№
|
Қойылатын орын
|
Мысалы
|
1
|
Көтеріңкі дауыспен айтылған лепті сөйлем мен бұйрықты сөйлеммен кейін
|
Шіркін, қандай керемет!
Тарт қолыңды!
|
2
|
Көтеріңкі дауыспен бұйыра, өтініш білдіре айтылған сөйлемнен кейін
|
Қалағаныңызды алыңыз! – деді Ботагөз жадырап, бір жақсылық хабар күтіп.
|
3
|
Ұранды сөйлемнен кейін
|
Жасай бер, көркейе бер, менің Қазақстаным!!!
|
4
|
Көтеріңкі дауыспен айтылған қаратпа, одағай сөздерден кейін
|
- Қарағым! Қанатым! Енді қайтейін! Қолымнан келгені осы.
|
5
|
Көтеріңкі дауыспен «жоқ», «ия» деген сөздерден кейін
|
- Жоқ! Қайтсең де тауып әкел!
|
6
|
Сәлемдескенде айтылатын, ішінде сұраулық шылауы бар тіркестерден кейін
|
- Амансың ба, қарағым! – деп қария балаға қарады.
|