Назар аударыңыз!
Үтір
№
|
Қойылатын орны
|
Мысалы
|
1
|
Бірыңғай мүшелер жалғаулық шылаусыз келгенде
|
Қайрат, ақыл, жүрек – үшеуі ғылымға жүгініпті.
|
2
|
Бірыңғай мүшелердің арасында жалғаулық шылау қайталанып тұрса
|
Не дүниеде, не ахиретте не пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын – мен.
|
3
|
Оңашаланған айқындауыштың екі шетіне
|
Мен, Әсетов Орман, осы істі мойындаймын.
|
4
|
Құрмалас сөйлемдегі жай сөйлемдер арасына
|
Қазанға қарамай асықса да, әңгімемен біраз отырып қалды.
|
5
|
Төл сөз хабарлы сөйлем болса, автор сөзі алдынан (артынан) үтір, сызықша қойылады.
|
- Жеңеше, -деді кетерінде, - кірпіш тауып қойыңыз.
|
6
|
Оқшау сөз (қаратпа сөз, қыстырма сөз, одағай) сөйлем басында келсе, одан кейін; сөйлем ортасында келсе, екі шетіне; сөйлем соңында келсе, алдына үтір қойылады.
|
Қаратпа сөз: Балам, ертерек кел.
Қыстырма сөз: Әрине, ертең сабақ болады.
Одағай: Жүрегім, ойбай, соқпа енді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |