Эпителийден туындайтын қатерлі ісікті рак деп атайды. Рак адамдағы қатерлі ісіктің түрі. Рак түйін түрінде, не жайылма өскен, ақшыл реңдегі ісік, ол қатты, кейде жұмсақ болады. Рактың бірнеше түрлерін ажыратады:
1) орнықты рак - эпителий қабатының ішінде өсетін рак.
2) жалпақ клеткалы - терінің, шырышты қабаттардың жалпақ не өтпелі эпителийінен өсіп шығатын рак.
3) безді - безді ағзалардың шырышты қабықтарының призмалық немесе текше тәрізді эпителийінен өсіп шығатын рак.
4) шырышты - ісік клеткаларының көп мөлшерде сұйықтық бөліп шығару-мен сипатталады.
5) солидті - аса тез өсетін ісіктер қатарына жататын,эпителий клеткала-рынан түзілетін рак.
6) майда клеткалы - жетілмеген рактар қатарына жатып, көбінесе өкпеде кездеседі.
7) фиброзды - сүт бездерінде,асқазанда көбірек кездеседі, өте қатерлі, ерте метастаз беретін рак.
8) медулярлы рак - ми тәрізді ақшыл және жұмсақ ісік.