Ісіктің дамуы және иммунитет. Иммундық жүйе мал денесін зәулеттік ақпараты бар барлық бөгде заттардан қорғайды. Ауру малдан сау малға көшіріліп отырғызылған ісік торшалары иммундық жүйенің әсерінен ыдырап кетеді.
Күн сайын торшалардың кәдімгі тәртіппен бөлініп көбеюіне байланысты мал денесінде көптеген мутацияға ұшыраған торшалар пайда болады. Әдетте олар Т-лимфоциттердің әсерінен жойылып кетеді. Иммундық жүйе ақауға ұшыраса, мутант торшалар тез көбейіп Т-лимфоциттер дәрменсіздікке душар болуы мүмкін. Мұның нәтижесінде ісік туындайды. Ал иммундық жүйе көптеген факторлардың (жас ұлғаюы, созылмалы аурулар, рентген сәулесі, ради әсерлі заттар, т.б.) әсерінен әлсірейтіні белгілі.
Ісік топтары, ісік атаулары. Шығу тегі (гистогенезі) мен микроскоптық құрылымына қарай ісіктер: эпителийлік ісіктер, мезенхималық ісіктер, меланин түзетін өрме ісіктері, жүйке мен ми-жұлын қабықтары ісіктері, қан жүйесі ісіктері, тератомалар болып бөлінеді.
Ісіктерді атау үшін ісік паренхимасын құрайтын өрменің грекше немесе латынша атына "ома" жалғауы қосылады. Мысалы, талшықты дәнекер өрменің қатерсіз ісігі фиброма (fibroma), қан тамыры ісігі ангиома (angioma), ет өрмесінен тұратын ісік (myoma) деп аталады.
Қатерлі ісіктердің атауында да ерекшеліктер бар. Мысалы, эпителий тектес қатерлі ісік канцер (рак, саrcinoma), мезенхималық (талшықты дәнекер өрме, сүйек, шеміршек, май және ет өрмелері, т.б.) қатерлі ісік саркома (sarcos – ет, оmа-ісік, ет ісігі) деп аталады. Бұл атаулар ерте кезде ісіктердің сырт көрінісіне қарай берілген.
Эпителийлік ісіктер
Эпителийлік ісіктер қатерсіз (папиллома, аденома) және қатерлі (карцинома - рак) ісіктер болып екі топқа бөлінеді.
Папиллома (лат. papilla-бүртік), сүйел – көп қабатты жалпақ эпителийден және өтпелі эпителийден туындайтын қатерсіз ісік. Теріде, ауыз бен өңеште, таз, жұмыршақ және қатпаршақ қарындарда, қуықта кездеседі. Көбінесе сиырдың желінін, бас және мойын терісін, өңешін, қамшысын (бұқада), жылқының ернін, иттің аузын, қуығын зақымдайды. Папиллома жалғыз, бірнешеу, тіпті одан да көп болуы мүмкін, көлемі ұсақ (бұршақ дәніндей) не ірі (диаметірі 20 см ге дейін) болады. Оның пішіні әрқилы: домалақ, сопақша, түйінді, бұдырлы, түгел бүртікті болып келеді. Кең табанды папилломамен қатар, терімен, кілегейлі қабықпен тек жіңішке сабақ арқылы байланысқан ілулі папилломалар да кездеседі (сур. 73, 74).
73-сур. Сиыр емшегінде көптеген папиллома.
|
74-сур. Бұзау терісінде қатты папиллома.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |