Атырау облысы әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығы



бет1/23
Дата11.01.2017
өлшемі5,41 Mb.
#7187
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Атырау облысы әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығы

Мұғауина М.О.
Іскери-шешендік тіл дамыту

Негізгі оқулық

Атырау, 2014

Атырау облысы әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығының кеңесінде баспаға ұсынылды. (№3 хаттама, 18.09.2014 ж.)

Мұғауина М.О. «Іскери-шешендік тіл дамыту» курсына арналған негізгі оқулығы. – Атырау, 120 бет.

Ұсынылып отырған көмекші оқу құралы қазақ тілін жеделдетіп оқыту курсының тереңдетілген тобына арналған. Мұндағы материалдар М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасының меңгерушісі, профессор, педагогика ғылымдарының докторы А.С.Қыдыршаевтың «Іскерлік шешендіктану қағидалары» кітабы негізінде жинақталған. Оқыту құралының тақырыптары жүйелі түрде сұрыпталып алынған.

Бұл әдістемелік көмекші оқу құрал мемлекеттік тілді оқытатын оқытушылар мен тіл үйренуші мемлекеттік қызметшілер мен барлық деңгейдегі басшыларға, жеке тұлғаларға арналған.

Іскерлік келісім кезінде істің нәтижелі болуы іскер маманның ақылға қонымды аргументтерді орынды қолдана білуге, қажетті жерінде би-шешендердің, ғұлама ғалымдардың даналық сөзімен тосын сөйлеу арқылы ұтымды қол жеткізуіне, телефон арқылы жағымды қарым-қатынас жасауға, бұқаралық ақпарат құралдарға сұхбат беру сәтінде өзін-өзі ұстау мәдениетін игеруге, тағы сол сияқты іскери-шешендіктану қағидаларының сан алуан түрімен танысады.

Атырау облысы әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметшілерді

қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік

орталығы, Мұғауина М.О, 2014


АЛҒЫ СӨЗ

Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Мемлекеттік тілді республикада тұратын барлық ұлт өкілдері білуі тиіс. Бұл, біріншіден, мемлекеттік тілге деген құрмет болса, екіншіден, іскерлік бағытында қолдану үшін өте қажет. Сондықтан бұл оқулық өзге ұлт өкілдері мен қазақ тілін білмейтін жергілікті ұлт өкілдеріне арналған. Оқулық қазақ тілін жаңа-жаңа меңгеріп, ол да болса сөйлеу дағдыларына икемделе бастағандарға үйрету үшін құрастырылған.

Кітап құрылысы 10 сабақтан тұрады. Әр сабақтың өзіндік тәсілдері мен ерекшеліктері бір-біріне ұқсамайды. Олар алуан түрлі. Алайда, бір жүйені тұрақты ұстанғандығы көрінеді. Олар: тілдесім, оқылым, жазылым, тыңдалым деп аталады. Жүйе қазақ тілін үйренушілердің ерекшеліктеріне сәйкестендірілген. Осы төрт тәсіл қолданылмайынша үйрену, сөйлеу, оқу, мәнерлеу мүмкін емес.

Әр сабақтың тақырыптары да көңілге қонымды: «Шешендік сөз тарихынан», «Сөз сөйлеуге даярлықтың демосфендік дағдысы», «Іскерлік қарым-қатынас әдебі», «Аудиторияны тани білеміз бе?», «Іскер маманның тыңдай білу білігі», «Іскер маманның сөйлеу мәдениеті мен әдебі», «Іскер маманның сөз сөйлеу сәті», «Бұқаралық ақпарат құралдарымен қатынасыңыз қалай?», «Телефонмен сөйлесе білеміз бе?», «Тағам үстіндегі іскерлік қалып».

Іскер адамдардың қазақ тілінде қалай қарым-қатынас жасау керектігі, әдептілігі, сөйлеуі, тыңдай білуі, сөйлеу мәдениеті, ақпарат құралдарын пайдалану сияқты істерді атқара білуге үйретуді мақсат ететін сабақтардың мән-мағыналары тартылды, дәл, нақты. Ешқандай абстрактылық тұжырымдар жоқ.

Тапсырмалар, сұрақтарға жауап талап ету, сөз мағынасына саралау, тыныс белгісіне мән беру, сөз тіркестерін құрастыру, тестілік сұрақтарға жауап беру, түсініп оқу, теріп жазу, өз пікірін айта білу, синонимдер табу, суреттер бойынша сөйлем құрау, мәтіндегі негізгі ойды анықтау, аяқталмаған сөйлемдерді аяқтау, қанатты сөздерді жаттау және тағы басқа алуан түрлі тапсырмалар іскерлік сөйлеуді үйренуге көмекке келетін тәсілдер.

Оқулық өте көлемді емес, бірақ шағын оқулықтың тілді үйренушілерге берері мол. Бұл оқулықты өз бетімен пайдаланған адам – мұғалім алдына сандаған сұрақтар беруге дайындалады және өз бетімен сөйлеуге дайындала алады. Тек қана талмай іздену, үйрену үшін ыждағаттылық керек. Өмір талабын терең түсінген адам бұл оқулық арқылы іскерлік сөйлеу мәдениеті мен орнымен сөйлеуді жақсы үйренері қақ.

Кітап авторы Мұғауина Марина Олжағалиқызы оқулық дайындауда көп қызметтенгені байқалады. Мәтіндерді таңдай білу, көптеген жаттығуларды және сауалнамаларды құрастыруға күш салған. Әр тапсырма тілді үйренушінің жігер-күшін еріксіз ұйымдастырып, қызықтыра түсуіне қызмет ететіндей.


Қадыр Жүсіп, Х. Досмұхамедов атындағы

АМУ профессоры, ф. ғ. д. , З. Қабдол атындағы



ғылыми зерттеу орталығының директоры

Қазақ халқының рухани қарыштап дамуы тіл тағдырымен тікелей байланысты әрі Тіл саясаты – Қазақстан Республикасының ғаламдық даму бағытындағы саясатының ажырамас бөлігі.

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында «Халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып, қазақ тілін оқытудың қазіргі заманғы озық бағдарламалары мен әдістерін әзірлеп, енгізу қажет. Мемлекеттік тілді тиімді меңгерудің ең үздік, инновациялық әдістемелік, тәжірибелік оқу – құралдарын, аудио – бейнематериалдарды әзірлеу керек» деп атап көрсеткеніндей, бүгінгі заман талабынан туындап отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне мемлекеттік тілді жеделдете оқыту – тілдік тұғырнаманы қалыптастыру болып табылады. Бұл орайда Президент сөзі мемлекеттік тілді оқытуды жүзеге асырып отырған Тіл орталықтарының оқытушыларына үлкен міндет жүктейді.

«Адам мәдениетінің алғы шарты – дұрыс сөйлей білу. Дұрыс сөйлей білмеген адам күлдіремін деп күйдіреді, сүйіндіремін деп сүріндіреді, білдіремін деп бүлдіреді, қуантам деп қуартады, келтірем деп кетіреді, емірентемін деп езілтеді, жұбатам деп жылатады. Сөйтіп, тілін білмеген түбін білмейді» деп Ғабит Мүсірепов айтқандай, сөз мағынасын терең түсіну, оның астарын ашу, жүйелі сөйлеуге үйрету басты парызымыз.

Осы бағытта тереңдетілген ІІІ деңгейге сай негізделген «Іскери - шешендік тіл дамыту» курсы ашылған болатын. Бұл курстың мақсаты – шешендік өнердің алуан сипаттарын, тарихын, шешендік сөздің түрлері мен ерекшеліктерін, іскерлік қарым – қатынас әдебін, іскер маманның тыңдау білігін, сөйлеу өнерін жете меңгеруге, шаршы топ алдында сөз сөйлеу мәдениетін, ресми – іскерлік қарым-қатынаста өзін ұстай білуге, шешендік өнер қағидаларын меңгеруге көмектесу.

Сонымен бірге, жалпы сөз сөйлеуді шебер меңгеруді қажет етпейтін мамандық атаулы жоқ. Ал адам іс - әрекетінің кейбір салаларында ол аса қажетті де тиімді жұмыстың міндетті алғы шарты да. Сауатты да шешен сөйлей білу дағдысы адамдар арасында жылы да жағымды қарым – қатынас орнатуға және оны сақтауға мүмкіндік береді. Әншейінде мағынасы көмескі, тіптен қажетсіз көрінетін сөзді өз орнында, дәл мезетінде шебер де шынайы қолдана білсе, ол теңдессіз күшті құралға айналары сөзсіз.

Ұлтымыздың қайраткер ұлы, халық батыры Б. Момышұлы: «Өз тілімнің сұлулығын сезбей, өзге тілдің сұлулығын сезіну екіталай» дегендей, мемлекеттік қызметшілер тек тілді үйреніп қана қоймайды, дауыс ырғағын келістіре сөйлеуге дағдыланады, яғни сазды үнмен қазақ тілінің сондай көркем де әсем екендігіне өзгелердің де көзін жеткізеді.



«Іскери – шешендік тіл дамыту» курсы арқылы нәтижесінде:

  • адамдармен ресми қарым-қатынас жасауда іскерлік дағдылары;

  • жұмыс барысында ісі түсе келген тұлғаның көзін жеткізу арқылы адам факторы есепке алынады, мемлекет, мемлекеттік қызметші туралы оңды пікірі;

  • бұқаралық ақпарат құралдарына мақалалар, жұмыс барысы бойынша баяндамалар дайындауда ойды жүйелеу, мемлекет саясатын түсінікті жеткізу, қисынды пікірді айта білу дағдысын;

  • шаршы топ алдында, телебейне көрсетілімдерде өз саласы бойынша пікір алмасып, сөз сөйлегенде мүдірмей, ойын нақты, ашық айтуды, өзін - өзі ұстай білуді қалыптастырады.

1-САБАҚ. ШЕШЕНДІК СӨЗ ТАРИХЫНАН
Тілдесім


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет