Атырау облысы Тілдерді дамыту жґніндегі басќармасы


Тілдесім Сұхбаттасайық!



бет60/75
Дата06.02.2022
өлшемі5,41 Mb.
#35116
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   75
Тілдесім


Сұхбаттасайық!
– Тағам үстіндегі іскерлік қарым- қатынасқа көзқарасыңыз қалай?
– Іскерлік мәселелер тағам үстінде шешіле ме?
– Қазақ тарихында күрделі мәселелерді шешуге атсалысқан би-шешендерден, хан-батырлардан кімдерді атай аласың?


Оқылым
1-тапсырма. Аудиоқұралдан берілген мәтінді тыңдаңыз. Түсініңіз.
Тағам үстіндегі іскерлік қалып
Әрбір сәтті қадамымызға, әрбір қайталанбас мезеттік сәттерімізге шаттана білу өнеріне қол жеткізсек, онда біздің көп нәрсеге үйренгеніміз.
М. Аргайл.

Көбіне-көп іскерлік әңгімелер қысылып-қымтырылмай еркін отыруға мүмкіндік туындатар бейресми жағдайларда (кафе, мейрамханаларда) өтеді. Сөзсіз, бұндай жағдай тағам үсті іскерлік мәселелерді үйлестіре білу білігін қажет етеді. Бұл ретте іскери қалыптағы таңертеңгілік, түстік, кешкілік тағам үсті сәттерін бөле-жара атаймыз. Бұл үш жағдайға да тән оларды тұтастандыра біріктірер кейбір ортақ қағидаттар барлығын айтқымыз келеді. Мәселен, іскер адамның үстел басында өзін-өзі ұстай білуіндегі ортақ қағидалар. Десек те, іскерлік қарым-қатынастағы аталған үш жағдайдың өзіндік ерекшеліктері де жоқ емес.


Іскерлік жағдайдағы таңертеңгілік – тәулік бойы тынымсыз жұмыс жасайтын, сәйкесінше уақыты өте-мөте тапшылау адамдардың жүздесуі үшін бірден-бір таптырмас ыңғайлы сәт. Ұзақтығы – шамамен 45 минут. Бұндай іскери қалыпта ер адамдар мен әйел адамдардың кездеспегені дұрыс.
Іскерлік жағдайдағы түстік - әріптестердің (партнер) өзара жағымды қарым-қатынастарын қалыптастыруға, әсіресе, жаңа адамдармен танысуға қолайлы. Таңертеңгілік сағат 7-8-дерге қарағанда, түстік мезетінде адам да белсендірек әрі жайылыңқы қалыпта болмақ. Іскерлік жағдайдағы түстіктің ұзақтығына қатаң шек қойылмайды. Көбіне-көп түстік мерзімі бір-екі сағатқа созылып, оның жарты сағаты іскерлік түйінге ұластырар іскери дидарласуды қамтымақ.
Іскерлік жағдайдағы кешкілік – таңертеңгілік не түстікке қарағанда мейлінше ресми сипатқа ие, уақыт шектеу деңгейіне орай қабылдауға жақын. Бұны шақыру түрі де (телефон арқылы емес, жазбаша формада), киім кию ерекшеліктері де (қара сұр түсті костюм) айқындамақ. Іскерлік жағдайдағы кешкілік тағам мезетінің ұзақтығы екі сағаттан аса уақытқа ұласпақ.
Іскерлік жағдайдағы таңертеңгілік, түстік не кешкілік ұйымдастыруға шешім қабылдар жағдайда өз міндеттеріңді жан-жақты ойластыра отырып, іскерлік саладағы нақты да тиімді шешімге келуге белгілі мезеттердегі тағам үсті атмосферасының бірден-бір мейлінше ыңғайлы, қысылу-қымтырылусыз боларын алдын-ала болжау жөн. Мүмкін алғы межелі мәселені мекеме кабинеттерінде не телефон арқылы да шешу әлдеқайда жеңіл әрі оңтайлы болуы орынды шығар. Қалай болғанда да тағам үсті әрбір кездесу сәттері бір сағаттан үш сағатқа шейін уақыт алуы әбден мүмкін, демек, бұндай реттерде өзіңнің де, өзгенің де алтын уақыттарыңа аса құрметпен қарауды ескеру жөн.


2-тапсырма. Мәтіндегі жаңа сөз тіркестерімен танысыңыз. Оларды дәптерге көшіріп жазыңыз.

Тағам үсті
Ортақ қағидат
Тәулік бойы
Ыңғайлы сәт
Уақыт шектеу
Ресми сипат
Өз міндетіңді
Тиімді шешім

Алтын уақыт
Межелі мәселе
Белгілі мезет
Іскери дидарласу
Өзін-өзі ұстай білуі
Бейресми жағдайларда
Жағымды қарым-қатынас





3-тапсырма. Мәтінді өзіңіз оқыңыз. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Іскерлік әңгіме бейресми жағдайларда қайда өткені тиімді?

  2. Іскерлік қарым-қатынастағы үш жағдайдың өзіндік ерекшеліктерін атаңыз?

  3. Іскерлік кездесуге қалай киінген дұрыс?

  4. Уақыт шектеу деңгейіне қалай қарайсыз?

  5. Телефон арқылы мәселе шешіле ме?

4-тапсырма. Мәтінге құрылған төмендегі жоспарды ретіне қарай орналастырыңыз?

  1. Іскерлік жағдайдағы таңертеңгілік

  2. Кездесу уақыты

  3. Іскерлік жағдайдағы кешкілік

  4. Тағам үстіндегі іскерлік қалып

  5. Іскерлік жағдайдағы түстік





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет