Білімберумекемесініңбасшысынанбастайық, өйткені оның құзыреттілігі, басқару қызметінің тәжірибесіне, деңгейіне және білім беру процесінің тиімділігіне байланысты. Бұл жерде жетекшінің басты міндеті инклюзивті білім беру ортасын құру арқылы ақпараттық-талдау қызметін қалыптастыру және ұйымның басқару жүйесін жаңарту болып табылады.
Бұл процестің маңызды сәті инклюзивті білім берудің теориялық- әдіснамалық, әдістемелік аспектілеріне, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға, оның отбасына, пән мұғалімдеріне және барлық педагогикалық ұжымға көмек көрсету жолдары мен тәсілдеріне байланысты инновациялық ақпаратты тез тарату, қабылдау, талдау.
Ақпараттық-аналитикалық қызметтен басқа білім беру мекемесінің басшысы педагогикалық ұжымды инклюзияны жүзеге асыру мүмкіндігіне байланысты ұйымдастыруға міндетті.
Білім беру мекеме басшысының өзі ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін кедергісіз ортаны қамтамасыз етуге мүдделі болуы тиіс, ал ол үшін оған арнайы психологиялық-педагогикалық құзыреттілік қажет, атап айтсақ:
білім беру мекемесін инклюзивті білім беру ортасын құруға бағыттау;
білім беру мекемесін сәулеттік өзгерту, білім беру бағдарламаларын бейімдеу, әдістемелік құралдарды қолдану мүмкіндіктері мен қажеттілігін түсіну;
инклюзивті білім беру саласындағы шетелдік және отандық нормативтік-құқықтық құжаттарды білу;
инклюзивті білім берудің теориялық-әдіснамалық және әдістемелік негіздерін білу;
инклюзивті білім беру процесінде педагогикалық ұжымның қызметін ұйымдастыра білу;
жалпы білім беретін мекеменің педагогикалық процесіне ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қосуды ұйымдастыру негізінде педагогикалық ұжымға қолдау көрсете білу (мотивациялық, педагогикалық, әдістемелік, психологиялық, басқарушылық);
инклюзивті білім беру процесін ұйымдастырудың табыстылығын талдау, диагностикалау, түзету, бақылау жасау іскерлігі;
инклюзияны іске асыру барысында қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен, ата-аналармен, балалармен өзара қарым-қатынас жасай білу, келіссөздер жүргізу, кикілжің жағдайларды шешу, ұжымдағы әріптестерді конструктивті ұсыныстарға, шешімдерге ынталандыру және т. б.;
инклюзивті процестерді жүзеге асыруға және көмектесуге қабілетті білікті педагог кадрларды, мамандарды тарта білу.
Сондықтан да білім беру мекемесінің басшысы инклюзивтік білім беру процесін ұйымдастыру және табысты жүзеге асыру барысында режиссер және инженер болып табылады.
Мектеп директорының басқару мәдениетінің аксиологиялық компоненті мектепке жетекшілік етуде маңызды және мәні бар басқару педагогикалық құндылықтардың жиынтығы болып табылады. Басқару педагогикалық құндылықтар ретінде тиімді басқаруға мүмкіндік беретін идеяларды, тұжырымдамаларды алуға болады. Мектеп директорының басқару мәдениетінің технологиялық компоненті педагогикалық процесті басқару жолдары мен тәсілдерін қамтиды. Мектепішілік басқару технологиясы арнайы педагогикалық міндеттерді жүзеге асыруды қарастырады. Мұндай міндеттерді атқару менеджер-жетекшінің педагогикалық талдау мен жоспарлау, ұйымдастыру, педагогикалық үдерісті бақылау мен реттеу біліктерін меңгеруіне негізделеді. Мектеп директорының басқару мәдениетінің тұлғалық-шығармашылық компоненті педагогикалық жүйелерді басқаруды шығармашылық акт түрінде негіздейді. Басқару іс-әрекеті шығармашылық сипатты, басқару құндылықтары мен технологияларын меңгеру негізінде ұйымдастырылатын іс-әрекет ретінде түрлендіріледі, өзгереді. Мұндай түрлендірулер мен өзгертулер жетекшінің тұлғалық ерекшеліктерімен де, басқару объектілері ерекшеліктерімен де байланысты.
Мектеп директорына сонымен қатар инклюзивті білім беру процесін ұйымдастыруда ғылыми, оқу және тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарлары үлкен көмек көрсетеді.
Олар сондай-ақ инклюзивтік білім беру ортасын құруға және мектеп ұжымының әлеуметтік өміріне ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды табысты енгізу үшін күнделікті жағдайларды шешуде педагогикалық ұжымға көмектесуі тиіс.