Атырау облыстық «Үздік сабақ» байқауына сабақтар топтамасы



бет1/7
Дата10.04.2017
өлшемі1,72 Mb.
#13629
  1   2   3   4   5   6   7
Атырау облыстық «Үздік сабақ» байқауына сабақтар топтамасы

7 Е.Халықов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің І санатты, ІІ деңгейлі сертификатталған бастауыш сынып мұғалімі Шарғабаева Жанаргүл Сағынбайқызы



Математика пәнінен қысқа мерзімді жоспары

Тақырыбы:

Санды жүздіктерге жазбаша көбейту және бөлуді қайталау.

Мақсаты:

Санды жазбаша көбейту және бөлуді меңгертуде оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін дамыту. Деңгейлі тапсырмалар орындата отырып, білімдерін толықтыру.

Сілтеме:

МАН 2013 жыл, оқулық, АКТ көздері, электронды оқулық, үлестірме материалдар.

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар сын тұрғысынан ойлай отырып, жазбаша көбейту және бөлудің меңгереді. Берілген тапсырмалар арқылы білімдерін толықтырады.

Ақпарат көздері, қолданатын материалдар:

Интербелсенді тақта, флипчарт, электронды оқулықтар, тақырыпқа байланысты суреттер, слайд. А форматтағы қағаздар, маркер, стикер, бағалау парақшалары.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Оқыту әдіс тәсілдері: топпен жұмыс, бірлескен оқу.

Сын тұрғысынан ойлауға үйрету: ашық сұрақтар қою, Блум таксономиясы, сәйкестендіру, «Аялдама» әдісі, «Бумеранг» тәсілі, «Үш қадамды сұхбат»

АКТ-ны қолдану: презентация, электронды оқулық,

Жас ерекшелікке сәйкес оқыту: деңгейлі тапсырмалар.

Өзара бағалау және өзін өзі бағалау: Кері байланыс, Критерийлер бойынша бағалау.


Негізгі дереккөздері:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 2013 жыл, математика оқулығы, әдістемелік жұмыс, ЖОО-да интербелсенді оқыту әдістемесі А.Әлімов Алматы-2013.

Сабақтың барысы:

Коуч әрекеті:

Тапсырмалар береді.



Оқушы әрекеті:

Тапсырмалар орындайды, талдайды.



Ұйымдастыру.

2 минут

Оқушыларды әр түрлі түсті қарындаштар арқылы топтарға бөлу.

Шаттық шеңберін құру. Бір-біріне сәттілік тілеу.



Білу.

3 минут

Өткенді еске түсіру. Санды жүздіктерге көбейту мен бөлуді жазбаша қалай орындаймыз?

Оқушылар ауызша талдап айтады. Көбейту мен бөлудің жолдарын ажыратып айтып береді. Бірін-бірі толықтырады. Есептеу алгоритмін айтып береді.

Түсіну.

Оқулықпен жұмыс.

2 минут

Есте сақталған мәліметтерді таныс жүйеге түрлендіру. №1, №2 тапсырмаларды жұппен орындату. Жазбаша көбейту мен бөлуді өздеріне орындату.

Жұппен жұмыс.

Жазбаша көбейтуді және бөлуді жұптасып орындайды. Бір-біріне қолдау көрсетеді. Әр жұп жұмыстарын қорғап шығады.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет