Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Аралтоғай ауылы, С. Оразалин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Акимова Гулшат Амановна



Дата25.03.2017
өлшемі60,9 Kb.
#12335
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Аралтоғай ауылы,

С.Оразалин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Акимова Гулшат Амановна

«Елдің беті, елдің көркі – рәміздер!»

Сабақтың мақсаты:Оқушыларды аса маңызды мелекеттік белгілер – рәміздермен жан – жақты таныстыру. Ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне қысқаша шолу жасау.

Оқушыларға мелекеттік рәміздердің аса маңызды екенін, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру, ой – өрісін кеңейту. Отанды сүюге, рәміздерді құрметтеуге үйрету, өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу.



Көрнекілігі: ҚР Рәміздері, нақыл сөздер, рәміз авторларының суреті,

Слайдтар


Сабақтың түрі: ашық тәрбие сағаты

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, баяндау, сұрақ – жауап, талдау – жинақтау,

қорыту, слайд шоу



Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық 1-слайд

«Ғажайып жұлдызша» шаттық шеңбері



II.Ой қозғау. Сұраққа жауап 2- слайд

Біз қай елде тұрамыз?

Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?

Біздің президентіміз кім?

Елордамыз қай қала?

Қ.Р-ның рәміздерін білемізбе?

Рәміздер не үшін қажет?

III. Негізгі бөлім 3- слайд


  • Әнұран орындау

  • Оқушылар, міне бүгін 1-қыркүйек білім күні» Бүгінгі білім күніне арналған ашық тәрбие сағатымыз еліміздің рәміздеріне арналмақшы. Жер бетіндегі мемлекет атаулының қай- қайсында да мемлекеттігінің белгісі – рәміздері бар.

Тәуелсіз мемлекет – егеменді ел болудың қыруар қиындығы, ерекше жауапкершілігімен қатар, бірқатар шарттары, басты –басты белгілері бар екені мәлім.Солардың арасында елдің елдігін танытып тұратын айрықша мәнділері – Елтаңба, Ту және Әнұран.Өз еліне ғана тән мұндай белгілері жоқ мемлекет дербес, тәуелсіз бола алмайды.

Қазақстан Республикасының Конститутциясның 9 – бабында Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туын,Елтаңбасын,Әнұраның сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі заңмен бекітілеген. 34 -бапта әрбір адам Республиканың мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге міндетті екені айтылады.

Мемлекеттік рәміздер белгілі бір елдің өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман –аңсарын, басқалармен байланыс мұраттарын білдіреді.

Еліміздің рәміздері қасиетті белгілер екенін әрбір азамат терең түсініп, оны қадірлей білу керек.

(Рәміздерім – мақтанышым атты диск қосу, көру)

Енді осы рәміздеріміздің әрбір бөлшектеріне шолу жасайық:



  1. Оқушы: Мемлекеттік Ту – 1992 жылы 4-маусымда қабылданып, 6- маусымда күшіне енді. Ту – Қазақстан Республикасының мемлекеттік негізгі рәміздерінің бірі.Оның ортасында шұғылалы күн, күннің астында қалықтаған қыран бейнеленген.Ағаш сабына бекітілген тұста кестеленген тік жолақ ұлттық оюлары көз тартады.Тудың авторы – суретші Шәкен Ниязбеков.




  1. Оқушы:Мөлдір бұлтсыз ашық аспан күмбезін,

Бейнеленген алтын шапақ күн көзін.

Адалдық пен пәктік көңіл нышаны

Көріп жүрмін көк туымды күнде өзім.

Көгілдір түс мөлдір таза пәктігім,

Ырымдады болса екен деп сәтті күн

Бейбітшілік, тыныштықтың нышанын,

Көк туымыз білдіріп тұр тап бүгін.

(Оқушылардан тудың белгілерін пысықтап сұрау, , түсініктерін тыңдау, толықтыру)




  1. Оқушы:Біздің Елтаңба – әлемде сирек кездесетін Елтаңба. Ондағы Шаңырақ- ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынада.Ал уықтар елшілес ел – жұртқа бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді.Ай мүйізді алтын қанатты,қос пырақ: батылдықты, қырағылықты, шапшаңдықты білдіреді. Бес бұрышты жұлдыз: Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін деген асыл арманды арқалап тұр. Оның жобасын белгілі сәулетшілер – Шота Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков жасаған.

  2. Оқушы: Көгілдір түс аясында шаңырағым шарықтап,

Жүйрік пырақ қанатты тұр қанатымен қалықтап,

Сәулесіндей күннің алтын уықтар тұр шаншылып

Қасиетті Елтаңбаға қарап тұрсақ анықтап.

Түп төрімде жұлдызым тұр жаңа жанған бағымдай

Мәңгі бақи тұрса екен өз орнынан алынбай

Ортасында Қазақстан деген жазу жазылған,

Шаттандырып шабыт берген жүрегімнің қанындай.


  1. Оқушы:Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранының сөзін жазғандар – Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Әнінің авторы- Шәмші Қалдаяқов. Әнұран – еліміздің музыкалық поэтикалық эмблемасы, әдеби сазды құжаты. Ол халық жүрегінің лүпілін тұмар ғып түйген музыкалық сәлем хат іспеттес.

  2. Оқушы: Әнұраным: Әйгілісің әуеніңмен әлемге,

Әнұраным пәктігіңді дәлелде.

Қазағыма қайсар шабыт бергендей,

Ұран болып айтыла бер әр елде.

Әрлі әуенің шартарапты шайқайды,

Күштілігін бүкіл халық байқайды.

Шабыт берген әнұранды әрқашан

Маңғаз елім мақтанумен айтады.

Мемлекеттік рәміздердің авторларына шолу жасайық:


  • Мемлекеттік туымыздың авторы кім?

Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков 4-слайд

ҚР Мемлекеттік Туының авторы,Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері,Қазақстан дизайн өнерінің негізін қалаушылардың бірі.1938 жылы 12-қарашада Тараз қаласында дүниеге келген.Ленинград жоғарғы көркем-өнер училищесін бітірген.Алматы қаласының бас суретшісі.



  • Қазақстан дейтін Отан – анамыздың авторы кім?

Жандарбек Мәлібеков 5- слайд

ҚР мемлекеттік Елтаңбасының авторы. Өзбекстанға еңбегі сінген сәулетші. 1942 жылы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының Екпінді ауылында дүниеге келген. Ташкент факултетін бітірген.Ташкент қаласындағы ғылыми –зерттеу жобалау институтының қала құрылысы шеберханасының жетекшісі, жобалар жөніндегі бас сәулетшісі, қазір Астанада тұрады.

Шотаман Ыдырысұлы Уәлиханов 6- слайд

ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы.Қазақстанға еңбегі сіңген сәулетші, Мемлекет сыйлығының иегері, белгілі қоғам қайраткері. 1932 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы Сырымбет ауылында туған. Мәскеу архитектуралық институтын бітірген. Қазақ қала құрылысын жобалау институтының қызметкері.



  • Ал, Әнұранымыз қалай өмірге келді? Авторлары кімдер?

Шәмші Қалдаяқов. 7 - слайд

Есімі елге таныс сазгер, композитор. Иісі қазақтың көкірегінде жыр болып төгіліп, сыр болып өріліп, әндерінің қай-қайсысы да халықпен бірге туғандай біте қайнасып, оның бөлінбейтін бөлшегіне айналып кеткен.Халқының жүрегін осыншалықты сыршыл да кәусар саздың құдіретімен баураған ұлы сазгер есімі ұмытылмайды.Халық жүрегінде мәңгі сақталады.

Жұмекен Нәжімеденов 8 - слайд

1960 жылдардан бері қазақ поэзиясымен прозасына өзінің ұлттық қанық айшықты қолтаңбасын қалдырған дара тұлғалардың бірі.Ол 1935 жылы Атырау облысы Теңіз ауданы Қошалақ ауылында туған. 1959 жылы Қазақтың Құрманғазы атындағы консераториясында оқып жүрген кезінде курстас досы Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әніне сөз жазған.Бұл ән қазақ халқының ұлттық әнұранына айналып, күні бүгінге дейін ұрпақ санасын отаншылдық рухымен жаңғыртып келеді.

9-слайд Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев – достықтың, бірліктің, бауырмалдықтың туын берік ұстап, Қазақстанды әлемге паш етіп отырған ғасыр куәсі болған адам.
IY.Шығармашылық жұмыс: 10 - слайд

1.Тудың суретін салу

2.Рәміздер туралы төрт жол өлең шығару

3.Отан, туған жер туралы мақал – мәтел айту



Y. Білімді тиянақтау 11 -слайд

- Бүгінгі сабақ не туралы болды?

- Сабақ сендерге ұнады ма?

- Рәміздерді атаңдаршы?

- Қыран құс бейнесі қай рәмізде бейнеленген?

- Шаңырақты қай рәмізден көруге болады?

- Әнұран қай кезде айтылады?

- ҚР қандай ел?



YI. Қорыту 12 - слайд

  • Балалар Қазақстан туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты. Еліміздің болашағы сендерсіңдер.Отанды сүюге, қорғауға қашанда дайын болыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет