Қатысушылар: 6 сынып оқушылары



Дата10.10.2019
өлшемі21,47 Kb.
#49603
Байланысты:
ғажайып бірлік

Қатысушылар: 6 сынып оқушылары.
Көрнекілігі: Безендірілген зал, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел; интерактивті тақта.
Түрі:математикалық интеллектуалды ойын сабағы
Типі: Ойын түрінде

Жоспары: 1. Амандасу, ұйымдастыру, әділ – қазылар алқасын тағайындау. 


Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі
2. Қазақ халқының есептері.
3. Ойымды жалғастыр... (мақал-мәтелдер)

4.

Барысы: 


1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, оқушылар!
Нақты ғылымдарға қызығушылар.
Естігенін есте тұтып,
Оқығанын миға тоқушылар.

2- жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, ұстаздар!


Айтар ойын тұспалдар.
Сіз оқытқан окушылардың,
Сәті келді сыналар.

1-жүргізуші: Есепті түрлі-түрлі шығарамыз,


Арасында ойын ойнап жарысамыз.
Ойға оралымды, қиын сұрақ бәрі де бар.
Әзіл есепті де жүзеге асырамыз.

2- жүргізуші: Олай болса, тұрмайық,


Кешімізді біз бастайық,
Әділ бағаға қалтасы толы,
Әділқазыларды шақырайық.

1-жүргізуші: Кешімізді бастамас бұрын әр топтың білімін дұрыс бағалау


Үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық. Бүгінгі сайыс 
шарттары әрбір әділқазының алдына дайындалып қойылған.

2- жүргізуші: Шын жүйрік шабасынан табылады.


Нақты білім, терең ой сыналады.
Баға берер әділқазы ортамызда 
Сіздерге құрметпенен қол соғылады.

Әр команданы ортаға шақыра, кешіміздің өтілу тәртібімен таныстырайық.


1 – бөлім. Таныстыру: Бұл тапсырманы орындау үшін оқушылар жеребьевкамен өз топтарына атау таңдап, ұранын бірге қосылып, нақты айтулары керек. 
А) Ұраны: Білікті бірді жығар.
Білімді мыңды жығар. 

Сәлемдесуі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,


Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Алға қойған мақсатымыз бір екен.
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.
В) Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.
Сәлемдесуі: Армандарға қол созумен келеміз,
Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз.
Білімменен қаруланған тобымыз,
Қарсыласты қалай да біз жеңеміз.

С) Ұраны: Жарыс десе жанамыз,


Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.
Сәлемдесуі: Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз,
Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.
Қияларға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.

Әділ – қазылар таныстыруды 3-5 баллмен бағалайды.

2 – бөлім. Викториналық сұрақтар: Бір топқа алгебралық, геометриялық, физикалық және логикалық сұрақтар қойылады (әр топқа жеке). Дұрыс жауабын тез және нақты айту керек. Жауап 10 баллмен бағаланады. Егер орнынан айтатын болса, -5 балл шегеріледі.
1 – сұрақтар тобы (Физикалық сұрақтар): 

1. Бөлінбейді деген мағынаны білдіретін дененің ең кіші бөлігі? Атом


2. Бірқалыпты қозғалыс дегеніміз қандай қозғалыс? Дене кез – келген бірдей уақыт аралығында бірдей қашықтық өтетін болса, ондай қозғалысты бірқалыпты қозғалыс деп атайды. 
3. ХБЖ жылдамдық бірлігі? [м/с]
4. Жылдамдық қандай әріппен белгіленеді? v
5. Конвекция дегеніміз не? Жылудың төменнен жоғарыға берілуі
6. Тұман қандай буға жатады? Қаныққан бу.
7. Уақыт қандай құралмен өлшенеді? Сағат

2 – сұрақтар тобы: (Геометриялық)


1. Геометрияның негізгі екі бөлімі? Стереометрия және планиметрия
2. Параллель түзулер дегеніміз не? Жазықтықтағы ортақ нүктелері жоқ екі түзуді параллель түзулер деп атаймыз.
3. Бұрышты тең екі бөлікке бөлетін сәуле? Биссектриса
4. Трапецияның орта сызығы қалай табылады? Екі табанының қосындысының жартысына тең
5. Сыбайлас бұрыштар...? Қосындысы 1800.
6. Шаршының ауданы? S=a2
7. Шеңбермен бір ғана ортақ нүктесі бар түзу? Жанама.

3 – сұрақтар тобы: (Алгебралық)


1. у=ах2 функциясының графигі? Парабола 
2. Дәреже дегеніміз не? Бірдей өрнектердің көбейтіндісі
3. Екі өрнектің квадраттарының айырымы? Олардың қосындысының және айырымының көбейтіндісіне тең.
4. 3 санына кері сан? 1/3
5. -15 санының квадратының түбірі? 15
6. функциясының анықталу облысы? Теріс емес сандар.
7. функциясына А(441; 21) нүктесі жатады ма? ия
(Әділқазы алқасынан ұпай саны сұралады)

3 – бөлім. Ойымды жалғастыр..: 
Бұл оқушылардың жылдамдығына арналған тапсырма. Алғаш қолын көтерген оқушы жауап береді. Әр дұрыс жауап 5 баллмен бағаланады. 
Сұрақтары: 
1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім іл)
2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)
3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)
4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)
5. Бір елі ауызға – (екі елі қақпақ)
6. Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын)
7. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды)
8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)
9. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)
(Әділқазы алқасынан ұпай саны сұралады).

4 – бөлім. «Ой сергіту» жұмбақтар сайысы. 


1-жүргізуші: Математикалық атаулар мен ұғымдар,
Есте болар, құрбылар, бәріңнің де.
Енді бір сәт солар жайлы жұмбақ шешсек
Артық болмас, бастайық, кезек бізде.
Барлық топқа бірдей тапсырма, оқылады. Топтар жарыса жауап береді. 
1. Жердің жүзін шарлайсың,
Онсыз еш жерге бармайсың.
Көлікпен де, жаяу да,
Саралайсың, таңдайсың. (Жол)
2. Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты, 
Тағы да бір белгісіз шама шықты. 
Ол болмаса денелер қозғалмайды, 
Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты? (Жылдамдық)
3. Қозғалысқа келтіріп, 
Жылдамдығын береді.
Өлшемдерін қарасаң,
Ньютонға ол келеді. (Күш)
4. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазылып тұр бойында. (Сызғыш)
5. Өмірің сенің қазақ,
Жолында жоқ түзу сызық.
Басы да жоқ, аяғы,
Бір айналым баяғы. (Дөңгелек немесе шеңбер)

5 – бөлім. Формула әлемінде. жылу мөлшерінің формуласынан
1. дененің бастапқы температурасын шығар;
2. Соңғы температурасын шығар;
3. температура өзгерісін анықта.
6 – бөлім. Кім шапшаң? Үш топқа үш пән бойынша бірдей есептер беріледі. Қай топ бірінші барлық үш есепті орындаса, сол шешуін көрсетеді. Дұрыс шығарылған есеп 5 баллмен бағаланады. 
1 – есеп: Параллелограммның қабырғаларының қосындысы 96см, ал айырымы 12 см. Қабырғаларын тап. (Жауабы: 42 және 54) 
2 – есеп: Түбірін тап:: 
3 есеп: 150 суды 1000-қа қыздырғанда 178,8кДж жылу бөлінген. Қайнаған судың массасы қандай? 

Әр дұрыс шешілген есеп 1 баллмен бағаланады. 


7 – бөлім. «Қас-қағым сәт» сайысы (әр команда тез тұрып жауап беру арқылы балл жинайды).
1. Бұрышты өлшейтін құрал. (транспортир)
2. Бойы екі қарыс, сиып тұр 25 арыс. (сызғыш)
3. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді. (0)
4. 30 санын үш 6-ны пайдаланып шығар. (6*6-6)
5. Қиылыспайтын екі түзу. (параллель)
6. Ұзындықтың өлшем бірлігі (метр)
7. Дәлелденбейтін ұйғарым. (аксиома)
8. Екі нүктенің арасындағы түзу. (кесінді)
9. Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда. (диаметр)
10. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш. (шаршы) 
11. 169 нешенің квадраты? (13)

Әділқазы алқасынан жалпы сайыстың қорытындысы сұралады. 


Кеш аяқталып, ойынға белсене қатысқан оқушылар марапатталады. 

1-жүргізуші: Санаңды сенің толтырар,


Есептану пәні бар.
Сабағынды егер оқысаң,
Өмірде саған жол болар.
2-жүргізуші: Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды.
Ал, қазыр әділқазылар сөз алады.
Сайысымыздың жеңімпаздарың анықтап,
Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет