VI.Дәптермен жұмыс 3-қазды құтқару үшін «Ж» әрпін жазып үйренейік.Ауада жазу.Жазу жолындағы әріптерді жазу. Ж ж әрпін балалардың әдемі, таза, сауатты жазуларын қадағалау.
VII.Ойын. «Сөз ойла,тез ойла» 4-қазды құтқару үшін.
1.Ж дыбысына байланысты сөздер айту
2. «Әріпті жұмбақ» шешу
Жайлауда бар.
Қыстауда жоқ.
Жасылда бар
Қызылда жоқ. (Ж)
VIIІ. Сабақты қорытындылау -Қандай дыбыспен таныстық?
Ж дыбысы қандай дыбыс?
Ж дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
-Міне балалар, біз нелерге көмектестік?
-Қаздар сендерге риза болып,көп рахмет айтып жатыр.Әрқашан осындай қайырымды болыңдар!
ІХ.Бағалау -Балалар,өздерін күнмен бағалау.
Ойланайық бір мезет,
Бақылайық,байқайық,
Бірімізге-біріміз.
Күн шуағын сыйлайық.
-Оқушылар бүгінгі сабақ ұнады ма?
-Қандай жұмыс түрлері ұнады?
Сұрақ-жауап арқылы сабақтың өту барысы талқыланып,сабақ аяқталды.
Қуанышты хабарлама.Сабақта «Күліп тұрған күн» алған балаларды мадақтау.