Атырау облысы әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығы



бет11/23
Дата11.01.2017
өлшемі5,41 Mb.
#7187
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23

Оқылым

1-тапсырма. Аудиоқұралдан берілген мәтінді тыңдаңыз. Түсініңіз.

Тіл шеберлігінің құны түсініктілігінде, өйткені сөз түсініксіз болса көздеулі мақсатқа жетпейді.



Аристотель.
Бүгінгі ұлттық сөйлеу тілі мәдениетінің жоғары формасы ретінде шешендік кең көлемдегі мәдениеттің ажырамас бір бөлігі қалпында қатты сезілуде әрі танылуда. Қазіргі таңда зиялы адамның сүреңсіз де сөлекет сөйлеуі, яғни іскер маманның сөйлеу мәдениетінің төмендігі адам баласының оқи және жаза білмеуі секілді ыңғайсыз көрінуі тиіс. Сөйлеу мәдениетіне баса мән бере аса сергектік танытқан араб халқы бұл ретте: «Сөйлемесе – кесек, сөйлесе – есек», - деп шымбайға батыра айтқан.

Жалпы сөз сөйлеуді шебер меңгеруді қажет етпейтін мамандық жоқ. Ал адам іс-әрекетінің кей салаларында ол аса қажетті әрі тиімді жұмыстың алғышарты. Сауатты да шешен сөйлей білу дағдысы адами жағымды қарым-қатынас орнатуға әрі оны ұзақ мерзімге сақтауға мүмкіндік жасайды. Мағынасы көмескі, тіптен қажетсіз көрінетін сөзді өз орнымен, дәл мезетінде шебер де шынайы қолдана білсе ғана, ол теңдессіз күшті құралға айналады.

Біздің адами іскерлік қарым-қатынасымыз сәтімен жүзеге асуы үшін тек қана тілді, оның грамматикасы мен сөздік қорын терең біліп қою жеткіліксіз. Дидарласушыңды еліктіре отырып, оған әсер ету үшін, өз бағытыңызға зейінін аудару үшін, өзіңізге ұнамды адамдармен, тіпті өз қарсыластарыңызбен сөйлесе білу үшін, дос-жаран арасындағы әңгімеге қатыса білу үшін, ақырында шаршы топ алдында сөйлей білу үшін, өз сөзіңізді орынды үйлестіре білуге үйрену аса қажет.

Іскер маман сөз сөйлеуге даярланудың алғашқы кезегінде сөз сөйлеудің мақсатына орай «Кімдерге сөйлеймін?», «Оларға не айтамын?», «Оларға бұны не үшін айтамын?» тұрғысындағы сауалдарға ойлануы тиіс. Одан әрі сөйленер сөздің сыртқы «техникалық» жағын айқындайтын «Қалай дұрыс айту керек?», «Қалай түсінікті айту керек?», «Қалай қызықты айту керек?», «Қалай сендіре сөйлеу керек?» қалпындағы сұрақтарға жауап бере алатындай болғаны дұрыс.

Сөйлеу кезінде жеке адамдар өзіндік ерекшеліктерін қоспай тұра алмайды. Әр адамның өз сөйлеу мәнері, сөз саптау ерекшелігі болады. Дегенмен адам мынадай қарапайым нәрселерді бойына қалыптастырғаны дұрыс.

1. Сөйлеген кезде әр сөздің айтылу заңдылықтарын (орфоэпиялық норма) сақтап, мағынасына орай сөйлемде дұрыс қолдануға дағдылану керек. Мысалы, айтылуы құлұн, жазылуы – құлын, бож жорға – боз жорға, түнге ғарай – түнге қарай, көтөрөм – көтерем.

2. Сөйлесіп отырғанда, пікіріңді айтқанда қолды сермеуге, қатты күлуге, бет-ауызды көп қимылдатып, жөні жоқ қисаңдата беруге болмайды.

3. Аса қатты сөйлеу немесе міңгірлеу, сөйлеу кезінде артық қимылдар жасау және мәнсіз майысып сөйлесу адамды ыңғайсыз жағдайға қалдырады.

4. Өзің туралы көп айта беру, барлық сөзді өзің бастау – ол да әдепсіздікті көрсетеді. (Әңгімелесіп отырған ортаның ыңғайын байқаған дұрыс). Білмейтінің жөнінде айтпа, өзің түсінбейтін сөздерді қолданба.

5. Аса қызынып тез сөйлеудің көп жағдайда қажеті жоқ. Егер сөйлесіп отырған адам қатты сөйлессе, одан да қатты айқайлап сөйлеуге тырыспау керек. Ой мен дауыс ырғағын сабақтастырып, пікіріңді баппен, анық, дәл айтсаң, сенің дауыс ырғағыңа, байыпты пікіріңе қарай сөйлеуші де сабасына түседі.

«Сөйтіп, әрбір сөйлемнің өз орайына алуан ырғақты үні, тиісті әуені, музыкалық сазы болады. Сондықтан айтылған сөз бен жазылған сөз тепе-тең бола алмайды. Әрбір сөзді, сөйлемді, сөз тіркесін айтылмақ ойдың мазмұнына сәйкестендіріп айту – сөйлеу тілі мәдениетінің басты талаптарының бірі. Өйткені сөйлеген, сөйлескен кісінің үніне адам ойының нақышты бедері ғана емес, ойдың өзі көлбеп көлденең тартылады. Сөзді сөйлеп білген кісіге оның ырғақты әуені шексіз. Соны білмей әйтеуір сөздерден сөйлем құрай салу – олақтық. «Олақтың өзі орынсыз жамау сияқты» дегенді қазақ халқы осындайларға арнап айтса керек-ті.»

М. Балақаев.
2-тапсырма. Мәтіндегі жаңа сөз тіркестерімен танысыңыз. Оларды дәптерге көшіріп жазыңыз.


Тіл шеберлігі

Кең көлемдегі

Зиялы адам

Шебер меңгеру

Зейінін аудару

Үйлестіре білу

Жеке адамдар

Сөз саптау



Аса қызынып

Артық қимыл

Дауыс ырғағы

Байыпты пікір

Ыңғайсыз жағдай

Айтылу заңдылықтары

Шаршы топ алдында



3-тапсырма. Мәтінді өзіңіз оқыңыз. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Сөйлеу мәдениеті дегенді қалай түсінесіз?

2. Адамдар арасында жағымды қарым-қатынасты қалай орнатуға болады?

3. Сөз сөйлеуде іскер маман нені басшылыққа алған жөн?

4. Сөйлеуші әр сөздің айтылу заңдылықтарын ескеруі қажет пе?

5. Сөйлеу тілі мәдениетінің басты талабы не?


4-тапсырма. Мәтінге құрылған төмендегі жоспарды ретіне қарай орналастырыңыз.

  1. Ұлттық сөйлеу тілі;

  2. Адамдар арасындағы жағымды қарым-қатынас;

  3. Даярлықтың алғашқы кезеңі;

  4. Өзіндік ерекшеліктері;

  5. Сөйлеу мәдениетінің басты талабы.


Сөз мағынасын саралайық!


Тыңдалым

Мұны білгеніңіз жөн
5-тапсырма. Аудиоқұралдан берілген мәтінді тыңдаңыз. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыздар.

«Қабуснамадан»

«Ей, перзентім, білгенің жөн, адам – үш түрлі, сөз – төрт түрлі болады. Адамдардың бірінші түрі – біледі және білген сайын білгісі келеді, бұлар ғалымдар тобына жатады. Бұлардың айтқанына тәнті болу керек.



Екінші түрі – біледі, біле тұра, білмеймін дейді. Бұлар ұйқыдағы зұлымдар, олардан сақ болған жөн.

Үшінші түрі – білмейді және білгеннің тілін алмайды. Олар – ессіз, надандар. Бұл сияқтылардан аулақ жүру керек. Сөз төрт топқа бөлінеді.

Біріншісі – білуге де, айтуға да қажеті жоқ сөздер.

Екіншісі – білуге де, айтуға да қажетті сөздер.

Үшіншісі – білуге қажеті жоқ, бірақ айтуға болатын сөздер.

Төртіншісі – білу керек, бірақ айтуға қажетсіз сөздер...

Төрт түрлі сөздің ең абзалы – білуге де, айтуға да қажетсіз... Сөз өнерін меңгеріп, биік дәрежеге көтерілгеніңді жұрт сөйлеген сөзіңнен білсін».


Назар аударыңыз!

Үтір



Қойылатын орны

Мысалы

1

Бірыңғай мүшелер жалғаулық шылаусыз келгенде

Қайрат, ақыл, жүрек – үшеуі ғылымға жүгініпті.

2

Бірыңғай мүшелердің арасында жалғаулық шылау қайталанып тұрса

Не дүниеде, не ахиретте не пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын – мен.

3

Оңашаланған айқындауыштың екі шетіне

Мен, Әсетов Орман, осы істі мойындаймын.

4

Құрмалас сөйлемдегі жай сөйлемдер арасына

Қазанға қарамай асықса да, әңгімемен біраз отырып қалды.

5

Төл сөз хабарлы сөйлем болса, автор сөзі алдынан (артынан) үтір, сызықша қойылады.

- Жеңеше, -деді кетерінде, - кірпіш тауып қойыңыз.

6

Оқшау сөз (қаратпа сөз, қыстырма сөз, одағай) сөйлем басында келсе, одан кейін; сөйлем ортасында келсе, екі шетіне; сөйлем соңында келсе, алдына үтір қойылады.

Қаратпа сөз: Балам, ертерек кел.

Қыстырма сөз: Әрине, ертең сабақ болады.



Одағай: Жүрегім, ойбай, соқпа енді.


Жазылым
6-тапсырма. Төменде берілген сөйлемдерді аяқтаңыз.
1. Тіл шеберлігінің құны... өйткені сөз... болса көздеулі... жетпейді.

2. Әрбір сөзді, сөйлемді, ...... айтылмақ ойдың мазмұнына...... – сөйлеу тілі мәдениетінің...... бірі.

3....кезде әр сөздің айтылу...(орфоэпиялық норма) сақтап, ... орай

сөйлемде дұрыс...дағдылану керек.

4. Әр адамның өз...мәнері, сөз...ерекшелігі болады.

5. Өзің туралы көп......, барлық сөзді...... – ол да... көрсетеді.



7-тапсырма. Сөздерді орын тәртібімен орналастырып, сөйлем құрастырыңыз.

Мәдениеттендіре, түседі, мағына, іздеу, сөзді, бағалау, сөзге, тоқтау, адамды, сөзден.


Жауабы: Сөзді бағалау, сөзге тоқтау, сөзден мағына іздеу адамды мәдениеттендіре түседі. І.Омаров.
8-тапсырма. «Ел мәдениеті тілден басталады» тақырыбында қосымша мәлімет іздеңіздер. Сайт: www.google.kz,

www.egemen.kz,

www.yandex.kz

9-тапсырма. Мына нақыл сөздерді оқып шығып, мағынасын түсіндіріңіз.

Сөйлеп көріңіз, мен сіздің кім екеніңізді айтайын. (Сократ)

Әдептіліктің алды – абайлап сөйлеу. (Йүгінеки)
10-тапсырма. Мына сөздердің баламасын табыңыз және оны сөйлеу әдебіне байланысты түсіндіріңіз.

Сөздердің құлаққа қатқылдау тиетін мағынасын жұмсартып айту тәсілін тіл білімінде қалай аталады?

Қосып айтады -...

Құлағы тосаң -...

Аузы жеңіл -...

Сөзге келу -...

Бет жыртыспау -...

Жасы ұлғаю -...

Қалтасы тесік -...

Сымсыз телефон -...

Ұзын құлақ -...

Ішінде бүкпесі бар -...

Қолды болды –

Аузының желі бар -...



11-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып көшіріңіз. Мақал- мәтелдерде адамдардың бір- бірімен сөйлесу әдебі қарым-қатынасы туралы қандай ой айтылады? Сөз әдебі (этикеті) дегенге түсінік беріңіз.
1. Бұлттан шыққан... ащы,

Жаман адамның... ащы.

2. Басқа пәле....

3. Адам....

Жылқы....

4. Ойнап сөйлесең де, ... сөйле

5. Аяғы жаман көрді былғар,

Аузы жаман....

6. Жүре білмеген жол бұзады,

Сөйлей білмеген....



Керекті сөздер: елді былғар, сөйлегенше, күн, сөз бұзады, тілден,

кісінескенше, ойлап, тілі.
Даналық мәйегі



Т Е С Т
1. Адамдар арасында жағымды қарым-қатынастарды қалыптастыру жолдары

А. Жағымды күлкімен;

Ә. Сауатты да шешен сөйлей білу;

Б. Жылы сөзімен баурау;

В. Тиімді жұмысымен.

2. «Шешендік – тіл өнері мен сөйлеу мәдениетінің ең жоғарғы сатысы», - деген қанатты сөз кімдікі?

А. М.Балақаев;

Ә. С.Негимов;

Б. М.Әуезов;

В. А.Сейдімбек.

3. Мағынасына орай сөйлемді дұрыс қолдануда қандай ережені басшылыққа алуы керек?

А. Орфографиялық;

Ә. Фонетикалық;

Б. Орфоэпиялық;

В. Морфологиялық.

4. «Зиялы» деген сөзді қалай түсінесіз?

А. Ізетті, әдепті, білімдар;

Ә. Жоғары оқу орнын бітірген;

Б. Тілге шешен адамды;

В. Мейірімді, қайырымды жанды.

5. Басқа пәле. . . неден?

А. Адамнан;

Ә. Тілден;

Б. Ауыздан;



В. Көзден.

7-САБАҚ. ІСКЕР МАМАННЫҢ СӨЗ СӨЙЛЕУ СӘТІ





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет