Сөз мағынасын саралайық!
Тыңдалым
Мұны білгеніңіз жөн!
5-тапсырма. Аудиоқұралдан берілген мәтінді тыңдаңыздар. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыздар.
Іскер маман өзінің қашан және қайда сөз сөйлейтіндігін дәл білгені жөн. Бұл ретте іскер маманның өзіне міндетті түрде қояр сауалдарының бірқатары төмендегіше:
Бөлме құрылымы қалай?
Сөз сөйлеуіңізге ыңғайластыра оны өзгертуге бола ма?
Аудио және видео құралдардың қайсысы бар?
Өзге құралдарды не қосымша аудио және видео құралдарды қолдана қалған жағдайда розетка бар ма?
Қажеттілікке қарай терезені қараңғылауға бола ма?
Егер де арнайы маман шақыру қажет болған жағдайда оған қатысты қандай құралдар бар?
Қай уақытта сөйлеген жөн?
Сөз сөйлеу ұзақтығы қанша уақытқа созылуы мүмкін?
Сөйлеудің қандай формада болуы дұрыс?
Сөйленер сөз басқа шешендердің сөзінен кейін жалғаса ма? Әлде өзгелерден бұрын ба? Олар да осы тақырып бойынша сөйлей ме? Қосымша не қарсы пікірде сөйлей ме?
Қызметкерлердің қайсысымен байланыс жасалуы қажет? Ол қызметкер залдың уақытылы ашылуына, тыңдаушыларды жайғастыруға, қажетті құрылғылардың сайлылығына жауап бере ала ма?
Сөз сөйлеу сәтінде адамдар кіріп-шығып жүруі мүмкін бе?
Достарыңызбен бөлісу: |