Қатаң стерильдік режимді, асептика мен антисептиканы қажет ететін бөлмелерде (операциялық,таңу, реанимация палаталары, процедуралық, босану палаталары және т.б.) жинаудан кейін ультракүлгінді бактериоцидтік лампалармен сәулелендіру жүргізу қажет. Олар стационарлық және жылжымалы болуы мүмкін. Сәулелендіру кезінде қызметкерлерге бұл бөлмелерде аз уақыт ғана болуына рұқсат етіледі. Ауруханалар санитарлық бақылаудың маңызды обьектілерінің бірі болып табылады. Оған жеке және жалпы сұрақтар кіреді. Жалпыларға территорияның санитарлық жағдайы, көгалдандыру, зоналау, қалдықтарды шығарып тастау, сумен қамтамасыз ету, канализация және басқалар, ал жеке сұрақтарына – құрылымына, қондырғыларға және аурахана бөлімдерінің мазмұнына қойылатын гигиеналық талаптар жатады. ЕПМ-нің санитарлық-гигиеналық жағдайын кешенді бақылау коммунальдық гигиена дәрігері, эпидемиологтар, бактериологтар, дезинфекционистер, керек жағдайда басқа да мамандардың қатысуымен жүреді. Кешенді тексеру жылына 1реттен жиі емес және бұл кезде елді мекендегі барлық ЕПМ тексеріледі. Тексеру актілерінде мекеменің санитарлық-гигиеналық ережелер мен нормаларға сай екендігі, ҚР денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемияға қарсы режимі туралы бұйрықтарын орындау туралы мәліметтер көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |