Жазылым
6-тапсырма. Төменде берілген сөйлемдерді аяқтаңыз
1. Белсенділік, ... іскерлік – адамды... жеткізеді.
2. ... адамның ойын, ... білдіреді, оның... табуына ықпал етеді.
3. Ой-пікірін де... қорғай алады
4. Тілдік... дұрыс, ... қолдану, ... нақты, ... сөйлеуде... әдебін танытады
5. Тіл табысуға... тигізетін нәрселер:... отырған мәселенің... білу, ... түсінбеу, ... жетіспеу, ... көп сөзділік.
7-тапсырма. Мәтінді рөлге бөліп, оқыңыз. Түсініңіз.
ҚАЗЫБЕК ПЕН ҚОҢТӘЖІ
Қалмақ ханы ашулы жүзбен түсін суытып, мұртын тікірейтіп:
- Ия, қазақтар; неменеге келдіңдер, айтатындарың болса, айтыңдар, – депті. Бұлардың басшысы Тайкелтір би асып айтпайтын, бұқпа кісі екен, «ә» дегеннен сөз таластырып қайтеміз деген кісіше:
Өлеңді өзгеге бердік,
Өрлікті төменге бердік.
Алдияр тақсыр, алдыңа келдік
Берсең – алдық,
Бермесең – қалдық.
Сөзді өзіңе салдық! – деп, үш-төрт ауыз тақпақпен сөзді тастай береді. Сонда айбыны тасып тұрған Қоңтәжі сөйлеген сөзіне мерейі үстем болып:
Олай болса, кешке шейін бір жауап қайырармын, жауап қайтпай қалатын күн болса, ат-тонның амандығында елді тапқан да теріс болмас, – депті.
Сөйтіп Тайкелтір үш-төрт ауыз тақпақпен сөзді тастай беріп еді, хан оны екі ауыз сөзбен үзіп тастайды. Үзілген сөзді жалғап қазақ жағынан ешкім ештеңе дей алмайды. Қазақ-қалмақ таразыға бір түскендей болады. Қазақ елшілері тығырыққа тірелгендей болып қалады. Сонда Қазыбек есік жақта отырып еді, айнала бір қарап, ешкім ештеңе демеген соң, орнынан атып тұрып, Қоңтәжіге қарап: «Біз – қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз, ешбір дұшпанды басындырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм – тұзды ақтай білген елміз, асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса күң боламын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз. Сен – қалмақ, біз – қазақ, қарпысқалы келгенбіз. Қазақ, қалмақ баласы, табысқалы келгенбіз. Танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз. Танысуға көнбесең, шабысқалы келгенбіз. Сен – қабылан болсаң, мен – арыстан, алысқалы келгенбіз. Жаңа үйреткен жас тұлпар жарысқалы келгенбіз. Тұтқыр сары желіммен, жабысқалы келгенбіз. Сен – темір де, мен – көмір, еріткелі келгенмін. Екі еліктің баласын теліткелі келгенмін, егесетін ер шықса иілткелі келгенмін. Берсең, жөндеп бітіміңді айт, не тұрысатын жеріңді айт», –дейді.
Сонда хан:
Ой, өзің жөніңді айтшы, атың кім? – депті.
Атым – Қазыбек, әкем – Келдібек би. Ұлтым – қазақ, руым – Қаракесек, -деп, жауап беріпті.
Ендеше, даусың қаздың даусындай қаңқылдап шығады екен, есімің Қаз дауысты Қазыбек боп қайта жаңғырсын – деп, оның қанаты бар, жас тұлпар, өркеші бар нар, заңғары бар тау екендігін қабылан түсті Қоңтәжі түсініп, түсі жылып, шыбықтай иіліпті.
1. Қаз дауысты Қазыбек туралы не білесіз?
2. Қазіргі кезеңмен салыстырыңыз.
3. Қарамен берілген сөзді жаттап алыңыз.
8-тапсырма. Төмендегі сөзді топтастырыңыз. Мағынасын ашыңыз.
Үлгі
іскерлік
ресми
бейресми
халықаралық
Кездесу достық, жолдастық
жоспарлы
тосын, күтпеген
елші
келісім
Достарыңызбен бөлісу: |