Х.Досмұхамедұлы. Аламан. Алматы, «Ана тілі», 1991, 21 бет. Ел есіндегі баталар Халық арасында ғасырлар бойы сақталып келе жатқан да атақты баталар бар. Ол оның тәлім-тәрбиелік маңызының, өлең болып өрілу шеберлігінің өте жоғарылығынан, көркемдігінен екені мәлім. Солардың ішінде Төле бидің Қойгелді батырға берген батасын, Анасының Райымбек батырға берген батасын, Шәукенің Бөлтірік шешенге берген батасын, Соқыр Абыздың Жәнібек батырға берген батасын, Қарасай батырдың балаларына берген батасын, Бауыржан Момышұлының батасын, Кененнің келіндеріне берген батасын халық жыр қылып айтады. Негізінен, Қарасай батыр балаларына ақ батасын өсиетімен қоса айтып, қалдырған.