Ақтөбе облысы Темір ауданы №2 Шұбарқұдық қазақ-орыс орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі



бет1/2
Дата02.07.2018
өлшемі116,6 Kb.
#45854
  1   2
Ақтөбе облысы

Темір ауданы

№2 Шұбарқұдық қазақ-орыс орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі



Тумышева Г.Б. 5б-сынып

«Тәуелсіздік – тілегей тәңір сыйы».
 

Мақсаты: Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата - бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау. Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып, білгендерін тереңдету.Өлеңдерді мәнерлеп оқуға,өз шығармашылықтарын шыңдай білуге үйрету.

 Көрнекілігі: шарлар, нақыл сөздер.

Барысы: Әнұран орындалады.

 Ғасырлар жылдар бойы аңсаған тәуелсіздікке еліміздің қол жеткізгеніне биыл 25 жыл болады.



    Жиырма бес жыл: Халқымыздың тарихын түгендеп, жоғалғанымызды тауып, өткенімізді жандандырып, елімізде талай қиындықтар  мен қуаныштар болғаны  белгілі.

Тәуелсіздік – тәңірдің сыйы. Ол оңайлықпен келген жоқ бізге. Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде егемендік пен елдіктің береке мен бірліктің, ынтымақтың туын жоғары көтере білдік. Ендігі мақсат – Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтап, басқа қонған бақытты бағалай білу.


Азаттық ұранның ұрпағына ұлағат еткен бабалар үрдісінің жалғасы, тарих атты қарт шежіренің қойнауына алтын әріптермен жазылған күн, егемен еліміздің ең ұлық, ең қастерлі мерекесі- Тәуелсіздік құтты болсын!

Еліміздің тәуелсіздік шежіресіне тоқтайық.
1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сайланды.

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялады.

1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңесі мемлекеттік рәміздері қабылданды.

1992 жылы қазан айында тұңғыш қазақ ғарышкері Т.Әубәкіров ғарышқа самғады.


1993 жылы 15 қазанда ұлттық валюта – төл теңгеміз дүниеге келді, ол өмірдегі елеулі жаңалық, айтулы оқиға болды.
1995 жылы 30 – тамызда Ата заң қабылданды. Заң 2001 жылдың 5 қыркүйегінде күшіне енді. Сөйтіп, жаңа Конституциямен еліміздің жаңа тарихы бастау алды.
1997 жыл Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болып белгіленді.
1998 жылы Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы болды.
1999 жылы Ұрпақтар бірлігімен сабақтастығы жылы болып белгіленеді.


«Жырласа, жастар жырласын» жыр мүшәйрасы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет