«Тәуелсіздік –ел бақыты»
Құрметті қызметкерлер және қонақтар!
Сіздерді ҚР тәуелсіздік алған күнімен құттықтаймын.
Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгергеналтынның,
Айналайын алтын әнім жас өркемнің халқымның
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындым
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі халқымның
Айналайын,айналайын жас өркені халқымның.
Міне,осыдан тура 23жыл бұрын, яғни 1986жылдың 16-желтоқсанда
көкіректері намысқа толы қазақ жастары алаңға шыққан болатын.
Бұл шеру нәтижесіз қалған жоқ.
1991 жыл 16 желтоқсан ҚР тәуелсіздік күні болып жарияланды. Тәуелсіз
ел болдық, оны жер бетіндегі мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар
түгел мойындады. Бұл қазақ халқының арғы-бергі тарихындағы ең үлкен
жетістігі.
1986 жыл 16 желтоқсан ерлік пен өжеттілік, қайғы мен қасырет мидай
араласқан күн еді. Қазақтың санасын сілкіндірген желтоқсан ызғары
жылдары бойы арман мен тәуелсіздіктің қайнар көзі болды.
Баяндама.
Басталып алғашқы дәуір тастан,
Бабалар жазған бәрін етіп дастан.
Қазақтың бұрынғысын бір қайталап,
Ақтарайық тарихты әуел бастан.
Бүгінгі күні бізді азаттыққа қол жеткізген желтоқсан құрбандарын еске алмау біздер үшін үлкен күнә.
Ендеше тарихқа көз тігелік.
(Көрініс)
Ұл-қыздарды жебеген тағдыры ұлы
Жасай берсін Желтоқсан жаңғырығы.
Сізге бақыт әкелсін баяны бар
Халқымыздың жасампаз мәңгілігі!
Міне,осындай тұғыры биік егемендікке жеткізген осы Қайрат, Сәбира секілді ұл-қыздарымыз. Ендеше, боздақтарымызды еске алайық.
Достарыңызбен бөлісу: |