АқТӚбе мемлекеттік педагогикалық институты физика –математика және жаратылыстану факультеті Химия кафедрасы «Бекітемін»



Pdf көрінісі
бет63/177
Дата24.07.2020
өлшемі1,62 Mb.
#75562
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   177
Байланысты:
him0902201613 (1)

Ауызша баяндау. Әдістемелік әдебиеттерде ауызша баяндауды шартты түрде монологтық 
(әңгіме, дәріс), диалогтық (әңгімелесу), аралас (әңгімелесу, элементі бар әңгіме не дәріс) 
деп үшке жіктейді. 
Әңгіме. 10-25 минутқа созылатын қысқа мерзімді баяндау. Оқу материалының мазмұнына 
қарай  суреттеу,  түсіндіру  немесе  мәселе  тұрғысынан  сипатты  болуы  мүмкін.  Оның 
құрылымы үш бӛліктен тұрады: кіріспе, баяндау және қорытынды. 
Кіріспе  бӛлімге  кіретіндер:  мәселе  қою,  баяндаудың  мақсатын  және  маңызын  түсіндіру 
арқылы оқушылардың ынтасын және ықыласын тудыру. Мәселенің жеке бӛліктерін және 
баяндау жоспарын хабарлау. 
Баяндау  бӛлімі:  жоспарға  сәйкес  ретімен  баяндау.  Мұғалім  алдымен  әр  мәселені  сұрақ 
түрінде  қойып,  оқушылардың  назарын  аударады,  содан  соң  баяндайды,  оқушылардың 
қалай қабылдағаны, түсінгенің бақылай және бекітеді. 
Қорытынды бӛлімінде баяндалған материал қорытылады және жүйеге келтіреледі. 
Дәріс.  Әңгімеден  айырмасы  ұзақ  мерзімде  (30-40  минут)    баяндауға  жатады,  жоғарғы 
кластарда    жиі  қолданылады.  Орта  мектеп  реформасында,  жаңашыл  мұғалімдер  іс-
тәжірибесінде,  кейінгі  методикалық  әдебиеттерінде  дәріске  кӛп  кӛңіл  бӛлінеді,  оның 
тиімділігі нақты дәлелденген. Мәселен, электролиттік диссоциациялану  тәрізді теориялық 
тақырыптан  алдымен  дәріс,  содан  соң  оқушылардың  сұрақтарына  жауап  қайтару,  содан 
кейін семинар және диспут ӛткізілген тиімді. 
Дәріс мұғалімнің жан-жақты дайындалуын қажет етеді және оған қойылатын талаптар:  
1. 
Дәрістің  жалпы  педагогикалық,  дидактикалық  және  әдістемелік  мақсаттарын 
анықтау; 
2. 
Оқу  материалын  іріктеу:  а)  жаңа  білімді  игеруге  қажетті  оқушылардағы  білім 
қорын  анықтау; ә) жаңа білімнің мазмұнын және кӛлемін нақтылы белгілеу;  
3. 
Дәріске қажетті оқыту құралдарын іріктеу, әдістемелік жағынан негіздеу; 
4. 
Дәріс жоспарына кіретін негізгі  мәселерді  олардың баяндалу ретін, оқушыларды  
белсенді қатыстыру тәсілдерін ойластыру; 
5. 
Дәрістің  қорытынды  бӛлімінде  оқушылардың  материалды  қандай  дәрежеде 
түсігенін  тексерктін  бақылау  сұрақтарын,  қорытындылау  және  жүйелеу  жолдарын 
белгілеу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   177




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет