Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қараукелді №3 орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Жарылғасынова Ардақ Сайлауқызы Тақырыбы



Дата06.02.2022
өлшемі15,25 Kb.
#55118
түріӨмірбаяны

Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы,
Қараукелді №3 орта мектебі
бастауыш сынып мұғалімі
Жарылғасынова Ардақ Сайлауқызы


Тақырыбы: Менің өмірім.Ж.Жабаев


Мақсаты:
1)Білімділік: бала Жамбылдың толық өмірбаянымен таныстыру , шығармашылығы жайында мәлімет беру, түсіндіру.
2) Дамытушылық: Оқушыларды ұлтжанды болуға, ұтымды ойлауға, мәнерлеп оқуға үйрету , тез жауап беру дағдыларын қалыптастыру.Шығармашылықпен жұмыс жасауға үйрету.
3) Тәрбиелік: Шыншыл болуға, адамгершілікке , отаншылдыққа тәрбиелеу.
ақынның өмірлік мақсаты мен арманына жетудегі талпынысы мен табандылығын үлгі ету.
Көрнекілігі: слайд, өлеңдер .Сүйінбай менЖамбыл ақын портреті.


Сабақтың барысы:Қызығушылықты ояту
Жағымды сөздерді еске түсіріп,жазу сұралады.
2.Мағынаны тану
хатқалтаны әр топқа беру.
Менің пірім- Сүйінбай
3.О Жамбыл : //
Менің пірім – Сүйінбай ,
Сөз сөйлемен сыйынбай.
Сырлы сұлу сөздері
Маған тартқан сыйындай.
Сүйінбай деп жырласам ,
Сөз келеді бұрқырап,
Қара дауыл құйындай
ой толғау
мәтіндегі жақсы сөздерді теріп жазу
Оқулықпен жұмыс.
мәтіннің ретін тексереді.

  1. Жаңа сабақ

Жамбыл – өмірімен де, шығармашылығымен де екі ғасырды молынан тұтастырып жатқан ұлы жырау.Ақынның шығармашылық өмірбаяны туралы деректер аз, жыр толғау, айтыстары да сақталмаған.Әйтсе де Жамбылдың халықтың ақындық қызынасын жете меңгеріп, жаңарта дамытқан ,өмір даналығын көкірегіне тоқыған елдің тарихын әділдік сөзін ешкімнен де тайсалмай айтатын өлеңі тау өзеніндей үлкен дарын иесі екенін танимыз.
Болашақ ақын 1846 жылы ақпан айында қазіргі Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының бөктерінде дүниеге келген.Ол жайында ақынның өзі “ Менің өмірім ” - деген өлеңінде:
Қақаған қар аралас соғып боран ,
Ел үрей - көк найзалы жау торыған.
Байғара , Жамбыл, Ханда мен туыппын ,
Жамбыл деп қойылыпты атым содан, -
Жамбыл өмірге келген кезде Қазақстанның оңтүстігі , оның ішінде ақынның туған өлкесі – Жетісу өңірі Қоқан хандарына бағынышты болатын.Ал Қоқандықтардың халыққа жасаған зорлық – зомбылығын айтып жеткізгісіз ауыр еді.Ақынның өзі ауылдары солардан қашып бара жатқанда, қақаған аязды қыс айында көш – жөнекей туыпты.1864 жылға дейін Қоқан хандығы , одан соң Ресей империясы билеген замандағы халықтың мүшкіл тірлігі, өз отбасының жұтаң тұрмысы , мықтының әлсізге зорлық – зомбылығы тумысынан талантты , намыскер Жамбылдың ішіне қайғы болып байланады.
Жамбылдың өлеңге , ақындыққа құмарту сезімі ерте оянған.Өзінің айтуынша , 13 жасынан бастап ақын болуға бекем бел байлайды.
Дүмше молдадан оқығанша , “ домбыраны қолға алам ” деп , әкесінен рұқсат сұрайды.
Жамбыл Сүйінбайдың өсиетін өмір бойы есінде сақтап, ұстазының есімін ардақтаумен өтеді.
Жамбыл ақындық айтысқа 17- 18 жасында араласып, “ Көрұғлы ” ,“ Өтеген ” сияқты дастандарын да сол тұстарда жырлай бастаған .
4.Дәптермер жұмыс
Сөздік жұмысы
Үйге тапсырма
Өнер қуған бала шығарма жазып келу.
Бағалау
«Автор орындығы» Жамбылдың бір өлеңін оқып беру..
Бағалау
.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет