І Химиялық есептерді шығарудың жалпы әдістемелік талаптары
Химиядан есеп шығару, жаттығу орындауда химиялық ұғымдар қайталанып, алынған білімдер тереңдей түседі, оқушылардың ой – өрісі дамиды, бұл орайда оларды өз бетімен жұмыс істеуге итермелейді.Есеп шығару арқылы оқушылар еңбекке үйренеді, жауапкершілік артады, мақсатқа жету үшін табандылық пайда болады. Есеп шығаруда пәнаралық байланыста іске асады, ғылым мен білімнің өмірдің байланысын ұштастырады. Табиғаттың тұтастығы туралы көзқарас қалыптасады. Есеп шығаруда оқушылардың ой әрекеті мен іс әрекеті дамиды.Олар ойға тоқу, дәлелдеу, талдау сияқты ойлау элементтерін үйренеді. Игерген білімдерін болашақта мамандық таңдауда пайдалануға бейімделеді.
Оқушылар қабілетіне қарай мемлекеттік стандартқа сәйкес сапалы білім алады.
Мектеп курсында химиялық есептер негізгі 2 топқа бөлінеді:
сандық есептер
сапалық және сынақ – тәжірибелік (эксперименттік) есептер.
Сандық есептерді 3 – ке топтастыруға болады:
Химиялық формула бойынша есептер шығару;
Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептер шығару;
Ерітіндіге байланысты есептер шығару;
Әр топтың есептерінің бірнеше түрлері болады.
Бірінші топқа 15 түрлі есеп кіреді:
Қосылыстың салыстырмалы молекулалық массасын анықтау;
Күрделі заттың формуласы бойынша ондағы элементтер массаларының қатынастарын есептеу;
Қосылыстардағы элеметтердің массалық үлесін анықтау;
Белгілі заттың массасынан элементтің массасын анықтау;
Элементтің массасы арқылы заттың массасын табу;
Салыстырмалы тығыздық арқылы газдардың молекулалық формуласын табу;
Газдардың салыстырмалы тығыздығын есептеу;
Заттың белгілі мөлшері бойынша массасын табу;
Заттың белгілі массасына сәйкес зат мөлшерін есептеу;
Қосылыстағы элементтердің массалық үлесі бойынша заттың қарапайым формуласын табу;
Газдардың тығыздығы мен элементтердің массалық үлесі бойынша заттардың молекулалық формуласын анықтау;
Газ тәрізді заттың мөлшері бойынша қалыпты жағдайда алатын көлемін есептеу;
Газ тәрізді заттың массасы боынша қалыпты жағдайда алатын көлемін есептеу;
14.Жану өнімдерінің массалары мен көлемдері, олардың буларынан салыстырмалы тығыздықтары бойынша заттың молекулалық формуласын табу;
15.Газ тәрізді заттың қалыпты жағдайдағы көлемі бойынша массасын есептеу;
2
Сандық есептерді С.Г. Шаповаленко бойынша мынадай (7)типтерге бөлуге болады:
1 – Моль ұғымы бойынша есептер шығару;
2 – Элементтердің массаларының арақатынасы мен химиялық формула арқылы есептеу;
3 – Зат құрамындағы элементтердің массаларын формуласы арқылы есептеу;
4 – Салыстырмалық тығыздыққа байланысты және газдың көлемі арқылы салыстырмалы молекулалық массасын анықтау
5 – Химиялық теңдеулер арқылы есептеу;
6 – Ертінділерге арналған есептер;
7 – Қарапайым молекулалық формула құрастыру:
Ю.В.Плетнер,В.С.Полосин бойынша сандық есептер 8 типке бөлінеді.
1- Формула арқылы есептеу
2-Ертіндіге байланысты есептер
3-Реакцияға қатысқан газдардың көлемдік қатынасын анықтауға байланысты есептеулер
4-Заттың салыстырмалы молекулалық массасын табуға байланысты есептер
5-Реакция өнімінің шығымына байланысты есептер
6-Реакцияға қатысқан заттың біреуі артық мөлшерде алынған жағдайда заттың сандық мөлшерін анықтауға байланысты есептер
7- Қоспаға байланысты есептер
8-Реакцияға қатысқан газтәрізді заттардың сандық мөлшерін анықтауға байланысты есептер
Сапалық есептер де бірнеше типтерге бөлінеді.
Заттарды алу әдістері
Заттың сапалық құрамын анықтау әдістері
Химиялық заттарды бір-бірінен ажырата білу
Химиялық құбылыстарды бақылау және түсіндіру
Заттарды жеке кластарға жатқыза білу
Берілген мөлшердегі ерітінділерді дайындау
Берілген заттарды қоспаның бар екендігін анықтау және затты қоспадан тазарту
II Химиялық есеп бөлімдері
Есептің мазмұны,яғни химиялық бөлімі және математикалық,яғни есептеу бөлімі болады.Есеп шығарғанда оқушылар есептің химиялық бөліміне көңіл бөлмей бірден математикалық есептеу жағына көңіл бөледі,сондықтан есептер жаттанды шығарылады. Оқушыларға заттардың сандық құрамымен қоса сапалық құрамы болатынын ескеру керек.
Мысалы: Мына қосылыстардың
5H2O, O2 , 2Cu, H2SO4, 3NaOH, CaCO3
сандық,сапалық құрамын анықтаңдар.
Шешуі: Сандық құрамы 5H2O
5 молекула су
Қандай элементтен құралған (H, O)
Заттың типі ( күрделі)
Қосылыс түрі (оксид)
3
Сапалық құрамы:
1.Салыстырмалы молекулалық массасы Mr(H2O)=18
2.Молярлық массасы М(H2O) =18г/моль
3.Зат мөлшері V(H2O)=5моль
4.Зат массасы m=M×V m=18г/×моль×5моль=90г
5.Элементтердің массалық үлестері (W)
W(H)= ×100% =11% W(O)= ×100%=89%
6.Элементтердің массалық қатынасы
m(H)/m(O)=2/16=1/8
Есеп шығарғанда ең бірінші есептің химиялық мазмұнына мән беру керек,содан кейін есептің есептеу бөліміне ауысу қажет.
III. Химиялық есепті талдау
Есепті шығарарда оны мұқият оқып және есепте химиялық процесс туралы айтыла ма немесе тек қана зат туралы айтыла ма соны анықтап алу керек.Химиялық процесс болса реакция теңдеуі,ал зат туралы болса химиялық формуласы жазылады.
Есепті талдау арқылы оқушылардың ойлау іс-әрекеттері дамиды.
Есепті талдаудың 2 жолы бар:
А) есептің мазмұнын сұраққа қарай,яғни белгілі өлшемнен белгісіз өлшемге қарай талдау.Бұл талдаудың синтездік әдісі.
Б) ізделініп отырған шамадан белгілі шамаға қарай талдау-аналитикалық әдіс
Синтездік әдісте не берілді,оны қандай өлшеммен анықтауға болады,соңында нені анықтау керек,белгісіз өлшемді анықтау үшін мәліметтер жеткілікті ме,қандай қосымша анықтамалар керек,оны қалай анықтауға болады, міне осыларға мән беріледі. Есеп № 1
1кг 17% аммиак ертіндісін алу үшін аммоний хлоридімен сөндірілген әктің қандай массасын әрекеттестіруге болады?
Синтездік әдіс: Есеп мазмұнынан білетініміз: аммиактың массасы, проценттік мөлшері, сөндірілген әк массасын табу.
Берілгені W =
m (NH3) – 1к m (ер.зат) = W× m(ерітінді)
W (NH3) – 17 m (ер.зат) = 0,17 × 1000г=170г
т/к m Ca (OH)2 2NH4Cl + Ca (OH)2 = CaCl2+2NH3 + 2H2O
4
Mr (Ca(OH)2=40+(16+1)×2=74
M (Ca(OH)2=74 г\моль
mCa(OH)2=74г/моль ×1моль =74г
Mr (NH3) =14+(1×3) =17
M(NH3) =17г/ моль
m (NH3) =17г/моль×2моль =34 г
= х= =370г
Жауабы: m (Ca (OH)2) =370г
Егер оқушыға белгілі өлшеммен белгісіз өлшем арасындағы байланыс түсініксіз болса , онда есептің зерттеудің аналитикалық әдісіне көшу керек. Бұл кезде белгісіз өлшемге көңіл аударады, оны қалай анықтау керек, яғни бұл үшін қандай теориялық ілім, заңдылық керек. Бұл сұрақты шешкеннен кейін , белгісіз өлшеммен белгілі өлшем арасындағы тура және жанама байланыстарды анықтайды.
1.Есептің шарты бойынша Ca (OH)2 массасын анықтау керек болса, реакция теңдеуі бойынша қорытынды жасайды,яғни реакцияға 2 мольNH4Cl мен 1 моль Ca (OH)2 әрекеттесіп 1 моль CaCl2 мен 2моль NH3 және 2 моль H2Oтүзеледі.
2 Ca (OH)2 массасынтабу үшін реакцияға қатысқан заттардың төртеуінің біреуінің массасын анықтауға болады, ондай зат аммиак.Оның массасын формула бойынша анықтауға болады. Олай болса Ca (OH)2 массасын аммиактың массасымен салыстыра отырып, анықталады.
Есеп №2
Құрамы 80 магнитті темірден тұратын әрбір тонна темір рудасынан құрамында 95 темір бар 570 кг шойын алуға болады.
Теориямен салыстырғанда шыққан темірдің массалық үлесінің шғымын анықтаңдар.
Аналитикалық әдіс:
Берілгені Шойындағы темірдің практикалық массасын табу
m (руда) =1m m(Fe) = 570кг × 0,95 = 541,5кг
m ( шойын) =570 кг 1 тонна рудадағы Fe3O4 массасын табу
W ( Fe) = 0,95 m (Fe3O4) =0,8×1000кг=800кг
W ( Fe3O4) =0,8 Fe3O4 құрамындағы темірдің теориялық массасын табу.
т/к (Fe) - ? 800кг Fe3O4 ———Х кг
232кг Fe3O3 ——— 168 кг
х= =579
(Fe) = = = 0,94×100%=94%
5
Достарыңызбен бөлісу: |