«Бақа-бақа» сергіту жаттығуын жасау. Сергіту жаттығуының ішіннен қос сөздерді тауып айту.
Талдау. Мотивация Сатылау кешенді талдау
51-ж. Қос сөздерді оқып шығып, көшіріп жазу. Төрт топқа сөздер бөлініп беріледі. Олар қос сөзге Сатылай кешенді талдау жасайды.
«Биік-биік» сөзі
- Бұл күрделі сөз. Себебі, екі сөз бірігіп бір ғана мағынаны білдіріп, бір ғана сұраққа жауап беріп тұр.
Ол өздігінен сөз тіркесі бола алмайды. Тек сөз тіркесінің сыңары бола алады.
Бұл қос сөз. Себебі, бір сөздің қайталауын арқылы жасалып тұр. Бұл сөз дефис арқылы жазылып тұр.
Жасаған жұмыстарын тақтаға шығып қорғайды.
Жинақтау .
Жұмбақ құрастыру.
52-ж. Қарамен жазылған сөздерді қөс сөздерге айналдырып жазу. Өзіңе ұнаған сөзді қолданып жұмбақ құрастырып көр.
Қар, биік, қуана, жата.
Бағалау. Пікір алмасу.
Көрші- көлем – бұл біріккен сөз.
Жеті қазына – бұл қос сөз. Бүл жауаптар дұрыс па? Дұрыс болмаса не себепті, қалай жасалу керек еді?
Өз пікірлерін білдіреді.
Қорытынды.
Үйге. 53-ж. Ереже жаттау.
Кері байланысқа түседі. Оқушылар өздеріне ұнаған немесе ұнамаған сәттерін стикер арқылы білдіреді.
Бағалау.
Критерийлер бойынша бағалау.
Білу
Қолдану
Жинақтау
Талдау
Бағалау
5 4 3 2 ұпай салады. Ұпайды жинақтап отырып, сол күнгі бағаны қояды.
Қорытынды бағалау.
ДҮНИЕТАНУ ПӘНІНЕН ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Тақырыбы:
Табиғаттағы су айналымы. ӨҚН Жаяу жүргіншідер қауіпсіздігі
Мақсаты:
Судың табиғаттағы айналымы туралы ұғым қалыптастыру.
Сілтеме:
МАН 2013 жыл, оқулық, АКТ көздері, электронды оқулық, үлестірме материалдар.
Күтілетін нәтиже:
Судың үш күйін біледі. Жаяу жүргінші және өміріне қауіпті жағдайларды ажырата біледі.
Ақпарат көздері, қолданатын материалдар:
Интербелсенді тақта, флипчарт, электронды оқулықтар, тақырыпқа байланысты суреттер, слайд. А форматтағы қағаздар, маркер, стикер, бағалау парақшалары.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер:
Оқыту әдіс тәсілдері, бірлескен оқу, Сын тұрғысынан ойлауға үйрету, көшбасшылық және АКТ-ны қолдану. Жас ерекшелікке сәйкес оқыту. Өзара бағалау және өзін өзі бағалау.
Критерийлер бойынша бағалау.
Негізгі дереккөздері:
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 2013 жыл, дүниетану оқулығы, әдістемелік жұмыс, интербелсенді оқыту.
«ҮЗДІК САБАҚ» САЙЫСЫНА САБАҚТАР ТОПТАМАСЫ 4 сынып бойынша «Математика», «Ана тілі», «Қазақ тілі», «Дүниетану» пәндері
Шарғабаева Жанаргүл Сағынбайқызы
І санатты, ІІ деңгейлі сертификатталған
бастауыш сынып мұғалім
14 желтоқсан 2014 жыл Түсінік хат
4 сынып бойынша «Математика», «Ана тілі», «Қазақ тілі», «Дүниетану» пәндерінен сабақ жоспарлары жасалды. 2003 жылғы «Атамұра» оқулығымен оқу бағдарламасына сәйкес жасалды. Екінші негізгі деңгейлі сертификатталған мұғалім болғандықтан сабақтарыма қысқа мерзім жоспар жасадым. Негізгі мақсатым оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға үйрету. Сын тұрғысынан ойлаудың құралы ретінде сабақтарымды Блум таксономиясына салып құрастырып, оқушыларды білу сатысынан жинақтау және бағалау сатысына жеткізуге жұмыстар атқарып келемін. Осы сабақтар топтамасы Блум таксономиясы және интербелсенді әдіс арқылы құрылды. Сабақтарымда күтілетін нәтижем ойлаудың жоғары деңгейіне жеткізіп, алған білімдерін өмірде қолдану дағдысын қалыптастыру болып табылады. Өмірмен байланысқан әр сабағым бала бойында сенімділік, ұқыптылық, байланыстырып сөйлеу, өз ойын дәделдеуге, талқылауға, зерттеу жүргізе білуге үйретуге бағытталған. Сын тұрғысынан ойлаудың әр түрлі белсенді элементтері: «Топтастыру», Сәйкестендіру, Венн диаграммасы, «Аялдама», «Үш қадамды сұхбат», кестемен жұмыс, кластер құру, ашық сұрақтар қою, «ББТЗО» кестесімен жұмыс, оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым стратегияларын қолданып отырдым. Сонымен қатар оқытудың әдіс-тәсілі топпен жұмысқа үнемі жұмылдырып, оқушылар арасында ЖАДА – ның орнығуына мүмкіндіктер тудырамын. Оқушылар ынтымақтастық атмосферасын құру арқылы, бір біріне қолдау көрсетеді. Құрдастар тобындағы үдеріс дамиды. Сабақ соңында және басында үнемі кері байланыс жасап отырамын. Бұл кері байланыстың оқушының білімді қаншалықты қолдана білетінін байқау үшін пайдасы көп. Оқушыларды оқыту мен оқудағы бағалау жүйесін критерийлер бойынша бағалау мен оқыту үшін бағалаудың түрлері «бағдаршам», «Бас бармақ», өзін-өзі бағалау, өзара бағалау тәсілдерін қолданып отырдым. Сабақтарымда АКТ-ны үнемі олданып отырамын. Тек қана интербелсенді тақтамен жұмыс істеп қана қоймай электронды оқулықты жүйелі қолданысқа енгізіп отырдым. Аудио және видео жазбаларды қолданып отырдым.
Сабағымды мектеп әкімшілігі «Үздік сабақ» деп танып аудандық сайысқа ұсынды.