Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы Жем қалалық №5 орта мектебі Ұстаздарға арналған дене шынықтыру пәні бойынша коучинг



Дата25.08.2017
өлшемі34,8 Kb.
#27760
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы

Жем қалалық №5 орта мектебі

Ұстаздарға арналған дене шынықтыру пәні бойынша коучинг.

Сергіту сәті мен спорттық үзілістің айырмашылықтары, жүргізілу әдістерін оқыту.

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі: Кулумшин Естибай Умурбаевич.

Өткізген: Е.У.Кулумшин.

Фокс группа жетекшісі: К.М.Жумырова.

2016 жыл.

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі: Е.У.Кулумшин.

Ұстаздарға арналған коучинг


Коучингтің тақырыбы:

Сергіту сәті мен спорттық үзілістің айырмашылықтары, жүргізілу әдістерін оқыту.

Психологиялық тренинг:

  1. 16 жаттығу.

  2. Өмір қауіпсіздік ережесін ескеру.

  3. а) Бір – біріне кедергі жасамау.

б) Көрсетілген жаттығуды ретімен орындау.

в) Орындау барысында жаттығуды меңгеру.

г) Мұғалімнің үстіндегі киімді ескере отырып сол киімге қарай лайықты істеу.


Топтарға бөлу:

  1. Дөңгеленіп шеңбер құрып тұру.

  2. Санамақ жүргізу. (1-ден барлық қатысушы саны)

  3. 1,2,3,4 – ке саналу.

  4. Топтарға бөліну.



Жалпы мақсаты:

Салауатты өмір салтын қалыптастыру негіздеріне ықпал ету. Үзіліс уақыттарын тиімді сапалы өткізу. Оқушылардың денсаулығын нығайту барысында ептілік, шаршауды басатын, ойлау қабілеттерін арттыратын жұмыстар жүргізу.


Күтілетін нәтежие:

Ұстаздарға бағыт-бағдар бере отырып, оқушыларға білім беру мен қатар олардың денсаулығына деген көзқарастарын күшейту, үзілістер мен сабақ уақытын тиімді өткізуді жандандыру.

Түйінді идеялар:

Сергіту сәті мен спорттық үзілісті тиімді пайдаланады және ерекшеліктерін ескереді, олар оқу үдерісінен рахат алады.

Миға шабуыл:

Интерактивті тақтада сергіту сәті мен спорттық үзілістің суреттері көрсетіледі, соған орай ұстаздар ойлау жұмыстарын жүргізеді.

Оқыту әдістері:

Суреттерден ойлау арқылы постер қорғау жұмыстары. Әр топ алдына ереже сөйлемі жазылған сөздер қиындыларынан сергіту сәті мен спорттық үзілістің анықтамасын құрастырады. Интерактивті тақтаға толық дұрыс анықтамасы көрсетіледі және ұстаздар өз құраған анықтамаларын түзейді. Т – кестесін постер арқылы қорғау.

Ресурстар:

А-4 парақтары, стикер, интерактивті тақта, презентация, маркер, қалам, доп, шар және шайба бейнеленген сурет қималары.

Сергіту сәті:

  1. Өмір қауіпсіздік негіздері сабағы мен жол қауіпсіздік ережелері сабағын және математика сабағын дене шынықтыру сабағында ұштастыру.

  2. Қол, білек күштерінің қимылдарын реттеу, ептілікке үйрету, шапшандыққа шыңдау және тез ойлану әдісін дамыту.

  3. Логикалық әрі қимыл қозғалысты ойын.

а) Ақ мата үстіне жол картасы сызылған. Жүру жылдамдығы, тоқтау, бұрылу белгілері көресетілген.

б) Мата үстіндегі картаға әр топқа берілген түсті магнит дөңгелекшелерін жүргізу.

в) Топпен жұмыс, уақыт есептеу , жеңімпаз топты анықтау.


Үй тапсырмасы:

1. 1, 2 – топ мүшелері Сергіту сәтіне өз сыни ойлау тұрғыларынан жаттығулар құрастырып келу.

2. 3, 4 – топ мүшелері Спорттық үзіліс кезеңіне шағын тез ойналатын және ойланатын ойындар құрастырып келу.

Информатика кабинетінде компютердің жұмыс парағы бетіне папка ашылады, сол папкаға үй тапсырмасын салуларыңыз сұралады.



Кері байланыс:

1-топ: футбол қақпасына допты соғу.

2-топ: баскетбол себетіне допты салу.

3-топ: хоккей қақпасын шайбаны сырғанату.

4-топ: теннис ракеткасына шарын лақтыру.



Өз ұсынытарыңызбен алған әсерлеріңіз туралы жазып салу.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет