АқТӚбе мемлекеттік педагогикалық институты физика –математика және жаратылыстану факультеті Химия кафедрасы «Бекітемін»



Pdf көрінісі
бет68/177
Дата24.07.2020
өлшемі1,62 Mb.
#75562
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   177
Байланысты:
him0902201613 (1)

(модульді оқыту) 
Жоспар: 
1. Оқыту үрдісін басқарудағы жаңа технологиялық әдіс – тәсілдердің ролі. 
2. Жаңа технологияның басты қағиғалары. 
3. Хлор және оның қосылыстары тақырыбы үлгісі.(Модульдік технология бойынша) 
ЖАҢА  ТЕХНОЛОГИЯ  ӘДІСТЕРІ.  Қазіргі  таңда  жалпы  мұғалімдердің  алдында  тұрған 
негізгі міндет – ұлттық  менталитеті жоғары, сана-сезімі дамыған, ӛзіндік кӛзқарасы бар 
жеке  тұлғаны  қалыптастыру.  Осы  бағытта  жоғары  мектепте  берілетін  ғылымның 
теориялық  және  әдістемелік  негіздерінің,  яғни  сабақ  түрлері  мен  оның  сапасын  арттыру 
жӛнінде түрлі жұмыстар жүргізілуде. Соның негізінде жалпы жаратылыстану пәндерінің 
ішінде химия ғылыми жоғары мектептегі оқытылатын негізгі пән болып табылады. 
Технология  –  грекше  ―шеберлік  деген  ұғымды  білдіреді.  Осыған  сәйкес 
педагогикалық 
технологияға 
әдіскер-ғалымдар 
мынадай 
анықтамалар 
берген: 
―Педагогикалық  технология  –  оқытудың  арнайы  формаларын,  әдістері  мен  тәсілдерін 
айқындайтын  педагогика-психологиялық  нұсқаулардың  жиынтығы,  педагогикалық 


процесті  ұйымдастырудың  әдістемелік  аспабы  (Б.Т.Лихачев)»,  ―Оқу  процесін  іске 
асырудың  мазмұндық  техникасы,  практика  жүзінде  іске  асырылатын  белгілі  бір 
педагогикалық жүйенің жобасы» (В.П.Беспалько т.б.). 
Жоғарыдағы  анықтамаларға  сүйенсек,  жаңа  технология  дегеніміз  педагогикалық 
шеберлікті  жетілдірудің  жолдары  деген  түйінге  тоқтауымызға  болады.  Жалпы  оқыту 
технологиясы білім берудің тиімді жолдарын зерттейтін ғылым ретінде танылады. 
Жаңа  технологияның  басты  қағидаларының  бірі  дидактикалық  ұстаным  ретінде 
қарастырылатын  жүйелілік  болып  саналады.  Кез-келген  ғылымның  ӛзі,  ең  алдымен 
білімдер жүйесін құрайтындықтан, ғылымды тек жүйелі оқу нәтижесінде ғана меңгеруге 
болады.  Сондықтан,  қазіргі  білім  беру  саласы  бойынша  сабақ  берудің  жаңа 
технологияларды  қолданбайынша,  жан-жақты  шығармашылық  жоғары  деңгейдегі 
студент, болашақ мұғалім маманын қиынға соғады.  
Жаңа технология негізгі мынадай үш бағыттан тұрады: 
- жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескеру; 
- оның адамзат және ӛркениет мәдениетіне деген қызығушылықтарын ескеру; 
- оны тәрбие процесінің басты объектісі ретінде алып қарау. 
Осындай  жаңа  технология  бағыттарын  қолдану,  оқып  үйрену,  меңгеру  және  ӛмірге 
ендіру сабақтың дамыту  кезеңдері  арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ, жаңа технологияны 
меңгеру  негізінде  студенттің  кәсіби  және  рухани-адамгершілік  қабілеті,  ӛз  бетімен  білім 
алудағы белсенділігі артады. Осыған сәйкес, қазіргі уақытта оқыту үрдісін ұйымдастыру 
және білімді бағалау мен бақылаудың жаңа түрлері қарастырылған. 
Жаңа  оқыту  жүйесін  пайдалана  отырып,  химия  пәнін  оқытуды  тағы  да  мынадай 
бағыттарда жүргізуге болады: 
- химия біріктірілген жүйе бойынша, яғни белгілік – таңбалық кӛрнекіліктер түрлері 
(―тірек сигналдары, ―тірек конспектілері, ―тірек белгілері және ―тірек―таңбалары); 
- ұжымды оқыту жүйесі; 
- модулды оқыту жүйесі (блоктап оқытудың жетілдірілген түрі);  
- шоғырландырып-қарқынды оқыту жүйесі; 
- сабаққа жергілікті  жер материалдарын пайдаланып оқыту; 
- сабақты компьютерлеу және ақпараттандыру; 
- химия сабағын экологияландыру; 
- химия сабағының эксперименттік бӛлігін кӛбейту; 
- педагогикалық эксперимент жүргізуге  баулу; 
Жаңа технология жүйесі бойынша оқытудың жоғарыдағыдай бағыттары тұрғысынан 
химия  пәнін  әдістемелеудің,  яғни  оның  сапасын  жақсартудың  жаңа  міндеттері  қолға 
алынуда.  Мұндай  міндеттер  ді  химия  курсының  мазмұнын,  оқыту  әдістері  мен 
құралдарын қайта қарап жаңарту арқылы шешуге болады.  
Біздің  байқауымызша,  химия  пәнін  оқытудың  тәжірибесінде  оқу  материалын  ұсақ 
тақырыптарға  бӛлмей,  біріктірілген  жүйе  бойынша  оқыту  және  онда  белгілік-таңбалық 
кӛрнекіліктердің  түрлері  ―тірек  сигналдары,  ―тірек  конспектілері,  ―тірек  белгілері  және 
―тірек таңбалары деп жіктелетін оқу құралдарын қолдануымызға болады. 
Заман  талабына  сай  жеке  тұлғаны  қалыптастыруда,  ғылыми  білім,  іскерлік,  дағды 
жүйесі болып табылатын оқу мазмұнын інің ойлау қабілетін, шы-ғармашылығын дамыта 
аламыз. Студенттердің мектептен алған білімін еске түсіру арқылы игерілген материалға 
диаграмма,  ассоциация  сызбанұсқасын  құрастырып,  жаңа  сабақта  ӛз  бетінше  игеруге 
ықпал жасадық. Бұл сабақта топтастыру әдісін қолдана отырып, жоспарды студенттердің 
ӛз бетінше құруына мүмкіндік беріледі. 
Сабақтың тақырыбы: «Хлор және оның қосылыстары».    
 
Сабақтың білімділік мақсаты. Хлорды және тұзқышқылын зертханалық жолмен алу 
және  оның  физикалық,  химиялық  қасиеттері  тұздары,  қолданылуы  туралы  жаңа  білім 
беру;  


Тәрбиелік:  студенттерді  ұқыптылыққа,  ізденімпаздыққа,  қоршаған  ортаны  қорғауға, 
қышқылдар  мен тұздарды тиімді, ысырапсыз пайдалануға тәрбиелеу. 
Дамытушылық: студенттерге жаңа тақырыпқа сәйкес игерілетін материалды ойлауға 
мүмкіндік жасай отырып, ой-ӛрісін, ғылыми түсініктерін дамыту;  
Сабақтың тҥрі: аралас сабақ (зертханалық және семинар). 
Қҧрал-жабдықтар: Хлорды алуға жиналған құрал, 200,500 мл-лік химиялық стакан, 
аккумулятор, бӛлгіш воронка, тазартқыш ыдыстар, сынауықтар, бес банка, темір қасықша, 
кристаллизатор,  Вюрц  колбасы,  калий  перманганаты,  марганец  (ІV)  оксиді,  концентрлі 
HCl  және  H
2
SO4,  мыс  сымы,  темір  (ұнтағы),  сурьма  (ұнтағы),  қызыл  фосфор,  скипидар 

10
Н
16
),  мырыш  (түйірі),  кальций  оксиді,  кальций  карбонаты,  ерітінділер;  NAOH,  KOH, 
AgNO
3
,  индиго,  фуксин,  сия,  күкіртсутегі,  хромсульфаты,  лакмус.  Сонымен  бірге, 
диаграмма,  қолдан  жасалынған  тірек-сызбалар,  кесте  сигналды  белгілер,  әр  түрлі 
үлестірме және перфокарталар қолданылады.  
Әдісі: сұрақ-жауап әдісі, топпен жұмыс. 
Сабақ  барысы:  Оқушылардың  ойлау  қабілетін  дамыту  үшін  жаңа  материал 
тақырыбы тақтаға жазылып, тӛмендегі кестені толтыру тапсырылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   177




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет