Оқу мақсаты
|
6.1.2.5 пропорцияның негізгі қасиетін білу және қолдану
6.5.1.1 шамалары тура және кері пропорционалдықпен байланысты есептерді ажырату және шығару
6.1.2.6 шаманы берілген қатынаста бөлу
6.3.3.3 шеңбер ұзындығының формуласын білу және қолдану
6.5.1.3 картамен, сызбамен, жоспармен жұмыс барысында масштабты қолдану.
|
Тапсырма
3,6 : 8,1 8 :18 берілген пропорциядағы сандарды пайдаланып, басқа неше пропорция құрастыруға болады және оларды жазыңыз.
[2]
Күн ыстықта 6 шалғышы кішірек торсықтағы қымызды 1,5 сағатта ішіп бітірді. Осындай мөлшердегі қымызды неше шалғышы 3 сағатта ішіп бітіреді?
[3]
Арба дөңгелегінің радиусы 0,5м болса, осы дөңгелек 20 рет айналғанда неше метр жол жүреді? Мұндағы π ≈ 3,14.
3]
Жер бетіндегі 540 км арақашықтық картада 3,6 см-ге сәйкес келеді. Осы картадағы 0,64 дм кесіндіге жер бетіндегі неше километр арақашықтық сәйкес келеді? Масштабты табыңыз.
[4]
2- нұсқа
24 :8 = 4,8:1,6 берілген пропорциядағы сандарды пайдаланып, басқа неше пропорция құрастыруға болады және оларды жазыңыз.
Автоматты станок сағатына 58 бөлшек дайындап, берілген уақытта 348 бөлшек дайындады. Егер осы автоматты станок сағатына 75 бөлшек дайындайтын болса, берілген уақытта неше бөлшек дайындайды?
3.Арба дөңгелегінің радиусы 0,3м болса, осы дөңгелек 10 рет айналғанда неше метр жол жүреді? Мұндағы π ≈ 3,14.
4. Жер бетіндегі 68 км арақашықтық картада 3,4 см-ге сәйкес келеді. Осы картадағы 0,62 дм кесіндіге жер бетіндегі неше километр арақашықтық сәйкес келеді? Масштабты табыңыз
|