» пәні бойынша. Астана, 2002 ж.
4. Нұрахметов Н., Сарманова К., Жексембина К. 8 – сынып оқулығы 2004 ж
5. Шоқыбаев Ж. Ә., Ӛнербаева З.О Химияны оқыту әдістемесі практикумы. Оқу құралы.
Алматы: «ценные бумаги» баспасы, 2006 ж. 160 – бет.
№ 12 дәріс.
Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары туралы
Достарыңызбен бөлісу: