Іздестіру және зерттеудің жалпы әдістері. Іздестіру әдістері мәселе қою, жорамал
ұсыну, оны тексеру және қорытынды жасаудағы оқушылардың белсенділігінің артуымен
сипатталады. Оған мәселені баяндау, эвристикалық әңгімелесу, кӛрнекі құралдарды
ӛздігінен істейтін тәжірибе жұмыстары, кітаппен жұмыс, т.б. жатады.
Іздестіру әдісінде оқушыларды тапқырлыққа және логикалық тәсілдерді проблемалық
бірлікте шешуге үйрету, оқу – материалын мұғалімнің проблемалық баяндау идеясы
байқалады.
Тәжірибемен ұштастырылған эвристикалық әңгімелесудің нақтылы мысалы ретінде мына
тәжірибелерді талқылау әдісін келтіруге болады: 1. калий иодидінің ерітіндісіне крахмал
желімтіктерін құю ӛзгеріс байқалмайды; 2. хлор суына крахмал желімтіктерін құю
ештеңе байқалмайды; 3. калий иодидінің ерітіндісіне алдымен хлор суын, содан сон
крахмалл желімтіктерін құю, кӛк түс пайда болады.
Зерттеу әдісінде қойылған мәселені шешкенде оқушылардың дәйектілігі арта түседі.
Үлестірлік берілетін материалдармен жұмысты, химиялық тәжірибелерді ӛздігінен
орындайды, құралдар құрастырады, модельдер жасайды; графикалық жұмыстар және т.б.
орындайды. Оқушылардың әр зерттеудің жоспарын жасап, соған сәйкес іс -әрекеттерді
жүзеге асырады.
№ 7 дәріс. Химияны оқытудағы инновациялық технологиялар
Достарыңызбен бөлісу: |