Атырау облысы білім беру басқармасы



бет1/13
Дата08.06.2022
өлшемі1,31 Mb.
#146210
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
КҮНДЕЛІК DarkhanovD


АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫ
«САЛАМАТ МҰҚАШЕВ АТЫНДАҒЫ АТЫРАУ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ» КМҚК

КӘСІПТІК ПРАКТИКАДАН ӨТУІ ТУРАЛЫ
КҮНДЕЛІК-ЕСЕП


Мамандығы: 0809000 - Мұнай мен газ кен орындарын пайдалану
Оқу тобы: ЭНГМа-21
Студент: Дарханов Дастан Сағатұлы
(аты-жөні, тегі)
Практика атауы: Мұнай, газ және конденсатын өндіру технологиялық процесін жүргізу
АТЫРАУ – 2021
ОРЫНДАЛҒАН (ОҚЫП – ҮЙРЕНГЕН ) ЖҰМЫСТАР ЖАЗБАЛАРЫ

р/с


Кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған (оқып болған) жұмыстардың атауы

Кәсіптік практиканың жеке тақырыптарының, жұмыстарының орындау мерзімдері

Өндірістен кәсіптік практика жетекшісінің қолы

басталуы

аяқталуы




1.

Мұнай және оның қасиеттері



13.09.2021

14.09.2021




2.

Газ және газконденсат туралы түсінік

15.09.2021

16.09.2021




3.

Мұнай мен газ қорлары және қабаттың мұнай бергіштігі

17.09.2021

18.09.2021




4

Скважина құрылысы мен түрлері

20.09.2021

22.09.2021




5

Табиғи режимдегі мұнай мен газ шоғырларын игеру

23.09.2021

25.09.2021




6

Мұнайды фонтанды тәсілмен өндіру

27.09.2021

29.09.2021




7

Скважиналарды газлифтілі әдіспен пайдалану

30.09.2021

02.10.2021




8

Мұнай мен газды жинау және пайдалану жүйесі және оны кәсіпшілікте дайындау

04.10.2021

6.10.2021




9

Қорытынды

07.10.2021

09.10.2021





2.ОРЫНДАЛҒАН (ОҚЫП – ҮЙРЕНГЕН ) ЖҰМЫСТАР ТУРАЛЫ ЖАЗБАЛАР





Айы

Күні

Орындалған жұмыстың қысқаша мазмұны

1

09

13

1.Мұнай және оның қасиеттері
Мұнай табиғи жағдайда тау жыныстарының кеуек қуыстарында
орналасқан сұйық гидрофобты фаза. Мұнайға əртүрлі сала бойынша анықтама беруге болады:
геологиялық анықтамасы – сұйық каустобиолит (жанғыш органикалық жыныс), көміртектес материал;
органолептикалық анықтамасы - судан жеңіл, өзіне тəн исі бар коңыр
қара түсті майлы сұйықтық;
химиялық анықтамасы – көмірсутектер мен гертеро атомдардың (күкірт, оттегі жəне азотты) табиғи күрделі қосылысы;
жүйелік анықтамасы – еріткіштері сұйық көмірсутектер болатын, ал ерігіш заттары қатты көмірсутектер (жоғары молекулалы парафиндер, көп циклді нафтендер, кейбір арендер), газдар, төмен (азотты, күкіртті жəне т.б) жəне жоғары молекулалы (шайыр, асфальтендер) көмірсутек емес қосылыстары болатын табиғи көп компонентті көмірсутектер ерітінділерінің жүйесі.



Мұнайдың элементтік, фракциялық жəне топтық құрамдары ажыратылады. Мұнайдың негізгі құраушы элементтері көміртегі мен сутегі. Орташа есеппен мұнай құрамында 86% көміртегі жəне 13% сутегі болады. Сонымен қоса, мұнай құрамына қазіргі таңда өндіріс тəжірибесінде жоғары қызығушылық туғызып отырған органикалық қосылыстар (азот, күкірт жəне басқа да элементтер) да кіреді. Олардың мөлшері мұнай құрамында болар болмас. Алайда оттегі мен күкірт қабаттың беткі бөлігінде, яғни кеуек қуыстарда мұнай мен газдың таралуына, оның қозғалуына айрықша əсер етуі мүмкін. Сонымен қатар бұл қосылыстардың болуы өндірісте маңызды зор – коррозия мəселесіне де əкелуі мүмкін. Мұнай құрамында көбірек кездесетін – күкірт (7 % дейін), алайда кейбір мұнайларда күкірт болмауы да мүмкін. Күкірт мұнай құрамында таза немесе күкіртсутек пен меркаптандар түрінде кездеседі. Ол металл коррозиясын туғызады. «Мұнай. Жалпы техникалық шарттары» МЕСТ 51858-2002 сəйкес құрамындағы күкірттің массалық үлесі бойынша мұнай келесі кластарға жіктеледі:


1 – аз күкіртті (0,60% дейін)
2 – күкіртті (061-1,80%)
3 – жоғары күкіртті (1,81-3,50%)
4 – өтте жоғары күкіртті (3,50% астам)
Азот мұнай құрамында 1,7% шамасында кездеседі. Оттегі мұнай құрамында таза күйінде кездеспейді, ірі түрлі қосылыс түрінде (қышқылдар, фенолдар, эфирлер жəне т.б.) кездеседі. Оның мөлшері 3,6%-дан аспайды. Металлдардан мұнай құрамында темір, магний, мыс, натрий, қорғасын, кобальт, германий, ванадий, ртуть жəне т.б кездеседі. Металлдың мөлшері өте аз, ол тек мұнайды жаққаннан кейін ғана бөлінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет