Атырау облысы әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығы



бет10/23
Дата11.01.2017
өлшемі5,41 Mb.
#7187
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23

Мұны білгеніңіз жөн!
5-тапсырма. Аудиоқұралдан берілген мәтінді тыңдаңыз. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыздар.
Тыңдай білуде адам мына нәрселерді басты назарда ұстағаны абзал:

  1. Кісімен сөйлескен кезде оның жүзіне сыпайылықпен назар сап, айтайын дегенін сабырмен тыңдап, асықпай, сөзінің аяғын күткен дұрыс.

  2. Сөйлесіп тұрғанда ықылассыз тыңдау, мән бермей басқа жаққа назар салу, теріс айналу, сағатқа қарау, әдейі шыдамсыздану, асығыстық жасау әдепсіздік болады.

  3. Өзге адамдардың сөзіне рұқсатсыз араласпаған жақсы. Ал егер сондай қажет болса, «кешіріңіз» немесе «ғафу етіңіз, сөзіңізді бөлейін деп тұрмын», «сөзіңізді бөлуге бола ма?» деген сөздермен сөйлесіп отырғандардан рұқсат сұраған жөн. Бұл әдептілікті бідіреді.

  4. Әңгімелескен, сөйлескен адам өзің келіспейтін пікір айтып отырса да, оны шыдамдылықпен тыңдай білу керек. Адамның ойы таласпен, қарсы пікір айтумен бірге жүреді. Сондықтан пікірталаста байсалды болып, көңіл күйіңді орнықты ұстауға тырыс. Ондайда сөзің, пікірің тиянақты, түйінді болып, ізгілікке, әділдікке сай келетін болсын.


Назар аударыңыз!

Көп нүкте



Қойылатын орны

Мысалы

1

Айтылуға тиісті ой аяқталмай қалғанда сөйлем соңында көп нүкте қойылады.

«Иә, көз – қорқақ, қол – батыр. Бісміллә, береке... » Сонымен бастап та жіберді. Осыдан қара кешке дейін... Жә, мен шамалы кідірейін-ші, әңгіме басы әріден болсын.

2

Сөйлеуші қысылып сөйлей алмай қалғанда, асығыс айтқанда, ойдың бөлінуіне байланысты дауыс ырғағындағы кідірісті білдіру үшін

- Е, не қыл дейсін маған. Бала... ыһ.... тартып жіберші мына шетін, көтерсейші басыңды... мықтап ұста... ешқайда кетпес, оралар... Туып-өскен жері, елі... Ұста деймін, қаттырақ ұста. (Т. Әбдіков)

3

Біреуден алынған цитатаның не алдынан, не соңынан немесе сөйлем, сөз қалдырылған жерге қойылады.

...Дүние де өзі, мал да өзі,

Ғылымға көңіл бөлсеңіз.



4

Айтуға қолайсыз тұрпайы сөздің орнына

Қарашы мына... бүлдіргенін! Басыңнан салып қалайын ба осы?!

5

Ескі қолжазбаларда көрінбей өшіп қалған жерлерге

Қиын тиді оларға

Аз кісі-ақ қайтып сапарға.



(Абай)




Жазылым
6-тапсырма. Төменде берілген сөйлемдерді аяқтаңыз.
1. Адам атаулы...... көпшілік ретте...,... боларын күн ілгері...... жатады.

2. Ең әуелі......тыңдап алып, кейін істің......толық көрінісін......қосымша... қоюға болады.

3. Жинақталған...проблемаларды айқындау үшін, істің...үдерісін бағалап, ілгері атқарылар...жоспарын топтастыру үшін, сізге шынайы кері... байланыс ауадай қажет.

4. Қажеттілігіне қарай... жауып қою, телефон... жауап қайтармау.



5. Өз ұжымыңның......сізге баса айтылғандарды......тиіссіз.
7- тапсырма. Ойнаймыз да ойлаймыз! Тақ сандардың өсуіне қарай сөйлемді оқыңыз. Шешкенде М. Балақаевтың қанатты сөзін оқисыз.


К

Й

Р

С

І

Л

Б

С

Е

К

А

У

К

С

Е

А

Н

І

Т

А

Ы

Е

Ы

125

5

57

1

87

43

13

69

123

61

35

91

53

97

9

81

101

15

73

105

51

119

109




Л

Л

Д

Л

О

Ө

Б

Қ

Ы

А

Б

Л

А

Р

Қ

Е

Е

Д

Ш

Й

Қ

Н

Л

17

89

23

67

99

3

85

33

115

41

63

7

71

121

47

95

55

79

103

11

111

37

107




У

й

А

Е

М

Ы

Ы

А

К

Ш

Т

О

Д

Ғ

Т

Ң

А

19

83

31

59

27

75

45

25

117

39

113

65

93

29

49

77

21



Жауабы: Сөйлей білу адамға қаншалықты керек болса, тыңдай білу де соншалықты керек.
8-тапсырма. «Білікті маман – болашақтың кепілі» тақырыбында қосымша мәлімет іздеңіздер.

Сайт: www.google.kz,

www.astana.kz,

www.egemen.kz,

www.yandex.kz

9-тапсырма. Маман сөзін топтастырыңыз. Қатыстырып, сөйлем құрастырыңыз.

Жауабы:


білікті

білімді


беделді

Маман белсенді

іскер

еңбекқор


қадірлі

тәжірибелі


10-тапсырма. Батаны түсініп оқыңыздар. Әр жолындағы тілектің мәнін ашып түсіндіріңіздер.

Жас баланың күлкісін бер,

Жас ананың ұйқысын бер.

Жомарттың қолын бер,

Сапарлының жолын бер.

Қыздың қылығын бер,

Судың тұнығын бер.

Асаудың арынын бер,

Түнгі оттың жалынын бер.

Асқар таудың паңдығын бер,

Бұлбұлдың таңғы үнін бер.

Даланың жазықтығын бер,

Гүлдің нәзіктігін бер.

Лашынның жүрегін бер,

Нағыз достың тілегін бер.

А.Сейдімбек.

Тапсырма.

1. Бата беріп көрдің бе, қандай түрлері бар, ойыңды ортаға сал;

2. Бата сөздің қандай маңызы бар?

3. Бата сөздегі шешендік сөзге тән белгілерін ата;

4. Өзің білетін батаңды айт.



Даналық мәйегі




Т Е С Т
1. Іскер маманның тыңдау білігін қалыптастырудағы жіктемелердің бірі.

А. Қысқаша жазба жүргізу, мұқият тыңдау;

Ә. Қарсы сұрақтар қою;

Б. Пікірлер айту;

В. Көзқарасын білдіру.

2. Іскерлік қарым-қатынастағы аса маңызды дағды.

А. Сенімсіздіктен аулақ болу;

Ә. Іс-әрекеттің болуы;

Б. Тыңдай білу білігі;

В. Маманның білімі.

3. Сөйлеушінің қай іс-әрекетіне мән беру керек?

А. Киім киісіне;

Ә. Жүріс-тұрысына;

Б. Қойылған сұрақтарға;

В. Сөйленген сөзге.

4. «Оңтайлы» сөзінің мағынасын ашыңыз.

А. Білімді, білгір, білікті;

Ә. Ыңғайлы, икемді, епті;

Б. Тең, тұтас, қатар;

В. Терезесі тең, қатарлас.

5. «Сөйлей білу адамға қаншалықты керек болса, тыңдай білу де соншалықты керек»- деген қанатты сөздің авторы кім?

А. С. Негимов;

Ә. М. Әуезов;

Б. М. Балақаев;



В. А. Сейдімбек.

6-САБАҚ. ІСКЕР МАМАННЫҢ СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІ МЕН ӘДЕБІ



Тілдесім
Сұхбаттасайық!

– Іскер маманның сөйлеу мәдениеті дегенді қалай түсінесіз?

– Маман ретінде іскерлік кездесуде өзіңді қалай ұстар едің?

– Сөйлеу мәдениеті мен шешендіктің байланысы бар ма?







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет