АқТӚбе мемлекеттік педагогикалық институты физика –математика және жаратылыстану факультеті Химия кафедрасы «Бекітемін»



Pdf көрінісі
бет64/177
Дата24.07.2020
өлшемі1,62 Mb.
#75562
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   177
Байланысты:
him0902201613 (1)

Әңгімелесу. Диалогтық  
(екі  жақты)  баяндауға  жатады  .  Әдістің  мәні  –  мұғалім 
сұрақтар қояды да, оқушылар жауап қайырады, сондықтан кейде сұрақ-жауап әдісі  деп те 
аталады.  Баяндалғалы  отырған  материалдың  кейбір  мәселелері  оқушыларға  бұрынғы 
кластардан,  басқа  пәндерден,  ӛмірден  және  т.б.  таныс  болғанда  қолданылады.  Мұғалім 
мен оқушы іс-әрекетінің сипаты мен мақсатына қарай бұл  әдіс хабарлама, эвристикалық 
және  бақылау,  қорытынды  әңгімелесу  әдістері  деп  жіктеледі.  Әңгімелесу  мұғалімнің  
шеберлегін және сезімталдығын қажет ететін күрделі әдіс, оған қойылатын талаптар: 
1.  Әңгімелесудің  мақсатын,  негізгі  міндетін  оқушыларға  жеткізу,  белсенді 
қатысуға ынталандыру; 
2.  Әңгімелесудің мазмұнын анықтайтын сұрақтарды белгілеу және жіктеу, қойылу 
ретін және тұжырымдалуын ойластыру; 
3.  Негізгі және қосымша сұрақтардың ара қатынасын анықтау; 
4.  Жоспарланған 
сұрақтар 
бойынша 
әңгімелесу, 
кластағы  
оқушыларды жаңа білім алуға ұмтылдыру, бүкіл класпен әңгімелесу; 
5.  Әңгімелесудің мақсатынан ауытқымау, уақытты үнемдеу; 
6.  Әңгімелесудің нәтижесін жинақтап, қорытынды жасау. 
Оқулықпен  және  басқа  кітаптармен  жұмыс.  Қазіргі  педагогиканың  және  мектеп 
реформасынаың  негізгі  талабы  –  оқушыларды  оқи  біле  үйрету,  оларда  оқу  еңбегінің 
жалпы және әр пән үшін арнайы біліктері мен дағдыларын қалыптастыру. 
1.  Қарапайым тексті жеке бӛліктерге бӛлу, әр бӛлігіне ат қою; 
2.  Тесктегі материалдардың баяндалу жоспарын жасау, автордың негізгі ойын табу; 
3.  Ӛз бетінше оқығанда жалпы сипатты  жоспарлармен пайдалана білу


4.  күрделі  текспен  жұмыс    істей  білу.  Текспен  ғылыми  білім  жүйесінің  құрылым 
элементтерін    (ғылыми  деректер,  ұғымдар,  заңдар,  теориялар,  зерттеу  әдістері), 
қолданбалы  білімді  (құрал  және  қондырғының  түсініктемелер)  табу  оны  сызбанұсқа 
түрінде ӛрнектей білу; 
5.  Суреттерді түсіну; 
6.  Графиктерді және кестелерді пайдалана білу
7.  Мұғалім дайындаған немесе текстің соңында берілген сұрақтарға жауап қайтару. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   177




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет