Атырау облысы Қызылқоға ауданы



Дата06.07.2018
өлшемі31,38 Kb.
#47739
Атырау облысы

Қызылқоға ауданы

Қаракөл орта мектебі

Тарих пәнінің мұғалімі

Суатова Фарида Болатовна
Пәні: Қазақстан тарихынан әңгімелер

5-сынып


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: § 11 Монғол шапқыншылығы. Отырар-қаһарман қала.

Мақсат:

Моңғол империясының құрылуы, империяның қоғамдық құрылысы, моңғолдардың Қазақстанды жаулап алуы, жаулап алудың зардаптарын талдау. Шыңғысханның жаулап алған жерлерін өзінің төрт баласына бөліп беруі нәтижесінде Қазақстан аумағындағы ұлыстардың құрылуы, моңғолдарға қарсылық көрсеткен қаһарман қала- Отырар қорғанысы мен Отырардың күйреуі туралы жаңа білімді меңгерту.

Күтілетін нәтиже

Өз бетінше қорытынды жасайды

Тақырып бойынша сызба-кестелер құра алады.

Тақырыптық тест үлгілерін орындай алады.

Картадан Шыңғысханның Қазақстан аумағынан құрған ұлыстарының аумағын көрсетіп, тақырыпты түсіндіре айта алады.

Шығармашылық жұмыстар орындай алады.



Сілтеме: Х.Ермұханова «Қазақстан тарихы» Шың-кітап А.2009-2010 жыл

Т.С.Садықов, С.Жолдасбаев «Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы» 7-сынып оқулығы Алматы «Атамұра» баспасы.



Дереккөздер: Ғаламтор материалдары

Көрнекіліктер:

1. Карта

2. Электронды оқулық

3. М.Шаханов «Отырардың күйреуі» поэмасы

Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап әдісі, кесте, карта, «Даталар сөйлейді», «Шыңғысхан кім?», «Бұл туралы не білесің?», тест, салыстыру кестесі

Кейінгі оқу: § 11 Монғол шапқыншылығы. Отырар-қаһарман қала.

Мұғалім жазбалары

Ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа қатысын, дайындығын назарға алу-2 минут

Үй тапсырмасы (7минут)

1.Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихын әңгімелеңдер?

2.Жібек жолының басталатын аймағы? Қытай жеріндегі Хуанхэ өзенінің аңғарындағы аймағы

3.Ежелгі Қытай деректеріне қарағанда алғаш рет Қытай елінен Батыстағы елдеріне қарай нешінші ғасырда жібек артқан керуендер жолға шыққан? Б.з.б 1 ғ ортасында

4.Жібектің бүкіл Еуразияға әйгілі болған кезеңі? 6 ғасырда

5.Жібек сатуда Қытай елімен бәсекеге түскен ел? Соғды

6. Жібек өндіру тағы қай елдерде жандана бастайды? Жапон, Кавказ жерінде

7.Археологиялық қазба жұмысы кезінде атақты Византия шеберлерінің қолынан шыққан тамаша күміс құмыралар қай қаладан табылған? Тараз

8.Кытайдың әдемі фарфордан жасаған, көздің жауын алатын ыдыстары Қазақстанның қай қалаларынан көптеп табылған? Талғар, Испиджаб, Отырар.

9.Мешіт-смедреселердің орындары табылған қалалар? Тараз, Баласағұн, Испиджаб

10.Ұлы Жібек жолының Шығысқа шығатын басты қақпасы ? (Жетісу)

11.Ұлы Жібек жолының Батысқа шығатын басты қақпасы? (Оңтүстік Қазақстан)

12.Жібек жолының қазақ елі үшін қандай маңызы болды?

Жаңа сабақтың жоспары:

1.Моңғол империясының құрылуы,

2.Империяның қоғамдық құрылысы

3. Моңғолдардың Қазақстанды жаулап алуы

4. Жаулап алудың зардаптары

5. Қазақстан аумағындағы ұлыстардың құрылуы

6. Моңғолдарға қарсылық көрсеткен қаһарман қала- Отырар қорғанысы

7.Отырардың күйреуі

Жаңа ақпарат.

Қазіргі Моңғолияның жерінде XIII ғасырдың басында Керей, Найман, Жалайыр хандықтарының шекарасына іргелес жатқан моңғол тайпалары бірде тату, бірде араз өмір сүрген.Моңғол империясының шаңырағын алғаш көтерген Шыңғысхан (бала кезіндегі аты Темүжін) 1155 жылы кей деректерде 1162 жылы) Моңғолияның Кендітау аймағындағы Онон өзенінің жағасында, Болдоң деген жерде Есугей батырдың отбасында туған. Темүжін 9 жасқа толған кезінде әкесі татарлар қолынан қаза табады. 1206 жылы Онон мен Керулен өзенінің жағасында өткізілген Темүжінді жақтайтын көшпелі шонжарлардың құрылтайында тоғыз құйрық қыл байланған қасиетті ақ туды желбіретіп, Темүжінді хан сайлайды. Моңғол мемлекетін Шыңғысхан жеке басқарды. Империяны 95 түмен әкімшілік билікке бөлді. Әрбір түменде 10 мыңнан астам адам болды. Түмендер аймаққа бөлінді. Әрбір мыңдық он жүздіктен, жүздіктер ондықтардан тұрды. Басқару жүйесі ондықтан басталды. Әскери басқару жағынан Моңғолия аумағы мен халқы 3 әскери әкімшілік аймаққа бөлінді. Олар: Оң қанат (Барунгар) , Сол қанат (Жоңғар), және Орталық қанат (Күл) деп аталды. Мемлекеттің басты заңы «Жасақ» (Яса) деп аталды. Екі бөлімнен тұрған.



Бірінші бөлім - Шыңғысханның өзі айтқан нақыл сөздері мен ел басқарудағы кейбір басты мәселелер жөніндегі шешімдерден тұрды.

Екінші бөлім- Әскери, азаматтық істерді орындаудағы жалпы заңдар және оларды орындамағандарды жазалаудың түрлі ережелерінен құралды.

«Жасақ» бойынша өкімет билігінің жоғарғы органы- Құрылтай болды. Ол жылына 1 рет, жаз айында шақырылды. Онда басты мәселе- алдағы болатын соғыстың жоспары талқыланды.

1207-1208 жылдары үлкен баласы-Жошы Енисей қырғыздары мен теріскей Сібір халықтарын басып алады. 1207-1209 жылдары- Шыңғысхан танғұттардың мемлекетін, одан кейін Тұрфан кінәздіктерін өзіне қаратып, ұйғырларды бағындырады. 1211-1215 жылдары Қытай жерін басып алып, олардың тас атып дуал құлататын, от лақтырып өрт шығаратын соғыс техникаларын қолға түсіреді. Шыңғысхан жіберген 450 адамы бар 500 түйелік сауда керуені 1218 жылы Отырар қаласына келіп жетеді. 1219 жылы Шыңғысханның ұзын саны 150 мыңға жуық қолы Ертістен Сырдарияға қарай қаптайды.

Шағатай мен Үгедей бастаған түмендер Отырарды қоршауға алады.

Жошы бастаған әскерлер Сырдарияның төменгі ағысындағы қалаларға аттанады.

Үшінші бүлік Сырдың жоғары ағысындағы қалалар мен қыстақ-кенттерді алуға, ал Шыңғысханның кіші баласы Төле Бұхара қаласына бет алады. Отырар қаласы 6 ай бойы берілмей қарсыласқан. Сығанақ қаласы -3 ай бойы, Ашнас қаласы- 15 күндей берілмеген. 1219-1220 жылдары Сыр бойындағы қалалар толығымен моңғолдардың иелігіне көшеді.

Кестені толтырыңдар.


Қазақстан аумағында ұлыстардың құрылуы



Жошы ұлысы



Үгедей ұлысы

ұлысы


Шағатай ұлысы



Шығысы Ертіс өзенінен батысы Еуропа жеріне дейінгі аумақ, қазақ жерінен Шығыс Дешті Қыпшақ , Арал, Сырдың төменгі ағысы, Жетісудің солтүстік-шығысы қарады.

Оңтүстік және Оңтүстік-шығыс Қазақстан (Жетісу аймағы) мен Орта Азия жерлері қарады.

Батыс Моңғолия мен Алтай, Тарбағатай, Ертістің жоғары ағысы бойындағы жерлер қарады.

Қызығушылықты ояту мақсатында оқушылардан Отырар қаласы туралы не білетіндігін сұраймын. Оқушы пікірлері тыңдалғаннан кейін ғаламтор жүйесі материалдарын және АКТ-ны пайдаланып толық мәлімет беремін.

Ғаламтор материалдарын пайдалану.

Отырар  (Тұрарбанд, Тұрар, Тарбанд, Фараб) – ортағасырлық қала орны. Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Темір темір жол стансасынан солтүстік-батысқа қарай 7 км жерде орналасқан. Отырар VIII ғасырдың басынан Тарбанд (Трабан) деген атаумен белгілі. Бұл атау Күлтегін және Білге қаған құрметіне арналған көне түркі жазбаларда кездеседі. VIII ғасырдағы араб географы  Якут “Тарбанд, Тұрар, Тұрарбанд пен Отырар – бір қала” деп жазады. Араб тарихшысы Табаридің Отырар патшасын әл-Мамун халифтың жауларының бірі деп атағанына қарағанда, Отырар IX ғ-дың өзінде-ақ ірі қала болған. X ғ. жазбаларында Кедер деген орталық қаласы бар Фараб аймағы аталады. Ал Фараб  Кедерден көне қала екені әл-Мақдисидің (10 ғ-дың аяғы) еңбегінде жазылған. Оның айтуынша, бас қала аймақ есімімен Фараб аталған. X ғ-дан кейін Кедер тарихи және географиялық жазбаларда аталмайды, оның орнына астана да, аймақ та Фараб делінген. Отырар V-XV ғғ-ларда Арал бойындағы көшпелі тайпалармен сауда жасайтын Иран менОрта Азиядан СібіргеМоңғолияға және Қытайға қатынайтын сауда жолындағы маңызды қала болды. Кейбір зерттеушілердің пікірінше, қалада сол кезде әлемдегі аса ірі кітапхана және көптеген мешіт-медреселер болған.

Отырар апаты


1218 жылы Хорезмшаһ Мұхаммедтің Отырардағы билеушісі Қайырханның әмірімен Шыңғыс хан керуенінің саудагерлері өлтіріледі. Бұл Шыңғыс ханның Орталық Азияға шапқыншылық жасауына сылтау болды. Тарихи әдебиеттерде бұл қырғын “Отырар апаты” деген атпен белгілі. 1219 жылы күзде моңғол әскерлері Отырарға жетті. Моңғол шапқыншылығы салдарынан Отырар қиратылып, қала тұрғындары қырғынға ұшырады. Бірақ 1219 жылғы апаттан кейін Отырар қайта жанданды.

1255 жылы армян саяхатшысы Отырарды Сырдария бойындағы ірі қалалар қатарында атайды. Отырар дүниежүзілік саудада бұрынғысынша делдалдық рөл атқарды. Қала туралы 1320 жылы Флоренция көпесі Пеголоттидің Азов теңізінен Қиыр Шығысқа дейінгі сауда жолы туралы жазбаларында да баса айтылған. XIV ғасырда  Ақ Орда хандары мұнда медреселерханакалармешіттер, кеңселер салдырды. XIV ғасырдың аяғында Отырар  Әмір Темір мемлекетінің құрамына кірді. Әмір Темір мұнда бірнеше рет болып, Шығыс жорығына дайындығы қызған кезде (1405) осында қайтыс болды. Әмір Темір мирасқорлары мен Мұхаммед Шайбани әулетінің қазақ хандарымен күресі барысында Отырар тағдыры тағы да сынға түсті. XVI ғасырдың 2-жартысынан бастап қала қазақтардың билігіне біржолата көшіп, шамамен XVIII ғасырдың басына дейін болған. Отырарда археологиялық қазба жұмыстары кең көлемде 1969 жылы Қазақстан Ғылым Академиясының К.Ақышев басқарған Отырар археологиялық экспедиция ұйымдастырылғаннан кейін басталды.


Отырардың сипаты


Қазіргі уақытта Отырар – бесбұрыш тәріздес төбе. Өлшемдері: оңт. жағы – 380 м, оңт.-батысы – 145 м, батысы – 400 м, солт.-шығысы – 380 м және шығысы – 350 м. Төбенің ең биік жері іргесінен 18 м. Жалпы аумағы 200 га. Қала дуалмен қоршалған. Оның солт.-шығыс және шығыс жақтағы құрылыстары жақсы сақталған. Негізгі төбені айналдыра қазған орлардың орны бар. Қаланың үш қақпасы болған. Орт. қақпа оңт. жағына орналасқан. Археологиялық қазба жұмыстары қала орнындағы мәдени қабаттарды анықтап, олардың қай уақытта болғанын, құрылыс орындарын кезеңге бөліп, талдау жасауға мүмкіндік берді. Қаланың мәдени қабаты 16 м. Ол 7 мәдени қабаттан тұрады.

  • 1-қабаттан (б.з. 1-6 ғасырлары) зат (қолдан жасалған құмыра сынықтары) аз табылды;

  • 2-қабаттың (7-8 ғасырлар) қалыңдығы 3 м-ге жуық;

  • 3-қабаттан (қалыңдығы 1 м-дей, 9-10 ғасырлар) қабырғалары шикі кірпіштен (422210 см) қаланған тұрғын үйлердің орны, қола білезіктер мен алқалардың жұрнақтары, темір бұйымдардың сынықтары, шарап құятын ыдыстар табылды;

  • 4-қабатқа (қалыңдығы 1,5 м, 11-13 ғасырдың басы) қайта жоспарланып салынған құрылыстар тән, сонымен бірге бұл қабаттан семсердің сынығы, қола сақина, шыны ыдыстардың сынықтары, әр түрлі шыныдан жасалған алқалар, т.б. заттар алынды;

  • 5-қабаттан (қалыңдығы 1,5 м, 13-14 ғасырлар) қабырғасы күйдірілген кірпішпен (24244 см) қаланған құрылыстардың орны, іргесінен тандырдың, шаруашылыққа арналған шұңқырлардың, зат қоймасының (одан темір пышақ, ер-тұман әбзелінің қалдықтары, темір ине, қола алқалар, т.б. заттар табылды) қалдықтары ашылды;

  • 6-қабаттан (қалыңдығы 1,5 м, 15-16 ғасырлар) қырлы темір пышақ, зергерлердің сүйектен жасалған балғасы, ат мүсіні, т.б. заттар іріктеп алынды;

  • 7-қабатының қалыңдығы 0,7-0,8 м (17-18 ғасырлар). Бұл қабат қаланың құлдырап, төмендей бастаған кезеңіне жатады.

Отырар медресесі – Отырар қаласында болған ортағасырлық діни оқу орны. 8 ғ-дың аяғында құрылып, моңғол шапқыншылығына дейін жұмыс істеген. Медреседе жан-жақтан білім іздеп келген шәкірттер 10 жыл бойы тәрбиеленді. Оларға бесінге дейін сабақ берілсе, бесіннен кейін медресе жұмысына салынды (аула сыпыру, ас пісіру, бау-бақша суару, т.б.). Ал екіндіден кейін шәкірттер өз жұмыстарымен айналысты. Отырар медресесінде   алғашқы 5 жылда сол заманғы әлемдік үш тіл: түркі-қыпшақ, парсы, араб тілдері оқытылды. 5 жылдан кейін шәкірттерге діни сабақтармен қатар астрономия, геометрия, музыка, т.б. ілімдер бойынша жан-жақты білім берілді. Тіпті бұрнағы заманда жойылып кеткен әліппелер (мыс., Финикия әліппесі) үйретілді. Отырар медресесінде   ғұлама ғалым Әбу Наср әл-Фараби оқыған.  Қазіргі кезде Отырар өңірінде 160-тан астам тарихи-мәдени ескерткіш бар.

 (Қазақ Энциклопедиясы)



Даталар сөйлейді.

1207-1208 жылдары

1207-1209 жылдары

1211-1215 жылдары.

1218 жылы.

1219 жылы

1219-1220 жылдары

«Тұлғаны таны»

«Шыңғысхан кім?»

«Қайыр хан? »
«Бұл туралы не білесің?»
«Жасақ» «Қасым ханның қасқа жолы» ( екі заң ережесін салыстырады. Оқушылар тарих үйірмесінде Қасым ханның заңымен танысқан болатын)

Салыстыру кестесі.

Қару-жарақтар Моңғолдар

Отырарлықтар

Жеке жұмыстар

1.Тақырып бойынша тест құру

2.Ментал карта

3. Топтастыру стратегиясын пайдалана отырып, жаулап алудың зардаптарын жаз

Әскери басқару

3 әскери әкімшілік аймаққа бөлінді.




М.Шаханов «Отырардың күйреуі» поэмасын оқи отырып оқушы пікірін туындату.

Ғаламтор материалдары

Алты ай бойы Отырар қамалы ұлы Шыңғыс ханға берілмегендіктен Шыңғыс хан өз ұлы Шағатайға ақыл айтады. Алты айдан соң Отырырдағы сатқын Қараша Отырарды сатады. Шыңғыс хан Отырардың ұлы қолбасшысы Қайыр ханды құрметтеп сыйлайтынын білдіреді де, сол себепті ол Қарашаны өлім жазасына кеседі (Қарашаның әкесінің, Қарияның көзінше). Ақыр соңында Қария шеткі елшілер қақпасынан бір баланы құтқарып жібергені туралы айтады.


Шығарма кейпкерлері


  • Шыңғыс хан - Моңғол ханы, қолбасшы, айлакер, ақылды.

  • Шағатай - Шыңғыс ханның ұлы.

  • Қадырхан (Қайырхан) - Отырар ханы,ақылды, ойшыл, данышпан.

  • Қараша (Қарашоқы) -сатқын.

  • Қария - сатқынның әкесі, ақылды, данышпан, ойшыл.

Бағалау Формативті бағалау, суммативті баға

Рефлексия «Сабақтың сәтті шыққан кезеңі»

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет