Қатысқаны: 18
Қатыспағаны:2
Күн тәртібінде: 1. 2021-2022 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хатпен таныстыру;
2. 2021-2022 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспарымен таныстыру;
3. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 9,10 сыныптардың күнтізбелік жоспарларын талқылау;
4. Математика бірлестік мұғалімдерінің күнтізбелік, вариативтік компоненті бойынша таңдау,қолданбалы курстарының,қорытынды аттестаттауға дайындық жұмыс жоспарларын талқылау, бекітуге ұсыну;
5. Біліктілік санатын көтеретін мұғалімдерді ұсыну, жас мамандарға тәлімгерлер тағайындау.
Сөйлегендер:
1 мәселе бойыншаинформатика пәнінің мұғалімі Оразымбетова Г.Қ. 2021-2022 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хатпен таныстырды.
2 мәселе бойыншаәдістемелік бірлестік жетекшісі Оразымбетова Г.Қ. 2021-2022 оқу жылында атқарылатын «Математика және информатика» кафедрасының жұмыс жоспарымен таныстырды. Онда «Математика және информатика» кафедрасы 2021-2022 оқу жылында «Білім беру жүйесіндегі жаңа инновациялық тәсілдерді тиімді пайдалана отырып, оқушылардың білім сапасын, шығармашылық қабілетін арттыру» тақырыбында жұмыс жасайтындығы айтылды. «Математика және информатика» кафедрасы алдына пәннің білімдік процесін ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ету мақсатын қояды. Осы тақырып төңірегінде жұмыс жоспары құрылып, атқарылатындығы айтылды. Сонымен қатар биылғы оқу жылындағы кафедра мұғалімдерінің сапалық құрамымен, аттестациядан өтетін мұғалімдер тізімімен және олардың жасайтын жұмыстары талқыланды. Сонымен қатар, әкімшілік бақылау жазба жұмыстарының тапсырмалары былтырғы жылы кеткен кемшіліктер ескеріле отырылып құрастырылғандығы айтылды.
4 мәселе бойынша информатика пәнінің мұғалімі Шүкірбаева Ш «Математика және информатика» пәндер кафедрасы мұғалімдерінің күнтізбелік, вариативтік компонет бойынша курстарының, қорытынды аттестаттау жоспарлары жайлы сөйлеп, кафедра мұғалімдерінің арасында талқыланды. - Күнтізбелік жоспар жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы ұлттық және халықаралық тәжірибелердің ең үздік үлгілерін басшылыққа алып жасалған. Жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы ұлттық және халықаралық тәжірибелердің ең үздік үлгілерін басшылыққа алып жасалған. ҚазақстанРеспубликасындабілімберуменғылымдыдамытудың2020-2025жылдарғаарналғанмемлекеттікбағдарламасынасәйкестұлғаныжалпыадамзаттыққұндылықтарнегізіндетәрбиелеумен оқытуды қамтамасызетуқажет. 5-11-сыныптарда білім беру процесіне арналған күнтізбелік сабақ жоспары «Білімберудіңбарлықдеңгейініңмемлекеттікжалпығаміндеттібілімберу стандарттарын бекіту туралы» 2018жылғы31қазандағы№604бұйрығы(өзгерістерменжәнетолықтырулармен2020жылғы28тамыздағы№372бұйрық); Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (2021 жылғы 26 наурыздағы №125бұйрықпенөзгертулерментолықтырулар, 2021 жылғы 20 тамыздағы № 415 бұйрықпен өзгерістер мен толықтыруларенгізілген; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Негізгі және Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2020жылғы27қарашадағы№496бұйрықпен өзгерістерменжәнетолықтырулар енгізілген) негізінде жүзеге асырылды. Cонымен қатар «2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хаты негізінде жасалды.
- Оқу жоспарының вариативті компонентіндегі берілген сағаттар математика, информатика пәндеріне қосымша курстармен және үйірмелермен толықтырылғандығы жөнінде айтылды.