Қабылдау-қарау боксі - балалар және инфекциондық ауруханаларындағы қабылдау бөлімінің негізгі бөлмесі. Көп профильді ауруханалардағы қарау кабинетінің қызметін атқарады. Онда тамбур және шлюз (сыртқы тамбур-аурулар үшін, ішкі шлюз-қызметкерлерге), қарау бөлмесі, санитарлық түйін бар. Санитарлық өткізгіште – ауруханаға жатқызылған ауруларды гигиеналық өңдеу, жеке заттарын өткізу және ауруханалық киім беру қарастырылады. Аурудың палаталық бөлімге барар жолында жеке немесе қарау кабинеттерімен бірге орналастырылады. Палаталық бөлім. Стационарлардың негізгі құрылымдық элементі болып табылады және екі палаталық секция және жалпы бөлмеден (емдік, диагностикалық, қызметкерлер бөлмесі, асхана) тұрады. Палаталық секция - оқшауланған палаталар кешені және бір профильдік аурулар үшін қосымша бөлмелерден тұрады. Бір секциядағы төсек саны 20-дан кем емес, 30-дан көп болмау қажет. Санитарлық түйін - жуынатын орын, ванна, дәретхана және санитарлық бөлмеден тұрады. Санитарлық бөлмеде ыдыстарды жуу және стерилизациялау, анализге арналған ыдыстарды сақтау, клеенкаларды жуу, лас киімді уақытша сақтау жүргізіледі. Хирургиялық бөлімнің негізгі құрылымдық бірлігі - операциялық блок. Оперблокқа кіру қызметкерлер үшін санитарлық өткізгіш, ал аурулар үшін шлюз қолданылады. Оперблок 2 қиылыспайтын оқшауланған асептикалық және септикалық бөлімдерден тұрады және ал ішкі бөлмелер қатаң зоналануы (стерильді зона, қатаң режим аймағы) қажет. Оперблокта тек бір асептикалық бөлім болады (кардиохирургия, нейрохирургия). Екі бөлім де болғанда, септикалық бөлім асептикалықтан жоғары орналасады. Оперблок жанында операциядан кейінгі аурулар үшін 1 операциялық бөлмеге - 2 төсектен есептелген палата орналасады. Ауруханадағы операциялық бөлменің саны - хирургиялық профильдегі 70 төсекке 1 операциялық бөлме есебінен алынады. Бөлім палаталары мен кабинеттерде түбегейлі тазалау график бойынша жүргізіледі, бірақ айына 1 реттен кем емес, ал операциялық блок, таңу және босанатын бөлмелер инвентарь мен жиһаздан босатылып аптасына 1 рет жүргізіледі. Коридор, дәретхана және қосымша бөлмелерде қоқыс салатын ыдыстар, ал процедуралық және басқа кабинеттерде аяқпен басып ашатын шелектер қойылу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |