ерекше мектептер (Sonderschulen). Бұлар – көру бұзылыстары бар (көрмейтін және нашар көретіндерге арналған мектептер) балаларға арналған; есту бұзылыстары бар (естімейтіндерге және нашар еститіндерге арналған мектептер) балаларға арналған; оқу мен дамуында проблемасы бар (тілінде проблемасы бар, психикалық бұзылысы бар, ақыл-ес бұзылыстары барлар үшін) балаларға арналған; мүгедек балалар үшін; созылмалы ауыруы бар балаларға арналған мектептер;
бірлескенсабақ. Көпшілік ата-аналар олардың мүгедек-балалары дені сау балалармен бірге әдеттегі мектепке барғанын қалайды. Жалпы білім беретін мектептегі бірлескен оқыту егер, онда белгілі жағдайлар: медициналық немесе қарайтын қызметкердің болуы, арнайы ғимарат, арнайы жабдықталған оқу орны, арнайы оқу құралдары және т.б. жасалғанда мүмкін болады;
ерекшетоптар, жалпы білім беретін мектептерде де, ерекше мектептерде де бар. Топта оқуы мен дамуында түрлі мәселелері бар 8 бала оқытылады. Олармен арнайы бағдарламалар бойынша жұмыс істейді.
Германияның инклюзивті мектептердегі әдеттегі және арнайы педагогтардың өзара әрекетін ұйымдастыру тәжірибесі қызықты. Сонымен екі модель бар: әдеттегі мұғалім мен арнайы педагог бір мезгілде өздері беретін пәндерді өзара бөліп алып, сыныпқа жауап береді. Сонымен қатар, екіншісі біріншісіне бөлінген уақытта ерекше балалар туралы кеңес береді, оларды оқыту процесінде пайда болған мәселені шешуіне көмектеседі, әріптесіне оның қателері туралы түсіндіреді; сыныппен әдеттегі мұғалім жұмыс істейді, түзету педагогы аптасына сабақта барлығы 5 сағат болады. Ол ерекше оқушыларға және негізгі мұғалімге көмектеседі. Бұл жағдайда сонымен қатар, арнайы педагогқа басқа мұғаліммен оның мәселелерін талқылауына уақыт бөлінеді.
Қазіргі уақытта Германияда орта есеппен, бастауыш сыныпта сыныптағы 25 адамға 5 ерекше баладан келеді, сонымен қатар, олардың бірі немесе екеуінің ақыл-есінің кемдігі көрсетілген, орта мектепте сыныптағы 23 адамнан үш-төрт бұзылысы бар балалар оқиды.
Жапонияда арнайы қажеттілігі бар балалар жалпы сыныппен бірге оқиды. Бірақ мұғаліммен бірге қосымша ассистент-мұғалім де жұмыс істейді. Ассистент-мұғалім сабақ бойынша барлық жағынан арнайы қажеттілігі бар балаларға көмектеседі.
Арнайы қажеттілігі бар жапондық балалар мектепте барлық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. Егер оқушы қандай да бір себеппен сабақтан қалса, бұл сабақтар оған жеке жүргізіледі.
Мысалы, егер оқушы дене бітіміндегі шектеулермен дене шынықтыру сабағына қатыса алмаса, онда онымен қол жетімді мүмкіншіліктері мен қабілеттері бойынша басқа мұғалім айналысады. Осындай мектептерде арнайы қажеттілігі бар балаларға толерантты қарым- қатынасты тәрбиелейді [37].
Оңтүстік Кореяда арнайы қажеттілігі бар адамдарға арнайы білім беру мүмкіндігі қарастырылған. Осы тақырып әр түрлі аспектіде – тарихи, әлеуметтік, педагогикалық, мәдениеттанулық және т.б. қарастырылатынын атап көрсетуге болады. 1970 жылдан арнайы білім беру екпінді дамуда: егер 1971 жылы 1 ғана арнайы сынып болса, 2004 жылы олардың саны 4366-ға жетті және бүгінгі күні шамамен арнайы қажеттілігі бар 60 мың бала әдеттегі және арнайы мектептерде оқиды.
1994 жылы инклюзив принципі бойынша оқытуды енгізу ескертілген арнайы білім беру туралы Заңға түзетулер енгізілді. 1997 жылы Оңтүстік Корея үкіметімен арнайы білім беруді алға бастыру (Special Education Promotion Act) бойынша заң қабылданды. 2007 жылы осы заңға толықтыру ретінде арнайы қажеттілігі бар тұлғалар үшін арнайы білім беру туралы Заң қабылданды. (Act on Special Education for Disabled Persons). Осы заң жоғары білім беру саласындағы елеулі өзгерістердің құқықтық негізін қамтамасыз етті.
Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың қазіргі міндеттері арнайы білім беруді дамытудың 5 жылдық Жоспарында көрсетілді және олар арнайы және кіріктірілген білім беруді қолдау сияқты, қоғам қажеттілігінің өзгеруіне тез жауап беру болып табылады [38].
Біздің пікірімізше, Оңтүстік Корея үкіметінің маңызды қызметі, нормативтік-құқықтық база құру ғана емес, заңды тәжірибеде табысты жүзеге асыру үшін, өз уақытында тиісті шаралар қабылдау болып табылады. Сонымен, 1994 жылдан Оңтүстік Кореяда арнайы білім беру саласындағы зерттеулерге жетекшілік ететін және физикалық арнайы қажеттілігі бар адамдардың қажеттілігіне байланысты жұртшылықты ақпараттандыруды арттыру бойынша жұмыс жүргізетін Арнайы білім берудің Мемлекеттік институты қызмет етеді [38].
Ресейде алғашқы инклюзивті білім беру мекемелері 1980-1990 жылдары пайда болды. Москвада 1991 жылы мәскеулік Емдеу педагогикасы Орталығының және ата-аналардың қоғамдық ұйымы бастамасы бойынша
«Ковчег» инклюзивті білім беру мектебі ашылды.
1992 жылдың күзінен «Денсаулығында арнайы қажеттілігі бар тұлғаларды кіріктіру» жобасын іске асыру басталды, нәтижесінде 11-ге жуық аймақта мүгедек-балаларды кіріктіріп оқыту бойынша эксперименттік алаңдар құрылды. Сонымен, педагогикалық ЖОО-да қолдану үшін
«Арнайы (түзету) педагогика негіздері» және «Денсаулығында арнайы
қажеттілігі бар балалар психологиясының ерекшеліктері» курстарының оқу жоспарлары әзірленді.
РФ Білім және ғылым министрлігінің мәліметтері бойынша, 2008- 2009 жылдары инклюзивті білім беру моделі Федерация субъектілерінде: Архангельск, Владимирск, Ленинград, Мәскеу, Нижгород, Новгород, Самара, Томск және басқа да облыстар қатарындағы түрлі типтегі білім беру мекемелерінде эксперимент тәртібі енгізілді.
Қазіргі жағдайда елімізде білім беру жүйесін жаңғыртудың перспективалық бағыттарының бірі инклюзивті білім беру болып табылады.
Бүгінгі таңда Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуға құқықтарын қамтамасыз ететін мемлекеттік құжаттар бар.
2004 жылдан бастап Қазақстанда инклюзивті білім беруге біртіндеп көшу жүргізілді. Түзету педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы құрылды, ол инклюзивті білім беруді енгізу бойынша ғылыми зерттеулер жүргізеді. Жалпы білім беретін мектептердің базасында денсаулық мүмкіндіктері шектеулі балаларға білім беру үшін кедергісіз орта құру бойынша Инклюзивті сыныптардың эксперименттік алаңдары іске асырылуда.
Бүгінде мүмкіндігі шектеулі балалардың 27%-і дені сау құрдастарымен бірге жалпы білім беретін мектептерде білім алуда. Жоғары оқу орындарына мүгедектерді қабылдау квотасы 0,5%-тен 1%-ке дейін артты. Жоғары білімді 570 мүгедек студент алады [39].
Қазіргі уақытта мүмкіндігі шектеулі балаларға түзету-педагогикалық қолдау көрсету 17 оңалту орталығы, 133 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, 558 мектеп жанындағы логопедтік пункт жұмыс жасайды.
Қазақстанда инклюзивті білім берудің тарихи-педагогикалық алғышарттарына тоқталып көрелік.
Интеграцияның алғышарттарын талдау барысында толеранттылық деген ұғымға ерекше назар аудару қажет. Қазақ халқының мәдени дамуында толеранттылық ерекше орын алады. Оның астарында адамгершілік құндылықтары, қайырымдылық, гуманизм қағидалары жатыр. Көшпелі қазақ даласында табиғатпен үйлесімді өмір сүрген халықтың бойында осындай ерекше қасиеттердің болуы заңды құбылыс. Жетім, жеcіpлеpге, мүмкіндігі шектеулі жaндapғa қaйыpымдылық көрсету ежелден келе жатқан дәстүріміздің бірі. Oғaн дәлел, хaлқымыздың жыpлapы мен дacтaндapы, еpтегілеpі мен мaқaл-мәтелдеpі, шешендік сөздері. «Жетім көрсең жебей жүр», «Жетімнің жасы удан да ащы» деген мақалдар ойымызды нақтылай түседі. Қазақ халқы өзінің дүниетанымында көмекке мұқтаж адамдарға деген гуманистік қағиданы ұстанған.
Coнымен қатар тapихи деpектеp мен заңнамалық құжаттарда да мүмкіндігі шектеулі aдaмдapды әлеуметтік қoлдaу мәcелеcі cөз бoлaды. Сол кезеңде дала заңының қағидалары мен талаптарын орындауға бағытталған Тәуке хaнның «Жеті Жapғысында» көмекке зәру болған адамдардың құқығы мен әлеуметтік жағдайын қорғау мәселесіне терең тоқталған. Осы заңның талаптарына бағынбаған адамдар жазаға тартылған. Осындай философиялық
тамыры терең, зерделі, құқықтық негізі мен әдіснамалық жүйесі бар дала заңы адамгершілік ұғымдарының қайнар көзі қайдан тарағандығын, тамыры қайдан шыққанын дәлелдесе керек. Бұл алдағы уақытта жаңа заңдардың пайда болуына алғышарт болды. Ру басшылары, ауыл ақсақалдары жиналып, қоғамдағы әлеуметтік мәселенің шешімін тауып, бір мәмлеге келген. Осы заңның негізінде физикалық әлсіз адамдарға зәбір көрсетуге болмайтындығы және олардың құқықтарын бұзуға тыйым салынатындығы туралы құнды дәйектер айтылған.
И. Opалхaнoвaның тұжыpымдaуы бойынша, қaзaқ хaлқы бaлa тәpбиеcіне еpте жacтaн еpекше көңіл бөлген. Қазақ хaлқының ocы біp еpекшеліктеpін еcкеpcек, ерекше қамқорлықты қажет ететін адамдарға қaтыcты кеpі көзқapac бaлaның кішкентaй кезінен-aқ қaлыптaca бacтaғaн [20]. Қазақ ертегілеріндегі мыстан кемпір, бір көзді жалмауыз, қарға-тұмсық, қазық-аяқ сияқты персонаждар ерекше қамқорлықты қажет ететін адамдарға деген теріс әрекеттерді қалыптастырады. Бірақ, авторлар жағымсыз кейіпкерлердің іс- әрекеттерін суреттеу барысында, адамның денсаулығындағы физикалық кемшілікті көрсетуді мақсат етпеген, керісінше, олардың бойындағы өшпенділік арқылы, теріс әрекеттерден аулақ болуға шақырады.
Қазақ фольклорындағы әйел бейнесінде беріліп, зұлымдық жасайтын образдар бар. Ертегілерде жағымсыз кейіпкер ретінде бейнеленетін мыстан кемпірді авторлар мынандай кейіпте сипаттайды: сұмпайы, жүрген жерінде адамдарға үнемі әділетсіздік жасайтын, сыртқы бейнесіне қарасаң сараң адамдардың келбеті елестейді. Көрнекті ғалым С.А. Қасқабасов өзінің
«Казахская волшебная сказка» атты еңбегінде мыстан кемпірдің бейнесі туралы ойларын былай өрбітеді. Бұл образ қазақ әдебиетінде сақ дәуірінде, әйел адамдардың басқару құрылысына араласуы кезеңінде пайда болған. Оған себеп, сол кездегі әлеуметтік жағдайлар болса керек [40]. Сондықтан да мыстан кемпірдің ішкі дүниесі зұлымдыққа толы болса, ал сыртқы дене бітімінде кемшілігі бар адамдарға деген негативті көзқарасты қалыптастырушы персонаж ретінде көрінеді.
Қaзaқ хaлқының дәстүрінде тегіне қарап қыз алу, яғни экзoгендік зaңдылықты қaтaң caқтaғaн. Бұдан қaзaқ хaлқының өз ұpпaғының денcaулығынa, туa біткен aуытқулapғa еpекше нaзap бөлгендігін бaйқaуғa бoлaды. Қазақ халқының дерекнамасында осы мәселеге қатысты көптеген би- шешендердің, дала ақындарының сөздері қалған.
Соның бірі Жәнібек ханның ғұлама ғалыммен арасындағы сұхбаты болса керек. Бұл әңгіменің маңызы өмірде емделмейтін бір ауру ғана бар, яғни ол тұқым қуалайтын ауру деп жауап берген. Өтейбойдақтың сындарлы ойлары оның тұжырымы бойынша, жеті атаға дейін қыз алмау мәселесі. Өтейбойдақ пен Жәнібек ханның арасындағы сұхбаттан қазақ халқының неке мәдениетіне қатаң қарағандығына куә боламыз. Бұл талаптар ғасыр бойы жалғасып, текті баланың дүниеге келуіне себеп болды. «Тектіден қыз алсаң, ошағын сөнбейді»
- деген мақал, ойымызды түйіндей түседі.
Интеграцияның даму мүмкіндіктеріне талдау жacaй oтыpып, мынaндaй тұжыpым жacaуғa бoлaды: бұл пpoцеcc шет елде және біздің елімізде кезең-
кезеңмен іcке acыpылғaн, нopмaтивтік құжaттapмен aйқындaлғaн жaңa бaғыттaғы мемлекеттің білім беpудегі бacым caяcaтының біpі.
Біздің елімізде ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларды оқыту проблемасы 2002 жылдан бастау алды. 2002 жылы біздің еліміз алғаш рет ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларға медициналық және әлеуметтік көмек көрсетудің қағидаларын басшылыққа алған нормативті құжат қабылдаған болатын.
Елімізде инклюзивті білім беруді жетілдірудің нормативті-құқықтық базасының басты мақсаты – білім беру ортасының білім алушылардың жеке ерекшеліктері мен білім алуды қамтамасыз ететін педагогикалық тәсілдің негізінде барлық білім алушылардың тұратын жері бойынша тең дәрежеде білім алуды қамтамасыз етуге негізделген. Адам құқығы саласындағы негізгі халықаралық құжаттарға сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасында барлық азаматтардың, соның ішінде елдегі әрбір тұлғаның білім алуға тең құқығы қағидасы қарастырылады.
Қазақстан Республикасының «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Заңында мүмкіндігі шектеулі адамдардың барлығы ешқандай кедергіге қарамай білім алуға міндетті деп айтылған [41].
Сонымен қатар, 2011-2020 жылдарға арналған еліміздің мемлекеттік бағдарламасында ықпалдастыру процесін жетілдіру туралы баса айтылған болатын. Қазақстанда интеграциялық жүйеде әлі де болса, қарама- қайшылықтар кездеседі, оны жетілдіру мен дамытудың әртүрлі технологияларын ұсыну қажет.
Хронологиялық кезеңдерге сүйене отырып, мынaндaй тұжыpым жacaуғa бoлaды: бұл пpoцеcc шет елде және біздің елімізде кезең-кезеңмен іcке acыpылғaн, нopмaтивтік құжaттapмен aйқындaлғaн жaңa бaғыттaғы мемлекеттің білім беpудегі бacым caяcaтының біpі.
Республикамыздың көптеген мектептерінде 2004 жылдан бастап зерттеулер жүргізілген болатын. Сол зерттеулердің нәтижесіне сүйенетін болсақ, мұғалімдердің көпшілігі ықпалдастыру процесіне қарсы болған. Себебі ол кезде мұғалімдердің көпшілігі ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларды қоғамдық ортаға бейімдеуге дайын болмады.
Жүргізілген психологиялық сауалнамаға үңілетін болсақ, ата-аналардың басым көпшілігі ақпараттық түсінбеушіліктен, «менің балам неге ерекше қамқорлықты қажет ететін балалармен бірге оқуы қажет?» деген сауалдар қою арқылы өзінің қарсылығын білдірді. Білім беру мазмұнындағы бұл реформа көпшілікке жаңалық болып саналды. Олар бұл идеяны бірден өздеріне сіңіре алмады.
Интеграцияның хронологиялық даму тенденциясына тоқталу арқылы бұл реформаның шет елде және біздің елімізде әртүрлі қарама- қайшылықтармен іске асырылғандығына, нopмaтивтік құжaттapмен дәлелденгендігіне, еліміздің жаңа бағыты ретінде пайда болған ықпалдастырудың мета жүйесі екендігіне көз жеткізуге болады.
Біздің елімізде статистикалық мәліметтер бойынша, орта білім беру ұйымдарындағы балалардың 32%-і инклюзивті оқытумен қамтылған. Бұл мекемелерде арнайы жағдайлар жасалып, мүмкіндігі шектеулі 25 985 бала (28%) дені сау қатарластарымен тең дәрежеде білім алуда. 2019 жылға дейін мектептердің 70%-і инклюзивті білім беру жүйесіне көшпек.
Елдегі білім беру ұйымдарының балаларды сапалы білім беру қызметінің ерекше қажеттіліктерімен қамтамасыз ететін инклюзивті білім беру ортасын дамыту жөніндегі зерттелген және жалпыланған жұмысы осындай балаларды білім берудің әрбір сатысында толыққанды білім беру процесіне қатыстырудағы құрылған және байқаудан өткізілген тетіктерін жетілдіруді қажет ететінін көрсетіп отыр.
Білім беру ұйымдарының инклюзивті ортаны дамыту жөніндегі тәжірибесін зерделей келе, ерекше қажеттіліктері бар балаларды толыққанды білім беру процесіне қосудың байқаудан өткен бірқатар тетіктерін бөліп көрсету қажет.
Қарағанды қаласындағы №27 ЖОМ ММ үлгісінде құрылған инклюзивті оқыту орта модельдерінің бірі инклюзивті білім беру мекемесін дамытуды басқарудың моделі болып табылады. Мектеп базасында ерекше қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі құрылған. Бұл қызметтің мақсаты ЕҚБ-дың оқуын, тәрбиесін, әлеуметтік бейімделуін және қоғамға кірігуін қамтамасыз ететін оңтайлы жағдайлар жасау болып табылады.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту процесі психологиялық-педагогикалық қолдау көрсететін түрлі деңгейлі бағдарламалар және жеке бағдарламалар бойынша жүргізіледі. Түзету компонентін қосу міндетті болып табылады.
Алматы қаласындағы Түзету педагогикасы Ұлттық ғылыми- практикалық орталығы (бұдан әрі – ТП ҰҒПО) эксперимент алаңының моделі инклюзивті мектептің басқа моделі болып саналады.
2016 жылы Ұлттық Білім беру академиясында Инклюзивті білім беру орталығы ашылды.
Интеграция және инклюзия мәселесінің теориялық және практикалық тұрғыдан шешу жолдары еліміздің бірқатар ғалымдарының еңбектерінде көрініс тапқан. Соның ішінде А.А. Бейсенбаева, М.Ә. Құдайқұлов, Қ.Б. Бөлеев сияқты ғалымдар пәнаралық байланысты оқу-тәрбие процесін ұйымдастырумен байланыстырса, М.А. Абсатова өз зерттеуінде интеграция идеясының тарихи алғышарттарына тоқталған.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында былай деп көрсетілген: «Мемлекет жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, тегіне, мүліктік және лауазымдық жағдайына, тұрғылықты жеріне, дінге көзқарасына, нанымдарына, қоғамдық бірлестіктерге тиесілігіне, сондай-ақ басқа да жағдайларға қарамастан адамның және азаматтың құқықтары мен еркіндігінің теңдігіне кепілдік береді» [42].
«Инклюзивті білім беру» түсінігіне талдау жасайтын болсақ, «қамту, қосу» деген мағынаны білдіреді. Оның негізінде «inclusion» деген ағылшын
термині жатыр, француз тілінен аударғанда «inclusif» «өзіне қамтитын» және латын тіліндегі «include» «қамтимын, қосамын» деген мағынаны білдіреді. Энциклопедиялық сөздікте, инклюзивті білім беру – бұл ерекше қажеттіліктері бар тұлғалардың білім алуға қолжетімділігін қамтамасыз ететін әр түрлі мұқтаждықтарға бейімделу тұрғысынан жалпы білім беруді дамыту үдерісі [43].
Н.А. Адаева өзінің зерттеу жұмысында «Инклюзивті білім беру дегеніміз – даму мүмкіндігі шектеулі оқушылардың барлық қалыпты тұлғалармен бірдей деңгейде білім алуына қол жеткізуі және бұл процесс білім берудің барлық деңгейлеріне қатысты болу қажет» - деп түсіндіреді [44]. Д.В. Зайцев инклюзия ұғымына әртүрлі анықтама береді. Ерекше қамқорлықты қажет ететін балалардың бейімделуіне, қолайлы жағдайлар туғызумен тығыз байланысты деген ұғыммен байланыстырады. Авторлардың еңбектерін саралайтын болсақ, «инклюзия», «ерекше қамқорлықты қажет ететін адамдар» деген ұғымдapға түсінік беріледі. Психологтардың пікірі бойынша интеграция бұл оқыту ғана емес, жеке тұлғаны өміpдің бағытына
қарай ыңғайластыру процесі деп түсіндіруге болады.
Инклюзивті процесс психологиялық ыңғайына байланысты басталады, осы кезеңде ерекше қамқорлықты қажет ететін балалардың қоршаған ортамен араласып, тәжірибені үйpеніп, біpге кәсіби дaғдылapды игеруге талпыныс жасайды. Интеграция процесі бaлaның генетикалық тегіне, діни нанымына, материалдық мүмкіндігіне және дaмуындaғы кемшіліктеріне қapaмacтaн, кіріктіріп оқытуға және қоғамдық жaғдaйға үйрену пpoцеcі.
Ерекше қамқорлықты қажет ететін балалар дегеніміз: туа және уақыт өте келе көріне бастаған адамның бойындағы аурулар, анализаторлық қызметтің бұзылуы нәтижесінде немесе апаттардың әсерінен адамдардың қызмет түрлерін атқара алмауын айтуға болады.
Қазіргі кезде медицинада және психологияда ерекше қамқорлықты қажет ететін адамдардың категориясын былай бөлуге болады:
− есту аппараты бұзылған балалар;
− нашар көретін немесе көрмейтін балалар;
− тілінде мүкісі бар адамдар;
− зақымдалған, тірек-қимыл аппараты арқылы жұмыс жасайтын балалар;
− дамуы тежелген, психологиялық дағдарыстағы балалар;
− эмоциялық күйзеліске ұшыраған балалар;
− оралмандар;
− жетім балалар;
− дарынды балалар.
Әр түрлі ғылыми дереккөздерді талдау бізге «инклюзивті білім беру» ұғымын нақтылауға мүмкіндік берді.
Инклюзивті білім беру - бұл барлық балаларды, олардың дене, психикалық, әлеуметтік-мәдени ерекшеліктеріне қарамастан, тұрғылықты жері бойынша жалпы білім беретін мекемеде оқыту мен тәрбиелеудің тұтас педагогикалық процесі.
Осының барлығы адамға қоғамның тең құқылы мүшесі болуға мүмкіндік береді, оның сегрегациялануы мен қоғамнан оқшаулануын төмендетеді.
Инклюзивті білім беру проблемалары бойынша қолда бар ғылыми зерттеулерді талдау бүгінгі күні әлемдік тәжірибеде «инклюзивті білім беру» терминінің жалпы қабылданған бірыңғай түсінігінің жоқ екенін көрсетті.
Ғалымдардың бірінші тобы инклюзивті білім беру – бұл бірыңғай білім беру ортасы деп санайды, бұл жағдайда денсаулығы шектеулі оқушылар дені сау құрдастарымен бір білім беру бағдарламасы бойынша оқып қана қоймай, барлық бағдарламалық іс-шараларға қатысады. Денсаулық мүмкіндіктері шектеулі бала жалпы білім беретін сыныпқа ғана емес, сонымен қатар мектеп ережелерімен толық сәйкестікте оқиды. (Э. Кован, Р. Джексон).
Екінші топ ғалымдардың инклюзивтік білім беру мүмкіндігі шектеулі оқушыларды жалпы білім беретін мектептерде оқыту үрдісі мен тәжірибесі ретінде ұсынады, олар инклюзивті білім беру жағдайында оларға қажетті қолдау көрсетеді. (Д.Э. Волтц, А. Ранзаглия және т.б.) аталған ғалымдар денсаулық мүмкіндіктері шектеулі балалар өз құрдастарымен, мұғалімдермен жаппай мектептегі сабақтан тыс іс-әрекет барысында толыққанды өзара іс- қимыл жасай алады деп санайды. Бұл тәсілдің негізінде әрбір баланың жеке айырмашылықтарына қарамастан құндылығы мен бірегейлігі туралы аксиологиялық идея жатыр.
«Инклюзивті білім беру» ұғымының мәніне үшінші көзқарас оқу-тәрбие процесін оңтайландыру теориясымен байланысты және икемді білім беру жүйесін құру болып табылады. (Д. Сандак және т. б.)