8-тапсырма. «Ел мәдениеті тілден басталады» тақырыбында қосымша мәлімет іздеңіздер. Сайт: www.google.kz,
www.egemen.kz,
www.yandex.kz
9-тапсырма. Мына нақыл сөздерді оқып шығып, мағынасын түсіндіріңіз.
Сөйлеп көріңіз, мен сіздің кім екеніңізді айтайын. (Сократ)
Әдептіліктің алды – абайлап сөйлеу. (Йүгінеки)
10-тапсырма. Мына сөздердің баламасын табыңыз және оны сөйлеу әдебіне байланысты түсіндіріңіз.
Сөздердің құлаққа қатқылдау тиетін мағынасын жұмсартып айту тәсілін тіл білімінде қалай аталады?
Қосып айтады -...
Құлағы тосаң -...
Аузы жеңіл -...
Сөзге келу -...
Бет жыртыспау -...
Жасы ұлғаю -...
Қалтасы тесік -...
Сымсыз телефон -...
Ұзын құлақ -...
Ішінде бүкпесі бар -...
Қолды болды –
Аузының желі бар -...
11-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып көшіріңіз. Мақал- мәтелдерде адамдардың бір- бірімен сөйлесу әдебі қарым-қатынасы туралы қандай ой айтылады? Сөз әдебі (этикеті) дегенге түсінік беріңіз.
1. Бұлттан шыққан... ащы,
Жаман адамның... ащы.
2. Басқа пәле....
3. Адам....
Жылқы....
4. Ойнап сөйлесең де, ... сөйле
5. Аяғы жаман көрді былғар,
Аузы жаман....
6. Жүре білмеген жол бұзады,
Сөйлей білмеген....
Керекті сөздер: елді былғар, сөйлегенше, күн, сөз бұзады, тілден,
кісінескенше, ойлап, тілі.
Достарыңызбен бөлісу: |