Атырау облысы. Қызылқоға районы. Ш. Т. Еркінов атындағы орта мектебі. Биология пәні мұғалімі. Қарағожина Кенжегүл Гапуринқызы



Дата01.08.2017
өлшемі161,01 Kb.
#22511


Атырау облысы.

Қызылқоға районы

.Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектебі.

Биология пәні мұғалімі.

Қарағожина Кенжегүл Гапуринқызы

6сынып.Тарауларға қорытынды тест



І тарау

1)Микроскопты ойлап тапқан ғалымдар?

А)әкелі-балалы Янсендер Ә)Роберт Гук Б) Луи Пастер

2)Ең күрделі ұлғайтқыш құрал?

А)Өсімдік Ә)Ұлпа Б) Микроскоп

3)Жасушаны ашқан ғалым?

А)әкелі-балалы Янсендер Ә)Роберт Гук Б) Луи Пастер

4)Микроскоптың ең негізгі бөлігі?

А)окуляр Ә)көру түтігі Б)табан

5)Микроскоптың 2 линзасы бар бөлігінің атауы?

А)окуляр Ә)көру түтігі Б)табан

6)Микроскоптың көру түтігін жоғары, төмен түсіретін бөлігінің атауы?

А)заттық үстелше Ә)тұтқа Б)табан

7)Жасушаның тығыз, сыртында 2 қабат қабықшасы бар бөлімі?

А)пластид Ә)вакуоль Б)ядро

8)Жасуша қабықшасының жұқарған жері?

А)саңылау Ә)қабықша Б)цитоплазма

9)Тек өсімдік жасушасына тән дәнешік ?

А)органоидтар Ә)пластид б)вакоуль

10)Өңді құрайтын ұлпа?

А)Түзуші Ә)Жабын Б)Негізгі

11)Жасушалары ұдайы бөлінетін ұлпа?

А)Түзуші Ә)Жабын Б)Негізгі

12)Алмұрттың жұмсақ етіндегі қатты түйіршіктерінің ұлпасы?

А)Түзуші Ә)Жабын Б)Тірек

13)Түтікше пішінді ұзынша жасуша бар ұлпа?

А)Бөліп шығарушы Ә)Тірек Б)Өткізгіш

14)Өсімдіктерде керексіз заттарды шығаратын ұлпа?

А)Бөліп шығарушы Ә)Тірек Б)Өткізгіш

15)Жасушасына су жинаушы ұлпа?

А)Фотосинтездеуші Ә)Су жинаушы Б)Қыртыс

16)Өсімдікті өрттен, күн сәулесінің қыздыруынан қорғайтын ұлпа?

А)Фотосинтездеуші Ә)Су жинаушы Б)Қыртыс

17)Жапырақта түзілген органикалық заттарды жер асты мүшесіне жеткізетін ұлпа?

А)Фотосинтездеуші Ә)Су жинаушы Б)Өткізгіш

18)Өсімдік «қаңқасын» құрайтын ұлпа?

А)Өткізгіш Ә)Тірек Б)Негізгі

19)Сабақтың ең ұшында болатын ұлпа?

А)Түзуші Ә)Жабын Б)Негізгі

20)Жасушада қор жинауға қатысатын түссіз пластид?

А)Хлоропластар Ә)Хромопластар Б)Лейкопластар

21)Микроскоптың бірнеше линзасы бар бөлігінің атауы?

А)Объектив Ә)Айна Б)Окуляр

22)Жасуша ішіндегі сұйықтықтың қысымын реттейтін бөлігі?

А)Вакуоль Ә)Пластид Б)Цитоплазма

23)Микроскоптың барлық бөлшектері бекінетін орын?

А)Табан Ә)Тұтқа Б)Бұранда

24)Жасушаның ішіндегі желім тәрізді созылмалы қоймалжың сұйықтық?

А)Пластид Ә)Ядро Б)Цитоплазма

25)Өсімдікке жасыл түс беретін пластид?

А)Хлоропластар Ә)Хромопластар Б)Лейкопластар

ІІ тарау

1)Ағзаның белгілі бір қызмет атқаратын бөлігі?

А)ағза Ә)мүше Б)жасуша

2)Өсімдіктің жер асты мүшесі?


А)сабақ Ә)жапырақ Б)тамыр

3)Тамырдың түктер орналасқан бөлімі?

А)тамыр оймақшасы Ә)сору Б)бөліну

4)Тамырдың тамыр бөліміне кірмейтін жері?

А)тамыр оймақшасы Ә)сору Б)бөліну

5)Тамырдың жас жасушалары бөлінбейтін бөлімі?

А)өсу Ә)сору Б)бөліну

6)Тамырдың қарқынды өсу мезгілі?

А)жаз Ә)көктем Б)күз

7)Жасуша қабықшасын түзуге қажетті элемент?

А)калий Ә)фосфор Б)азот

8)Нарғызгүлдің тамыры?

А)түйнекті Ә)тіреу Б)жемтамыр

9)Өркеннің орталық тірек бөлімі?

А)өркен Ә)буын Б)сабақ

10)Бүршіктің сыртындағы қабыршақтарының түсу мерзімі?

А)жаз Ә)көктем Б)күз

11)Өсімдіктің бүршік, жапырақ, гүл, жеміс бекінетін бөлімі?

А)жапырақ Ә)тамыр Б)сабақ

12)Құлмақтың сабағы?

А)шырмалғыш Ә)өрмелегіш Б)қысқарған

13)Тыныс алуға қатысатын, пішіні төмпешікке ұқсаған сабақта болатын жасушаның атауы?

14)Сабақтың ішкі құрылысында қабықтан кейін орналасқан қабат?

А)Камбий Ә)Сүрек Б)Өзек

15)Ауа райы қолайлы болса сабақтағы жылдық шеңбердің ені?

А)жіңішке Ә)жуан

16)Сабақта су мен минералды тұздар қозғалатын қабат?

17)Сабақта органикалық заттар қозғалатын қабат?

18)Тамырсабақ өркен бе жеміс пе?

А)өркен Ә)жеміс Б)екеуінеде жатпайды

19)Түйнекте жетілмеген жапырақтың қурап түсіп қалған ізі?

А)төбе Ә)сабақ Б)көзше

20)Жасушадағы қатарласа жүйкеленетін өсімдік?

21)Жай жапырақтың тақта саны?

А)1 Ә)2 Б)одан да көп

22)Жапырағы қатарласа жүйкеленетін өсімдік?


23)Күн энергиясының қатысуымен болатын құбылыс?
А)булану Ә)фотосинтез Б)сулану

24)Жапырақ өңіндегі жанаспалы жасушалардың саңылауы арқылы буланатын?

25)Пиязшықтың қысқарған сабағының екінші аты?

ІІІ тарау

1)Қызғалдақ гүлі дұрысгүл ме, бұрыс гүл ме?


А)дұрысгүл Ә)бұрыс гүл

2)Жіпше мен тозаңқаптан тұрады?

А)Аталық Ә)Аналық Б)Аналық ауызы

3)Гүл бөлімдерінің сыртын қаптап тұрады?

А)Гүл сағағы Ә)гүл табаны Б)тостағанша

4)Сыртқы және ішкі қабықшасы бар жасуша?

А)аналық Ә)тозаң Б)жатын

5)Аналықтың тозаңды қабылдайтын бөлігі?

А)Жатыны Ә)мойыны Б)аналық ауызы

6)Аталық гүлдер мен аналық гүлдер бір өсімдікте болса?

А)екі үйлі Ә)бір үйлі Б)екі үйлі

7)Белгілі ретпен орналасқан ұсақ гүлдер тобы?

А)собық Ә)жай масақ Б)гүлшоғыр

8)Күрделі масақ гүлшоғыры бар өсімдік?

А)бидай Ә)наурызшешек Б)ақшұнақ

9)Жай шатырлы өсімдік?

А)сәбіз Ә)пияз Б)аскөк

10)Аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы?

А)тозаңдану Ә)ұрықтану Б)жынысты көбею

11)Қосарлы ұрықтануды ашқан ғалым?

А)Навашин Ә)Баранский Б)Янсендер

12)Жүзім жемісінің атауы?

А)гүл Ә)сабақ Б)жидек

13)Бұршақ жемісінің тобы?

А)жидек Ә)бұршаққап Б)гүлшоғыр

14)Күнбағыс жемісі қалай аталады?

15)Дәнек жеміс қай өсімдікте болаы?

А)бидай Ә)арпа Б)жидек

16)Қос жарнақты тұқымда ұрықтың қорек заттары жиналатын орын?

А)сабақта Ә)тұқым жарнақ Б)гулшоғыр

17)Бидай тұқымында қорек заты жиналатын орын?

А)эндосферм Ә)дәнек Б)ұрық

18)Дара жарнақты өсімдікте тұқым жарнағының саны?

А)1 Ә)2 Б)3

19)Тұқымның алғашқы тамырша, алғашқы сабақша және бүршікшеден тұратын бөлігі?

А)дәнек Ә)жидек Б)ұрық

20)Гүлдің тостағаншадан кейін орналасқан бөлімі?

А)сабақ Ә)қабық Б)күлте

21)Аналықтың ең жуан бөлігі?

А)себет Ә)жатын Б)күлте

22)Аталықтың жіңішкерген бөлігі?

А)аталық жіпше Ә)тозаңқап Б)тозаң

23)Күнбағыстың гүлшоғыры қалай аталады?

А)жидек Ә)себет Б)дәнек

24)Ұрықтану тозаңданудан бұрын ба, әлде кейін бе?

А)кейін Ә)дейін

25)Жазықтығында бірден артық сызық жүргізуге болмайтын гүл?

А)дұрыс гүл Ә)бұрыс гүл Б)күлте



ІҮ тарау

1)Тірі ағзалардың барлығына тән қасиет?

А)жасуша Ә)ядро Б)мүк

2)Биологияда ағзалық әлемді жүйелеудің ең жоғарғы тобы?

А)Өлі табиғат Ә)Ағзалық әлем Б)Тірі табиғат

3)Ұсақ ағзаларды алғаш рет ашқан кім?

А)Луи Пастер Ә)Роберт Гук Б)Антон Левенгук

4)Көзге көрінбейтін, ұсақ тірі ағзалардың құрылысын, қасиеттерін, пайдасы мен зиянын зерттейтін ғылым?

А)Микробиология Ә)Цитология Б)Биология

5)Цианобактериялардың неше түрі бар?

А)2 Ә)3 Б)5

6)Тығыз қабықпен қапталған ерекше жасуша?

А)Спора Ә)Бактерия Б)Ядро

7)Бактериялар қоректенуіне нешеге бөлінеді?


А)2 Ә)3 Б)5

8)Ауру туғызатын бактериялар мен адамдардың жаппай ауруы?

А)дизентерия Ә)Туберкулез Б)Індет

9)Бактериялардың көбі өсімдікті зақымдайды, ол ауруларды?

А)бактериоз Ә)Гоммоз Б)туберкулез

10)Біздің ғаламшарымыздың тазалаушысы?


А)түйнек бактерия Ә)бактериоз Б)Шіріту бактериясы

11)Жасушасы жоқ өте ұсақ ағзалық зат?

А)вирус Ә)жасуша Б)бактерия

12)Қай жылы Ивановский темекі теңбілі вирусын ашты?


А)1893 Ә)1892 Б)1890

13)Вирустың өлшемі?


А)2-5*10-7см Ә) 2-5*10-7дм Б) 3-5*10-7см

14)Бактерия жасушасына енетін вирус?

А)Гоммоз Ә)Түйнек Б)бактериофаг

15)Ағзаның ауру қоздырғыштарын қабылдамайтын қасиеті?


А)иммунитет Ә)тұмау Б)вирус

16)САңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым?


А)цитология Ә)микробиология Б)микология

17)Өздерінен арнайы зат бөліп, зиянды бактериялардың өсуін тежейді?

А)антибиотиктер Ә)биотик Б)боверинде

18)Өсімдіктерді тез өсіретін белсенді зат?


А)боверинде Ә)гибереллин Б)антибиотиктер

19)Саңырауқұлақтардың таралуын қамтамасыз ететін арнайы құрлымды жасуша?


А)спора Ә)кондий Б)рибосома

20)Споралар түзілетін орын?


А)кондий Ә)спорангий Б)спора

Ү тарау

1)Денеден тіршілік ете алатын бөліктердің бөлінуі арқылы түрдің жеке санының артуы?


А)жыныссыз көбею Ә)Өсімді көбею Б)жынысты көбею

2)Жүйенің ең кіші бірлігі?


А)түр Ә)саты Б)жарнақ

3)Төменгі сатыдағы өсімдік?

А)қырықбуын Ә)мүк Б)қына

4)Денесінде ұлпалары болмайтын және мүшелерге бөлінбейтін өсімді бөлігі?

А)хроматофор Ә)гамета Б)таллом

5)Балдыр жасушасындағы хлоропластар?

А)хроматофор Ә)гамета Б)таллом

6)Жыныс жасушалары?


А)хроматофор Ә)гамета Б)таллом

7)Жасыл балдырлардың бір бөлігі?


А)зооспоралар Ә)хламидомонада Б)хлорелла

8)Бір жасушалы балдырларға жатады?

А)хроматофор Ә)гамета Б)таллом

9)Көп жасушалы жіп тәрізді жасыл балдырлардың екінші түрі?


А)улотрикс Ә)ламинария Б)диатом

10)Жоғары сатыдағы өсімдікке жатпайтын ?

А)мүк Ә)плаун Б)балдыр

11)Жоғары сатыдағы өсімдіктер неше топқа бөлінеді?

А)3 Ә)4 Б)2

12)Қыналарға ең қажетті жағдай?

А)оттекке бай таза ауа Ә)топырақ Б)су

13)Жасушаның қор заты?

А)май және ауа Ә)қант және ауа Б)май және қант

ҮІ тарау

1)Бірнеше жасушалардан тұратын жіңішке жіп тәрізді сыртқы қабығының өсіндісі?

А)Ризоид Ә)бриология Б)екі үйлі өсімдік

2)Мүктерді зерттейтін ғылым?

А)Цитология Ә)бриология Б)Биология

3)Аласа болып келетін көпжылдық, сирек жағдайда біржылдық өсімдік?

А)мүк Ә)қына Б)балдыр

4)Жасыл мүк ?

А)бір үйлі Ә)екі үйлі

5)Екі қабықшадан тұратын жасуша?

А)спорофилл Ә)лиана Б)спора

6)Сабағы жиі бұтақталған көпжылдық өсімдік?

А)шымтезек Ә)қына Б)мүк

7)Шымтезек?

А)бір үйлі Ә)екі үйлі

8)Тең споралы плаун тектестердің кең тараған өкілі?

А)қырықжапырақтектес Ә)қырықбуынтектес Б)шоқпарбас плаун

9)Сабағы өте көп буын және буынаралықтарынан тұратын өсімдік?

А)қырықбуын Ә)шымтезек Б)қырықжапырақ

10)Тең споралы және әр түрлі споралы өсімдіктер?

А)қырықбуын Ә)шымтезек Б)қырықжапырақ

11)Спорангийлердің жиынтығы?

А)сүмбіл Ә)сорус Б)дің

12)Споралар дамып жетілетін орын?

А)қалта Ә)спора Б)гамета

13)Ағаш діңінің су өткізгіш бөлігі?

А)сүрек Ә)сүмбіл Б)дің

14)Ірітіп-шіріту, бүлдіру мағынасында қолданылатын сөз?


А)сүзек Ә)эрозия Б)зигота

15)Өсімдіктердің ең ежелгі түрі?

А)жабық тұқымды Ә)Алқа тұқымды Б)ашық тұқымды

ҮІІ тарау

1)Гүлді өсімдіктердің тұқымы жемістің ішінде жетілуі?


А)жабық тұқымды Ә)Алқа тұқымды Б)ашық тұқымды

2)Ұрықтанудың тек гүлді өсімдіктерге тән түрі?

А)ұрық Ә)даражарнақты Б)қосарланып ұрықтану

3)Ауылшаруашылық жануарларына қажетті жемшөп қоры?

А)балдыр Ә)өсімдік Б)вирус

4)Аналықтың түп жағындағы жуан бөлімі?

А)диаграмма Ә)жатын Б)камбий

5)Гүл бөлімдерінің жазықтағы көлденең қимасын шартты түрде бейнелеп, сызбанұсқасын сызу?

А)диаграмма Ә)жатын Б)камбий

6)Шашақ тамырлы,жапырақтары қатар және доғалы жүйкелі өсімдіктер?

А)қосжарнақты Ә)даражарнақты Б)алабұта тұқымдас

7)кіндік тамырлы, көпшілігі көріксіз, өте кең таралған өсімдіктер?

А)қосжарнақты Ә)даражарнақты Б)алабұта тұқымдас

8)Өзгерген өркен?

А)қабақ Ә)мұртша Б)чайот

9)Өсімдіктердің сырты қатты, шырынды жеміссерігі болатын жидектектес жемісі?

А)қабақ Ә)мұртша Б)чайот

10)Мексикалық қияр?

А)қияр Ә)чайот Б)құтырған қияр

11)Шөпткеті, кейде шала бұталы, қосжарнақты өсімдіктер?

А)Алқа тұқымдас Ә)құлқайыргүлділер Б)орамжапырақгүлділер

12)Құлқайыргүлділер тұқымдасының ең маңыздысы?

А)мақта Ә)шит Б)көсек

13)Мақтаның жемісі?


А)шит Ә)қауашақ Б)көсек

14)Мақтаның ашылмай қалған немесе шала ашылған қауашағы?

А)шит Ә)қауашақ Б)көсек

15)Мақтаның ұрық шашатын тұқымы?

А)шит Ә)қауашақ Б)көсек

ҮІІІ тарау

1)Ерінгүлділер тұқымдастарының ең көп тараған түрі?

А)жалбыз Ә)сәлбен Б)мүк

2)Көпжылдық өсімдіктер?

А)күрделігүлділер Ә)лалагүлділер Б)астық тұқымдастар

3)Нағыз күрделігүлді өсімдіктердің себетгүлі?


А)мақсыр Ә)гүлшоғыр Б)өгейшөп

4)Даражарнақтылар класы лалагүлділер қатарына жататын көпжылдық шөптекті, кейде шала бұталы өсімдіктер?

А)Құртқашаш Ә)лалагүл Б)пияз тұқымдас

5)Көпжылдық, шөптекті, биіктігі 15 сантиметрге жететін дәрілік және улы өсімдік?

А)жыланаяқ Ә)запран Б)лапыз

6)пияз тұқымдастарының жемісі?

А)пияз Ә)қауашақ Б)сарымсақ

7)Пияз бен сарымсақта болатын ерекше ұшпа заттар?


А)фитонцид Ә)інжугүл Б)жидек

8)Інжугүлдің жемісі?


А)қауашақ Ә)тілше Б)жидек

9)Астық тұқымды өсімдіктердің сабағы?

А)қынап Ә)сабансабақ Б)тілше

10)Күріш өсіру бойынша рекорд жасаған кім?

А)Ы.Жақаев Ә)Ш.Уәлиханов Б)Баранский

11)Негізгі қоректік дақыл?

А)тары Ә)күріш Б)дақыл

12)Өзгерген өрнек, яғни жерсабақ?

А)картоп Ә)түйнек Б)жидек

13)Жануарлардың қолдан шығарылған түрі?

А)қолтұқым Ә)селекция Б)іріктеме

14)Өсімдіктердің жаңа іріктемелерін, жануарлардың жаңа қолтұқымдарын шығарумен шұғылданатын ғылым?


А)биология Ә)микробиология Б)селекция

15)Қазақстанда бидайдың неше түрі бар?

А)5 Ә)6 Б)і

16)Кез келген мүшелерімен өндіріске қажетті шикізат алуға болатын өсімдіктер?

А)техникалық дақылдар Ә)дәрілік өсімдіктер Б)бөлме өсімдіктері

17)Гүлді орамжапырақтардың жемісі?

А)гүлшоғыр Ә)шоқпарбас Б)бұршаққын

18)Қауданды орамжапырақтан кейінгі кең мәдени түрге айналған көкөністік дақыл?

А)орамжапырақ Ә)гүлді орамжапырақ Б)гүлшоғыр

19)Қолдан өсіріліп мәдени түрге айналған?

А)бөлме өсімдіктері Ә)жеміс-жидек Б)техникалық дақыл

20)Тіршілік көзі?



А)ауа Ә)адам Б)табиғат



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет