Сабақтың мақсаты: А) Білімділігі:. Сөздің түбірі, жалғауы туралы қарапайым түсінік беру; Дүниетану пәні туралы білгендерін арттыру;
Ә) Тәрбиелілігі: Бірлесіп жұмыс жасауға, құрбыларының пікірімен санасуға үйрету; Кішпейіл болуға, бір-біріне көмектесуге баулу;
Б) Дамытушылығы: Орыс сыныбындағы оқушылардың қазақша сөздік қорын дамыту; тапқырлыққа, білімпаздыққа, ізденімпаздыққа баулу;құстар туралы біліктерін арттыру;
Сабақтың әдісі: Көрнекі, сұрақ-жауап, рефлексивті
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ, ертегі сабақ
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, математика, музыка
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, суреттер, глобус, т.б.
Күтілетін нәтиже: Түбір, жалғау туралы түсініктер қалыптасады. Сөздік қорлары молаяды. Табиғат туралы, құстар туралы ой түйеді. Жаңа ертегі үйренеді.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі Оқушылармен амандасып, көңі-күйлерін сабаққа аудару
Психологиялық дайындық Қуан, шаттан алақай!
Қуанатын келді күн.
Қайырлы таң, қайырлы күн
Күліп шықты бүгін күн.
Бәріміз дос болайық,
Бәріміз тату болайық!
ІІ Өткенді қайталау
Қазақ тілінде қанша әріп бар?
Жалпы дыбыстар нешеге бөлінеді?
Дауысты дыбыстардың қандай түрлері бар?
Жуан, жіңішке дауысты дыбыстарды атап беріңіздерші.
Қазақ тілінің төл дыбыстары қандай?
ІІІ Үй тапсырмасын тексеру 4-жаттығу Сөзжұмбақты шешу (Жауабы: Жиырма. Тәуелсіздікке 20 жыл туралы білгендерін сұрау. Тақпақтарын тыңдау )
ІV Жаңа сабақ Проблемалық сұрақ: Мектепке не үшін келесіздер?
Қандай пәндерді оқисыздар?
Қай пән ұнайды?
Мектеп өмірі туралы, мектептегі пәндер туралы айтып өту.
1 жаттығуға назар аударайық. Суретте не берілген?
1 Бұл қай сабақ?
2. Балалар не оқып отыр?
3. Дүниетану сабағында оқушылар немен танысады?
(Суретке қарап, шағын әңгіме құрастыру)
Дүниетану пәнінің ерекшелігі туралы айту.