Ақтөбе қаласы, №5 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі


Сабақтың тақырыбы: Отбасындағы ата мен әже, әке мен ана



бет4/20
Дата06.02.2022
өлшемі499,79 Kb.
#38215
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Сабақтың тақырыбы: Отбасындағы ата мен әже, әке мен ана.
Сабақтың мақсаты: Жанұядағы ата мен әже, әке мен ана мейірімін сезіну, ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты әке мен ана орнының ерекше екендігін ұғындыру. Әке мен анаға деген бала махаббатын одан әрі дамыту.

Әдісі:Түсіндіру, топтастыру, шығармашылық жұмыстар, тренинг


Сабақ жүрісі.


1.Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу. Сабаққа әзірліктерін тексеру.
Сабақтың эпиграфы:
ӘКЕ-асқар тау,
АНА-бауырындағы бұлақ,
БАЛА-жағасындағы құрақ.
2.Жаңа сабақ.
Әке-ана-отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген. Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусар бұлағы – АНА есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Сондықтан ананы ардақтамайтын халықта жоқ. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, дүниеге келтіріп қана қоймайды.
Бала,бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
да ана, көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіретін де ана.Ал нәресте өмірінң нәрі –Ана сүті.Сол ана сүтімен баланың бойына туған елінің рухы, жақсы да саналы қасиеттер енеді.
Әрқашан дұрыс, таза жүр, адал бол деп тілейтін де –Ана.Ана, бұл жел жағымызға пана, бәріміз үшін дарағ дана тұлға. Ана дегенде сөзге келмейтін тіл, лүпіл қақпайтын жүрек, мөлтілдемейтін жанар жоқ. Ананың қоғам өміріндегі алатын орны үлкен.
Ана-перзент тәрбиелеуші,
Ана-қызметкер,
Ана- ғалым,
Ана-зейнеткер
Дін мұсылман жолында Әкені құрметтеу – айрықша парыз. «Әкеге бағыну-Аллаға бағыну. Оның алдында күнәһар болу –Алла алдында күнәһар болу» дейді пайғамбарымыз. Бала үшін әке орны бөлек. «Әке» деген сөзді айтқанда өзіңе пана болар, қиындыққа қалдырмас, арманыңа қол созсаң ақ батасын беріп, ақ жол тілейтін адамың екенін бала жүрегі сезердей. Әрбір бала әкені өзінен биік ұстауы қажет. «Әке –асқар тау» деп бекер айтылмаған.Ол сенің сүйенер тіреуің, отбасының діңгегі.
Сізсіз әке-ең ақылды, ең шыншыл,
Сізсіз әке-ең жақыным, ең сыршыл
Шуақ шашқан қашанда асыл жүрегің,
Жанымдасың, қамқорымсың білемін.
Қабыл алғын бала жүрек тілегін.
Қазақтар «Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата –дәстүріміз. Бұл сөз болып отырған –біздің атамыз бен әжеміз. Ата мен әже дегеніміз әкеміз бен анамыздың ата-аналары. Ата мен әже немерелерін еркелетеді, ыстық алақанымен, құшағына алып жатады. Ертегілер оқып, жыр-дастандарын айтып беретін көненің көзі.
Осы орайда мына сөздер үлкен ой тудырады: «Алты аға бірігіп әке болмас,
Жеті жеңге бірігіп ана болмас» деген сөзде де терең ой жатыр. Ата-ананың үміт-арманы баласымен бірге жасайды. Сол себепті олардың бар тілеуі балаға бағышталған.
3.Бекіту бөлімі.
Кеспемен жұмыс.
1.Сен әкең мен шешеңнің бойындағы қандай қасиеттерін өзіңе үлгі тұтасың?
2.Атаң мен әжеңнің тәрбиесінде болдың ба?
3.Жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?
4.Үйдегі алтын қазық кім?
5.Анаға арналған қандай өлең жолдарын білесіңдер?
6.Әкеге арналған қандай өлең жолдарын білесің?
7. «Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды.» деген қанатты сөздің мағынасын түсіндір.
8.Әке мен ана тақырыбына бірнеше мақал –мәтел келтір.
9.Ата мен әженің ерекшелігі неде?
4. Шығармашылық жұмыс.
Балалар, бүгінгі ойымызға, сөзімізге түйін қоя отырып, шығармашылық жұмыс орындаймыз. Екі түрлі тапсырма беремін.
1.Ойтолғау жазу.
2.Арнау өлеңдерін шығару.
5.Ой шақыру
Балаларға ана және әке туралы өлең оқи отырып, өлең авторы кім екенін және мазмұнын түсіндірту.
6. Семантикалық картамен жұмыс.



Мінезі, қасиеті

Ата

Әже

Ана

Әке

Мейірімді
Қатаң
Ақылшы
Сырласуға дайын
Жүзі жылы
Кешірімді
Әдемі
Ұстамды
Ақкөңіл
Жақсы















7.Сұраққа-жауап


-Не тәтті?
-Ананың сүті тәтті.
-Не жұмсақ?
-Ананың қолы жұмсақ.
-Не қымбат?
-Ана қымбат.
8. Венн диаграммасы




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет