2. 2022-2023 оқу жылына арналған факультеттің оқу-әдістемелік Кеңес жұмысының жоспарын талқылау және бекіту Тыңдалды: Кеңес төрайымы Таджиханова К.И. сөз алып, 2022-2023 оқу жылына арналған оқу-әдістемелік Кеңес жұмысының жоспарын талқылау және бекітуді ұсынды.
Сөз алды Рысбаева С.К. Оқу-әдістемелік кеңес негізінен 1 айда бір рет отырыс өткізу жоспарланып отыр. Бұл кеңесте оқу-әдістемелік жұмыстарға байланысты кез келген мәселені талқылап, шешеді. Сондықтан алдарыңызға ұсынылып отырған жұмыс жоспарын бекіту үшін дауыс беріңіздер.
Қолдағандар – 5
Қарсы болғандар – жоқ.
Осы қабылданған жоспар кафедраларға таратылатын болады. Сол жоспарға сәйкес кафедраның оқу-әдістемелік жұмыстарының жоспарын жасап, кафедрада бекітіңіздер.
Қаулы: 2022-2023 оқу жылына арналған факультет оқу-әдістемелік Кеңес жұмысының жоспары талқыланып, бекітілсін.
3. Білім беру бағдарламалары бойынша оқылатын пәндердің пән кешенін талқылау және бекіту
Тыңдалды: Кеңес төрайымы Таджиханова К.И. сөз алып, Жаңа нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына сәйкес І жарты жылдықта оқылатын пәндер бойынша ОӘК талқылау және бекітуді ұсынды.
Сөз алды Сарсенова М.М. Факультеттегі кафедраларда 2022-2023 оқу жылында оқытылатын оқу пәндері осы құжаттар берілген. Оқу пәндерінің көлемі қанша кредит құрайтыны, қайсы оқу түрі (күндізгі, кешкі), академиялық кезеңде (семестр) және қандай мамандықтарға оқытылатыны көрсетілген. Пәндердің кредит саны және оқылатын семестрлері оқу жылында, мамандықтарының жұмыс оқу жоспарына сәйкес өзгеруі мүмкін.
Қолдағандар – 5
Қарсы болғандар – жоқ.
Қаулы: 1. Білім беру бағдарламалары бойынша оқылатын пәндердің пән кешенін талқылап, университет ОӘК талқылауға ұсынылсын.
4. Күзгі семестрдегі ашық сабақтардың жоспарын бекіту Тыңдалды: Кеңес төрайымы Таджиханова К.И. сөз алып, Күзгі семестрдегі ашық сабақтардың жоспарын талқылауға ұсынды.
Сөз алды Рысбаева С.К. Сіздерге ұсынылып отырған І жарты жылдықтағы ашық сабақтардың кестесі талапқа сай жасалған. Оқытушы-профессорлар құрамының өзара тәжірибе алмасуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар жас мамандарға көмек беру мақсатында өзара сабаққа енуді жиі қарастырады.